Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Солтүстікке барып, америкалық университетте оқыңыз!

26.07.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
235
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Петропавлдағы Аризона университетінің филиалы қыркүйек айында алғашқы студенттерді қабылдайды. Бұл сүйінші хабарды АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен білім саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын талқылаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Джуди Куоның пікірінше, америкалық университет филиалының ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жарқын мысалы бола алады. Сондай-ақ, «Фулбрайт бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асырылуын талқылау үшін Қазақстан мен АҚШ өкілдерін қамтитын жұмыс тобын құруды ұсынамыз», – деді Джуди Куо.

Ғылым және жоғары білім министрлігі  баспасөз қызметі таратқан хабарламада“ Фулбрайт бағдарламасы 1946 жылы Америка халқы мен дүние жүзіндегі адамдар арасында өзара түсіністікке жәрдемдесу үшін құрылған. Ол мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға, студенттермен алмасу бағдарламасына, жоғары сынып оқушыларының жаратылыстану, инженерия және математикаға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ студент жастар арасында әйел көшбасшылығын дамытуға бағытталған”- делінген.

Бұған дейін 136 жылдық тарихы бар, «Карнеги классификациясы» бойынша университет R1 санатына жататын, яғни зерттеу қызметінің жоғары деңгейіндегі Аризона университетінің солтүстік өңірде филиалын ашуға қатысты жалған мәлімдемелер тарап, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас болды. БҒМ өкілдері де, Аризона университетінің түлектері де мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды. Бұл жайында  Stopfake.kz сайты егжей-тегжейлі жазып, нақты ақпарат ұсынды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Аризона университетінің филиалын ашу бізге не әкеледі?

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында Аризона университеті филиалының ашылуы біздің еліміз үшін үлкен жаңалық. Себебі, Американың жоғары оқу орнында оқу – әрбір жастың арманы. Елімізге келіп, екі оқу орнының дипломын алуға және оқуды Америкада жалғастыруға мүмкіндік беретін бұл керемет жоба. Жастар екі елдің дипломын алады. Оқуының бір семестрін Америкада оқиды. Ел аралап, жер көреді.

Озық технологиямен танысады.

Сонымен қатар орысы басым солтүстік өңірге білім іздеген қазақ жастары ағылып, аймақтың қазақылануына өзіндік үлесін қосады. Шегаралас өңірде білімге, ғылымға құмар жастардың жақсы ортасы қалыптасып, ғылым дамиды. Жоғары білім жүйесіне әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер енгізуге мүмкіндік береді. Отандық оқу орындары арасындағы бәсекелестік артады.

«Біз жастардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, жоғары оқу орындарында тиімді ғылыми орта құруымыз керек. Бұл үшін біз озық әлемдік тәжірибені енгізуге дайынбыз», – деді Саясат Нұрбек кездесуде.

Петропавлда ашылып отырған әлемдік деңгейдегі ЖОО филиалы елімізде атқарылып жатқан осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі.

Әлемнің ең үздік оқу ордасы елімізге келді. Дүние жүзі жастары білім алуға құштар университетке түсуге талпынып, тіл үйреніп, білім нәрімен сусындайтын сәт туып тұр.

Айнұр МҰРАТОВА

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі  баспасөз қызметі

Қайнар көзі: kazunite.com
Таңбалар: ПетропавлСолтүстік Қазақстан облысы
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Петропавлда Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме өтті
Жаңалықтар

Петропавлда Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме өтті

12.11.2025
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру кімге тиімді?
Сұхбат

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру кімге тиімді?

23.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Халифа Алтай» мешітінде қажыларға арнайы құрмет көрсетілді

«Халифа Алтай» мешітінде қажыларға арнайы құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00