Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ахмад әл-Курди: Албанидың пейілі дұрыс болғанымен, пікірі қатерлі

08.06.2022
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
476
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кувейт Ислам құқығы энциклопедиясының маманы, шариғат ғылымдарының докторы, профессор Ахмад қажы әл-Курдидің Насруддин Албани туралы пікірі

– Насруддин Албаниды мен өте жақсы танитын едім. Ол Албанияның тумасы, ал албандықтар негізінен ханафилер екені белгілі. Оның әкесі танымал ханафи ғалымы болатын. Ханафи мәзһабын қатты ұстанатын.

Насруддин ер жеткен кезде кейбір мәселелерде мәзһабтық ұстанымдардың шегінен шыққысы келді. Бұл оның әкесінің ашуын тудырғандықтан, Насруддин Албанияны тастап, Алеппоға қоныс аударды. Ол кезде жас жігіт сағат жөндейтін шебер еді, фиқһ істерімен де, хадиспен де шұғылданған жоқ.

Ол тек сағат жөндейтін. Кейін келе хадис іліміне қызығушылығы ауып, көпшілік кітапханаларға барып, хадис кітаптарын оқып жүрді. Бұхариды, Мүслімді, Тирмизиді, Әбу Дәуітті оқыды. Мұның бәрін ол ешқандай діни құқықтық базасыз өз бетінше оқитын. Албанидың медресе бітірді деген арнайы білімі де, оған сол ілімді үйреткен ұстазы да болмады. Оның білімі осылайша қалыптасты. Кейін келе ол кейбір хадистерді сенімді (сахих), кейірін әлсіз (даиф) деп пікір айта бастады. Оның бұл ісі Алеппо тұрғындарына ұнамай, Дамаскіге көшті. Бұл қалада ол захириттік кітапханаға жақын жерде тұратын, менің де үйім сол маңға таяу еді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Бұл кітапханада көптеген құнды қолжазбалар мен кітаптар болды. Ол жер менің ғылыми орталығым болатын, мен сол жерде көп уақытымды өткіздім. Кейде бір кітапты іздегенде кітапханашылар маған оны Насруддин алып кетті деп айтатын. Сол үшін мен кейде оның үйіне барып, әңгімелесіп, кейбір мәселелерді талқылайтынбыз. Біраз уақыт өткеннен кейін ол тағы да шектен тыс пікірлерін айта бастаған соң, онысы Дамаск тұрғындарына ұнамай, Сауд Арабиясына кетуге мәжбүр болды. Ол жақта да көп өтпей саудиялықтарға жақпай, Парсы шығанағы елдерінің біріне қоныс аударды.

Бұл адамның пейілі ақ болғанымен, ғылыми деңгейі шектеулі еді. Құрметті доктор Абдул-Фаттах айтқандай, біз оны хадисші деп есептесек те, хадисші дегеніміз – фармацевт, ал фармацевт қажетті дәріні жазып бере алмайды. Бір дәрі біреуді емдесе, екінші адамға зиян тигізуі мүмкін. Немесе үлкен адамға пайдалы, ал балаға зиянды болуы ғажап емес.

Ал Албанидың хадис іліміндегі деңгейіне келсек, ол ілімді хадистанушылардан емес, өз бетінше алғанын айтуымыз керек. Жоғарыда айтып өткендей, ол мүлдем құқықтанушы (фиқһ) болған емес, соған қарамастан көптеген фиқһшылардың пікіріне қарама-қайшы пікір айтып, бір қаладан екінші қалаға кетуге мәжбүр болып жүрді. Сондықтан оның пейілі жақсы болғанымен, пікірі қатерлі еді. Сол себепті көптеген ғалымдар оның талпынысы мен адалдығына құрметпен қараса да, айтқан пікірлерін қабыл етпейді.

Таңбалар: ваххабизмсалафизм
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни радикализмнің алғашқы белгілері қандай?
Сұрақ-жауап

Діни радикализмнің алғашқы белгілері қандай?

04.11.2025
Діни радикализмнің қоғамға әсері қандай?
Жаңалықтар

Діни радикализмнің қоғамға әсері қандай?

14.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ақындардың палуаны – Әселхан

Ақындардың палуаны – Әселхан

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00