Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адаспаудың алғышарты – мәзһабта

01.06.2022
- Ислам
0
332
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ баласы анасының құрсағында жатқан сәттен бастап мұсылман. Дінді ұстану оңай болып көрінгенімен ішіне бойласаңыз түпсіз тұңғиық. Байқамасаң, туысыңды жат көріп, қоғамнан теріс айналасың. Тіпті, қолыңа қару алып, Сириядан бір-ақ шығуың мүмкін. Ал, осындай қауіп-қатерден сақтап, соқпағы сан алуан әлемде адастырмайтын мәзһәбтар бар. Мәзһаб деген не? Ол қайдан пайда болды? Негізін қалаушылар кімдер?

«Қазір мұсылман дінін әркім өз қалауынша ұстанатын болды. Қазақтың салт-дәстүріне икемделген Ханафи мәзһабы қайда?» деген сұрақты жиі естиміз. Осы себепті, зерделеп көрмекке бекіндік. Кейде, қарапайым сұраққа жауап таппай қиналамыз. Дінтанушы болмағандықтан, діни терминдерден қашып, түсінікті тілмен қаузап көрелік.

Мәзһаб – жол, бағыт, мектеп дегенді білдіреді. Шариғаттағы терминдік мағынасы «Құранды, сүннетті, шариғат үкімдерін жеңілдетіп, толықтырып беретін жол». Яғни, мәзһаб – мұсылмандар ұстанатын дұрыс жол, нақты бағыт.

Алланың елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хақ жолын бізге өзгеріссіз, кемшiлiксiз жеткізген атақты төрт ғалым бар. Олар – Имам Ағзам Әбу Ханифа Нуғман бин Сабит, Имам Малик бин Әнас, Имам Мухаммед бин Идрис Шафиғи және Имам Ахмед бин Ханбал. Бүгінде ислам дінін ұстанып, осы төртеуі негізін қалаған төрт мәзһабтың біріне арқа сүйемегендердің хақ жолынан адасып жатқанына куәміз.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Ханбали, Шафиғи, Малики және Ханафи деп төрт мәзһабты атап көрсетуге болады. Кез келген мұсылман осының бірін ұстанып, өмір сүруі қажет. Әйтпесе, адасасыз.

– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сахабаларым жұлдыздар сияқты, қайсыбіреуіне ерсеңдер адаспайсыңдар» деген. Яғни, сахабалардан Әбу Ханифа (р.а) сабақ алған. Осыдан-ақ, Ханафи мәзһабы тура жолда екенін түсінуге болады. Сахабалардан сабақ алғандар табиғиндер болып есептеледі. Әбу Ханифа табиғинге жатады. Ал, табиғиндерді көргендерді тәбатабиғиндер дейді. Имам Малик табиғиндерден, ал, Имам Шафиғи болса, Әбу Ханифаның Мұхаммед деген шәкіртінен сабақ алған. Кей риуаяттарда Имам Шафиғидың өзінен Имам Ханбали сабақ алған делінеді.

Қарасақ, төрт мәзһабтың негізін қалаған төрт ғұлама бір-біріне байланысты. Негізі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) барып тіреледі. Сондықтан осы төрт мәзхаб та тура жолда. Жалпылама, «сүннет иелері, жамағат иелері» деп те атайды төрт мәзһабты. Тек, біреуін ұстанған жөн, өйткені, төртеуінде Құранды ұстануда айырмашылық бар. Төртеуінің біреуін ұстану – тікелей, Құранды, сүннетті ұстанғанмен бірдей, – дейді Бала қажы мешітінің наиб имамы Нұржан Қалмағамбетов.

Әбу Ханифа мәзһабы бойынша дәрет алудың төрт парызы бар. Бұл Құран Кәрімдегі Алла Тағаланың: «Ей, иман келтіргендер! Егер сендер дәрет алатын болсаңдар, беттеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуып, бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарынды жуындар!» деп бұйырғанына негізделіп, парыз етілген.

Ал, Имам Шафиғи мәзһабында дәрет алудың парызы алтау. Онда жоғарыдағы төртеуінен бөлек ниет пен тәртіп енгізілген. Осы секілді намаздың да оқылуы төрт мәзһабта төрт түрлі.

Алла Тағаланың Құран Кәрімде «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» («Нахл» сүресі, 43 аят) дегенін есте сақтасақ та, мәзһабтың өте қажет екенін аңғарамыз.

Ғалымдардың айтуынша, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың заманында мәзһаб болмаған. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабалардың кез келген сұрағына өзі жауап берген. Бұдан бөлек, оған уахи түсіп тұрған. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір мәселеге пәтуа (шешім шығару) бергенде ортасын немесе жеңіл жағын ұстаныпты. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейін сахабалардың заманында да мәзһаб болған жоқ. Өйткені, олар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың көзін көргендер. Кейін сахабалардың көзін көрген табиғиндердің заманында мәзһаб қалыптаса бастады. Себебі, бәзбіреулер орынсыз пәтуа шығарып, дінді жеңілдеткісі келіп, жалған хадистер тарала бастады. Сондықтан оларға тосқауыл ретінде мәзһабтар пайда болып, адаспайтын жол нұсқаған. Ханафи мәзһабының имамы Әбу Ханифа да осы кезеңде өмір сүрген табиғиндер буынынан.

Ғалымдар төрт мәзһабтың арасындағы ең абзалы Ханафи мәзһабы екенін алға тартады. Себебі, мұнда бәрі адамға ыңғайлы түрде жеңілдетілген және табиғаттың төрт мезгілінде де ұстануға аса қиындық туғызбайды екен.

Қазіргі дін ілімі таяз болған, аумалы-төкпелі заманда бір ғалымның үкіміне жүгіну – әрбір мұсылман үшін темірқазық іспеттес бағыт-бағдар берер тура жол.

Ханафи мәзһабында Құран Кәрім – исламның қайнар көзі. Қазақ халқы өз салт-дәстүрі мен дүниетанымына ыңғайлы деп Ханафи мәзһабын таңдаған, әлі күнге ұстанады.

Язид ибн Һарун: «Мен мыңнан аса ілім иесімен жолығып, олардың көбісінен хадис жазып алдым, алайда олардың арасында фиқһ ілімін терең меңгерген, тақуалығы ең басым және ілімі асқан бес кісіден артық ғұламаны көрмедім. Осы бес ғұламаның ең алғашқысы имам Әбу Ханифа еді» деген. Фиқһ – шариғат талаптарын дұрыс орындауды қадағалайтын сала.

Ғалымдар – пайғамбардан қалған дінді дұрыс үйретушілер. Сондықтан қарапайым мұсылмандар ғалымның соңынан ілесуі қажет.

Мәселен, заңгерлер көне рим және грек заңдарын үйренсе, әскерилер де байырғы заман қолбасшылардың соғыс тәсілін үйренеді.

– Бүгінде «Мәзһабты ұстанбаймыз!», «Құранмен, суннамен ғана жүреміз» дейтіндер бар. Олардан «физиканы формуласы болмаса, математиканы көбейту кестесі болмаса, сол секілді химияны Менделеевтің кестесі болмаса түсінер ме едіңіз?» деп сұрау керек. Әрине, жоқ.

Исламды да ғалымдарсыз, мәзһабсыз білу, түсіну мүмкін емес. Мысалы, ұшақпен немесе пойызбен жолға шықтыңыз. Намазды қалай оқимыз? Қандай сахих хадисті қолданамыз? Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманында ұшақ, пойыз болмаған. Парызымызды қалай орындаймыз? Мінеки, тығырыққа тірейтін сұрақ осы шығар. Мұндайда еріксіз ғалымдардың пәтуасына тоқталасыз. Әбу Ханифа заманында да осы секілді шешімін таппаған проблемалар көп болған. Ол мәзһаб құру үшін пәтуалар шығармаған. Пәтуалар жинала келе бір мектеп, жол, ақыр соңы мәзһабқа ұласыпты. Дәрет алғанда мойынға мәсіх тарту, намазда аяқтың арақашықтығы қанша болу керек, такбир тахримаға байланысты, қолды қалай байлау, сәждеге қалай бару, намаз біткен соң тасбих тарту мен амандасу секілді амалдардың бәріне мәзһәб жауап береді, – дейді дінді ұстанушы қала тұрғыны Руслан Қалиев.

Жалпы, парыз намаздардан кейін зікір айтып, дұға жасау – сүннет. Алла елшісінің (с.а.с.) бұған қатысты сахих хадистері жеткілікті. Намаздан кейін зікір тартып, дұға тілеу – Алла елшісінің (с.а.с.) маңызды сүннеті. Ал, оның дәл намаздың парызынан кейін немесе соңғы сүннеттен соң жасалатындығына байланысты мәзһаб ғұламалары арасында екі түрлі көзқарас бар. Алла елшісінің (с.а.с.) зікір мен дұға жасауды білдірген кейбір хадистеріндегі «парыз намаздан кейін» деген сөзді негізге алған ханафиден өзге мәзһабтарда зікір мен дұға парыз намаздан кейін дереу жасалады.

Сонымен қатар ханафи ғалымдары ізгі амалдардың соңынан жасалатын дұға-тілектерің қабыл болуға жақынырақтығын ескере отырып, парыз намазды соңғы сүннетімен бірге орындағаннан кейін барып қана дұға-тілектің жасалғанын құп көрген. Себебі, парыз бен соңғы сүннет қоса атқарылғанда олардың ізгі амалдығы арта түседі.

Байқағанымыздай, зікір мен дұғаны намаздың соңғы сүннетінен кейін жасаудың ханафи мәзһабында қуатты дәлелі бар.

Бұдан бөлек, намаз аяқталған соң намазхандар амандасып жатса, сәләфилер осы іске де қарсылық білдіреді. Намаздан кейін амандасуға шариғатымызда кесімді түрде тыйым салынбаған. Жалпы мұсылмандардың амандасуы – Алла Тағаланың ризашылығына, кешіріміне апаратын амалдардың бірі. Оған дәлел, пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер екі мұсылман кездесіп, қол алысып амандасса, Аллаға мақтау айтып, кешірім тілесе, Алла ол екеуіне кешірім етеді», – деген.

Ендеше, мешіт жамағатының арасында бүлік тудырып, іріткі шығармаған жөн. Өйткені мұсылмандардың бір-бірімен қол алысып амандасуы өзара бауырмашылықтарын арттырады.

Бізге ең керегі – ауызбіршілік. Ауызбіршілігі болмаған елде береке болмайды. Өсіп, өркендемейді. Мәзһабты мойындамау бөлінуге алып барады. Ал, бөлінгенді бөрі жейтіні тағы белгілі…

Жәлел ШАЛҚАР,

Қарағанды қаласы

Таңбалар: әбу ханифамәзһабханафи мәзһабы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Шынайы бол…

25.11.2025
Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері
Ислам

Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері

15.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ғашықтық пен жындылық

Ғашықтық пен жындылық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00