Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам – ынтымақ діні

13.05.2022
- Ислам
0
258
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – ынтымақ пен бейбітшілік діні. Оны «бүлікке, жанжалға, экстремизмге шақыратын дін» деу үлкен қателік. Себебі Ислам адамзатқа тыныштық, бірлік, ынтымақ қалыптастырушы ақиқи дін деп есептеледі. Өзімшілдікке, біреуді кемсітуге, зиян келтіруге жол бермейтін ислам діні үшін «татулық пен ынтымақ» ұғымы басты құндылық.

Алайда мемлекетіміз өз алдына жеке ел болып, тәуелсіздігімізді жариялаған кезеңде, экономикалық-қаржылық, әлеуметтік проблемалармен қатар түрлі деструктивті діни ағымдар мен бағыттар да енген еді. Көп адамдар сол тұста теріс жолға түсіп кеткен болатын. Сондықтан өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдалану арқылы, өзгелерді жат ағымдар ықпалынан сақтап, қорғап отыру қажеттілігі туындап отыр. Ол үшін мемлекет және қоғам болып жұмыла күресуіміз қажет. Жастардың бойында ұлтжандылық сезімінің терең сіңуі, қоғамдағы зайырлылық қағидаларының нығаюы, ұлттық құндылықтарымыздың берік сақталуы және дамуына баса көңіл аударуымыз маңызды. Ел мен жердің, ұрпақтың болашағы барша мұсылман қауымына ортақ мүдде.

Діннің атын жамылған топтардың әрекеті ғаламдық деңгейдегі түйткілді мәселе екені айқын. Бұл ретте, қоғамдық-әлеуметтік ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту, конфессияаралық және ұлтаралық ынтымақтастықты, татулықты сақтау барлық адамзат үшін маңызды. Өткен ғасырда сол кезеңнің қиын-қыстау шағын бастан кешірген қоғамымыз ұлттық болмысынан, өз ерекшелігінен айырыла жаздады. Өз мәдениетінің іргетасын, оның негізгі тұғырын танымаған азаматтарымыз басқа идеологиялардың жетегінде кетіп, адасуға ұшырап, шалыс қадам басқандар да аз болмады. Дегенмен, «кемедегінің жаны бір» демекші, қоғамдағы барлық адамның татулығы, ауызбіршілігі – елдегі бірлік пен тұрақтылықтың басты кепілі екендігі айдан анық. Қазір еліміздегі ұлтаралық, конфессияаралық татулық, ауызбіршілік ұлттық құндылығымыздың асыл мұраттарымен сәйкес келеді.

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет». Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Ұлтаралық келісім мен берекеге бастар бірліктің арқасында экономикамыз дамуда.

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Ашығудың хикметі

05.03.2026

Дана халқымыздың «Еркіндік қайда болса, елдік сонда, бірлік қайда болса, ерлік сонда» деген аталы сөзі бар. Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болса, еліміз тарих төрінен табылары сөзсіз.

Бүгінде біз – әлем мойындаған, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрі бар елміз. Келісім жоқ жерде бірлік жоқ. Ал бірлік болмаса, тірлік те жоқ. Қазақстанда дінаралық, ұлтаралық келісім ең жақсы үлгіде жүргізілуде. Сондықтан әлем елдері мемлекетімізден үлгі алуда, біз бұған қуанамыз. Бейбіт қоғамды одан әрі дамыту жолында жұмыла жұмыс жасау әрбір отандасымыз үшін маңызды. Оны санамызға серік етіп, жүрегімізбен ұғынуымыз керек.

Қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділіктің арқасында елімізде сан түрлі ұлыстар бір шаңырақтың астында тату-тәтті тіршілік етіп келеді. Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиеттер мұсылманшылықтың саф бұлағынан нәр алған ата-бабаларымыздан дарыған.

Тұрақтылық негізі – татулық. Ал татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа, келісімге жетелейтінін ұмытпағанымыз абзал.

Шоқан АЙДАРОВ,

дінтанушы

Таңбалар: бірлікдінаралық татулықисламконфессияаралық келісімынтымақ
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі
Сұхбат

Исатай БЕРДАЛИЕВ: Діни құндылықтар – бейбітшіліктің тірегі

11.03.2026
Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түркістанның соңғы мүфтиі

Түркістанның соңғы мүфтиі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120897 бөлісті
    Бөлісу 48359 Твитерге 30224
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00