Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас мүфти: Бұл – Қазақстан үшін маңызды әрі тарихи іс-шара

27.05.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
545
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 

Алла қаласа, алдағы 5 маусым күні елімізде аса маңызды іс-шара өтеді. Бұл күні Конституциямызға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдум болады. Бұл жолғы референдум Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстандағы өте маңызды әрі тарихи іс-шара болмақ. Әрбір елдің тарихында шешуші бір кезеңдер, маңызды қадамдар болады. Біздің тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесінде осындай кезең туып тұр. Референдумға қатысуымыз – бұл болашаққа жасалған дұрыс таңдау, келешек ұрпақтың игілігі жолындағы іргелі іс деп білемін.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге келді деп айтсақ артық болмайды. Жаңа Қазақстан, яғни Екінші Республика – шын мәніндегі демократиялық қоғам деген сөз. Президенттік жүйе сақталғанымен, Парламенттің рөлі және ықпалы едәуір күшейтіледі. Халқымыздың үні және пікірі анық естілетін болады. Мен Президент ретінде осы құқықтық реформадан ешқандай артықшылыққа я жеңілдікке ие болмаймын. Мақсатым – бүкіл қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру», – деген болатын. Олай болса, жалпыхалықтық референдум бізді демократиялық қоғамға бастайтын жаңа жол деп білеміз.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында:

إِنَّ اللَّـهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا مَا بِأَنفُسِهِمْۗ

«Қайсыбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді», – делінген. Конституциямызға жасалып жатқан оң өзгерістер – жаңа бетбұрыстың бастауы. Президентіміз қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақ сыйлау жолында бар күш-жігерін сарп етіп келеді. Енді міне, жұртшылықтың талабын орындап, халық үніне құлақ асатын «еститін мемлекет» қалыптастырып жатыр. Елдің болашағына, келешек тағдырына қатысты өзгерістер осылай, яғни халықтың тікелей қатысуы арқылы шешіледі. Мемлекет басшысының халықтың пікіріне құлақ асып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін референдум жариялауын дер кезінде қолға алынған қажетті бастама деп түсінеміз.

5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум кезінде еліміздің негізгі заңы – Конституциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жаңа конституциялық реформа бүкілхалықтық дауысқа салынады. Бұл дегеніміз – біздің қоғам болып үнімізді айтуға берілген мүмкіндік. Ендеше жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы Сіздің де бастамаларыңыз референдумда көтерілуі тиіс. Бұл ретте ел халқының белсенді болуы маңызды.

Жаңа конституциялық реформада Президенттің өкілеттіктерін кезең-кезеңмен қысқарту, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің кандидаттарын келісу, әкім қызметіне кандидаттарды облыстық мәслихаттар депутаттарының қарауына ұсыну, аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесін енгізу, суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті көшу т.б мәселелер қарастырылады.

Мұндай өзгерістердің бәрі де биліктің бұқараның пікірін ескеруі, халықпен бірлескен жұмыс тәсіліне көшуі нәтижесінде іске асқалы тұр. Билік пен халық бір-бірін толықтырып, ықпалдасып жұмыс істеген кезде ғана ісіміз алға басады.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, халықтың қатысуымен, бұқараның бастауымен шешілетін референдум аясында жасалатын тың реформалар еліміздің әрбір азаматына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Тарихи сәтте таңдауымызды жасап, шешуші кезеңде көппен бірге болуға шақырамын.

Не арқылы: muftyat.kz
Таңбалар: Бас мүфтиРеферендум
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Референдум: Exit-poll нәтижелері жарияланды
Жаңалықтар

Референдум: Exit-poll нәтижелері жарияланды

07.10.2024
Президент: АЭС салуға қатысты референдум 6 қазанда өтеді
Жаңалықтар

Президент: АЭС салуға қатысты референдум 6 қазанда өтеді

02.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қоғам жаңғыруындағы әйел-ананың рөлі

Қоғам жаңғыруындағы әйел-ананың рөлі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00