Сәрсенбі, 9 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қадір түнін күтсек, 1000 ай құлшылық жасамай-ақ қоюға бола ма?

26.04.2022
- Ислам, Сұрақ-жауап, Таңдаулы
0
597
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде кейбіреулер, «Құранда қадір түнін құлшылықпен өткізген адамға 83 жылдың немесе 1000 айдан артық уақыттың сауабы жазылады делініпті. Сол бір түнді жақсылап өткізсек, одан кейін құлшылық етпей-ақ қойсақ бола ма?» деген қате түсінікке ұрынып жатады.

Әрине, бұл дінді дұрыс түсінбеуден немесе діндегі міндетті (парызды) мойнына алғысы келмеуден туындап отырған жағдай. Өйткені, діндегі бес парыздың үкімі көптеген аят, хадистер негізінде нақты бекітілген. Ал, Қадір түнін құлшылықпен өткізудің үкімі – мүстахаб.

Жақсы ниетпен Қадір түнін күзеткен адам Алланың қалауымен мол сауапқа бөленеді. Қадір түнін күзетпеген адам күнәһар болмайды. Яғни, Қадір түнін күзеткен кісіге мың айдың сауабы беріледі деу, мың айлық парыз құлшылығын орындамай-ақ қойса болады дегенді білдірмейді.

Қасиетті Құранда: «Қадір түні мың айдан да қадірлі» («Қадір» сүресі, 3-аят) делінсе, Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Рамазан айында мың айдан қайырлы болған бір түн бар. Кімде-кімде сол түннің жақсылығынан мақұрым қалса, көп нәрседен мақұрым қалғаны» (Ибн Мәжжа) делінеді. Бұл аят-хадистерді ғалымдардың көзқарасы негізінде қысқаша түсіндіре кетер болсақ, танымал тәпсірші ғалым М.Хамди Язар: «Аят, хадистерде келген Қадір түнінің мың айдан артықтығы жайлы сүйінші хабарларды Ибн Жәрир айтқандай, «қадір түні жасалған құлшылық қадір түні болмаған мың айдан артық» деп түсіну керек. Мұның өзі соңғы пайғамбарға және оның үмметіне көрсетілген мол кеңшілігі»[1], – дейді. Яғни, Қадір түні нәсіп болмаған бұрынғы үмметтердің мың айғы уақытынан Қадір түнгі құлшылықтың сауабы артық деген мағынаға келеді.

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

08.07.2025
Ана сүті туралы хикая

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025

Әрбір мұсылман Рамазан оразасын ұстап, қадір-хәлінше қадір түнін сауапты етіп өткізуге тырысады. Яғни, 83 жыл бойы Қадір түнінің қадіріне жетпей, өмірден өтіп кететін мұсылман өте аз. Сол себепті, бұл бұрынғы үмметтер мың жыл бойы Аллаға құлшылық етіп, сауапты іс жасаған болса, ғұмыры шектеулі мұсылман үмметінің сауапты істе олардан кеміп қалмауы үшін «қадір түні» мұсылман үмметіне тарту етілген Алланың бір сыйы деп ұққан жөн.

Сонымен қатар, бір түнгі сауапты амалдың 1000 айғы сауапты амалдан артық делінуі нақты бір өлшемді білдірмейді. Бәлки, Алланың қалауымен қадір түні ұзақ уақыт еңбектеніп таба алмайтын есепсіз сауаптың берілетіні айтылып тұр. Себебі, көп жағдайда қазақ халқының, «Мың алғыс», «Мыңдаған әскер» және «Мыңғырған мал» деген сынды сөздердегі «Мың» сөзі көптік мағынада қолданылғаны тәрізді араб тіліндегі «Мың» сөзі де көптік мағынада келген.

Қорыта айтар болсақ, ислам ғұламаларының ешбірі, Қадір түнін құлшылықпен өткізуді – мың айлық парыз құлшылықтың орнын толтырады демеген. Сондықтан, Қадір түнін күзетудің, оны құлшылықпен өткізудің үкімі – мүстахаб (яғни, ерікті амал).

Ал, діндегі бес парыздың үкімі – парыз. Оның әрбірінің орындалатын уақыттары, шарттары бар. Әркім міндетті болған парыз құлшылықтарын шарттарға сай атқарғанда ғана мойнынан парыздығы түспек. Сол себепті, мұсылманның өмір бойы орындауға міндетті болған парыз құлшылықтары мен ерікті етілген қадір түнін құлшылықпен өткізуді бір-бірімен шатастыруға әсте болмайды.

[1] М. Хамди Язар, Хақ Діні, 9-том, 345 б.

Таңбалар: Қадір түніпарыз құлшылық
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Сұрақ-жауап

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

26.03.2025
Ночь Бараат – Ночь прощения всех грехов
Ислам

Әр түніңді қадір біл

05.04.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пітір садақасын Қадір түніне дейін беру керек пе?

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті
Жаңалықтар

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

08.07.2025
Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд
Жаңалықтар

Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд

08.07.2025
Ана сүті туралы хикая
Қоғам

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00