Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мароккода 4 күннен бері құдыққа түсіп кеткен баланы құтқару жұмыстары жалғасуда

05.02.2022
- Жаңалықтар
0
321
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құтқарушылар мен еріктілер төрт күннен бері Марокконың солтүстігінде тереңдігі 32 метрлік құдыққа түсіп кеткен 5 жасар баланы құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазір балаға дейін 3 метр жер қалды, алайда топырақтың опырылып түсу қаупі туындаған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Тамрут қаласында тұратын Райан есімді бүлдіршін  ойнап жүріп, байқаусызда ашық тұрған құдыққа түсіп кеткен. Құдықтың диаметрі 30 см ғана, оған үлкен адам сыймайды.

Дәл қазір құтқару жұмыстары соңына таяп қалды, бірақ топырақтың опырылып түсу қаупіне байланысты құтықтың жанынан екінші шұңқыр, яғни туннель қазу жұмыстары жалғасуда.

Огромное отверстие, прокопанное рядом с колодцем

AFP

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Президент: Деструктивті ақпарат таратудың салдарын түсінген жөн

Президент: Деструктивті ақпарат таратудың салдарын түсінген жөн

26.01.2026

Сол жердегі прорабтардың бірі Абдесалим Макуди: «Біз балаға жақын қалдық. Міне, үш күннен бері тоқтаусыз жұмыс істеп жатырмыз, қатты шаршадық, бірақ құтқарушылар ұйықтамай аяқтарынан тік жүр», – деді.

Бұған дейін құтқарушылар баланы алып шығу үшін үлкен адамды арқанмен құдыққа түсіріп көрген еді, бірақ өзі диаметрі кішкентай құдық тереңдеген сайын одан бетер жіңішкере береді екен. Сондықтан ол мүмкін болмады.

Оқиға орнында полиция және жедел жәрдем қызметкерлері көмекке әзір тұр. Баланы алып шыққан бойда тікұшақпен жақын қаладағы ауруханаға жеткізеді.

Баланың әкесінің айтуынша, ол ұлы жоғалып кеткеннен кейін бірнеше сағат оны іздеген, содан кейін құдыққа түсіп кеткенін түсінген.

 

Спасательные работы

GETTY IMAGES

«Баламның аман-сау құтқарылуын Құдайдан тілеп отырмын. Құдайым, осы шаңды шұңқырда жағдайын ауырлата көрме», – деді жергілікті телеарнаға берген сұхбатында баланың анасы Вассима Харшиш.

Кеше еріктілер құдықтың ішіне жіп арқылы оттегі мен суды түсірген.

«Мен баламен сөйлестім. «Мені естіп тұрсың ба?» – деп едім, бала жауап берді. Камера арқылы 1 минуттай қарап тұрдым, бала оттегіні қолына алды», – дейді Қызыл Крест және Жарты Ай еріктісі Имад Фахми.

Оған дейін құтқарушылар құдыққа камера түсіріп, баланың жағдайын бақылап отырды. Үлкен биіктіктен құлағанына қарамастан бала есін жоғалтпаған, тек басында аздаған жарақат бар.

 

Мыңдаған адам әлеуметтік желілерде балаға қолдау білдіруде: #SaveRayan хэштегі Мароккодағы Туиттерде алдыңғы орында тұр. белгілі Алжир футболшысы Рияд Марез Райанды қолдайтын пост жариялады.

Таңбалар: балабасты тақырыпмарокко
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Африкадан Аралға дейін
Қоғам

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026
Шағбан айының қасиеті неде?
Ислам

Шарапаты мол Шағбан

19.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00