Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас мүфти: «Қазақстан ешқашан тарихи Русьтің аумағына кірген емес!»

13.01.2022
- Мемлекет және дін
0
149
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллдің Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктерге қатысты білдірген пікіріне жауап берді. Ресей діндары өз сөзінде Қазақстанды тарихи Русьтің бөлшегі ретінде атаған болатын. Бас мүфти әлеуметтік желіде жариялаған постында ресейлік әріптесінің қисынсыз үш пікіріне тоқталған.
«Православ христиандарының Рождество мерекесі қарсаңында, нақты айтқанда 7 қаңтар күні Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл елімізде болған тәртіпсіздікке қатысты ой-пікірін білдірді.
Осыдан кейін еліміздегі мұсылман қауымы ресейлік дін қайраткерінің сөзіне байланысты түсініктеме беруімді сұрады. Бұл туралы пікірім nur.kz сайтына жарияланды.
Ең алдымен, Мемлекет басшыларына, дін және қоғам қайраткерлеріне осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқына қолдау білдіргендері үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біздің еліміз жаңа қиындықтарға тап болды, бірақ Президентіміздің даналығының арқасында біз осы күрделі оқиғалардан аман-есен өттік.
Сонымен қатар, Мәскеу және бүкіл Русьтің аса құрметті Патриархы Кириллдің үш қисынсыз тезисіне ерекше назар аударғым келеді.
Біріншіден, болған оқиғалар азаматтық қақтығысқа алып келген жоқ. Бұл бірқатар өңірлерде өткен бейбіт митингілер болды, кейіннен оларды ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ресми түрде мойындаған ішкі және сыртқы деструктивті күштер пайдаланды.
Екіншіден, Қазақстан тұтастай алғанда ешқашан тарихи Русьтің аумағына кірген емес. Тарихи фактілерді, оның ішінде Исламның қазақ даласында таралуы 751 жылы басталғанын естеріңізге салғым келеді.
960 жылы Ислам Қараханидтер кезінде қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік дін ретінде танылды, ал Русьтің шоқынуы осы оқиғадан 28 жыл өткен соң 988 жылы өтті. Жалпыға бірдей танылған тарихи фактілер қазіргі Ресей аумағында Ислам одан да ертерек 922 жылы, яғни Алмуш Хан Исламды Еділ Болгариясының мемлекеттік діні деп жариялаған кезде пайда болғанын көрсетеді, бұл қазіргі Татарстанның аумағы.
Үшіншіден, географиялық дәлелдерге сүйене отырып, жанашырлық таныту мүлдем қисынды емес. Әлемнің барлық діндері әрқашан адамдарды нәсіліне, тіліне, мәдениеті мен географиясына қарамастан бағалауға шақырады.
Жалпы, осындай дәрежедегі діни қайраткердің ұстанымы бойынша халықтар арасындағы қарым-қатынастарда алауыздық тудыратын, тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде де дінге сенушілердің сезімін қозғайтын сөздер айтылмауы тиіс деп пайымдаймын.
Негізінен бір күндік саясаткерге ұқсамауымыз керек. Осындай кездерде бәрімізге төзімділікті, ұқыптылықты, әдептілікті сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарау қажет.
Кез келген дін, оның ішінде Ислам және Православие әрқашан саясаттан тыс болды және бейбітшілікке, келісімге және төзімділікке шақырды.
Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі бүліктен, қауіп-қатерден сақтасын. Елдің шеті жаудан, іші даудан аман болғай. Әмин».
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025
Таңбалар: Бас мүфтибасты тақырыпНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Aqtobe» телеарнасында терроризмді алдын алу үшін сұхбат өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00