Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астанадағы алғашқы мешіт

25.01.2022
- Қоғам
0
Зеленая татарская мечеть. Фото 1911 года.

Зеленая татарская мечеть. Фото 1911 года.

369
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
О тұста қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының Ақмола атанып тұрған шағы. Сонау қиын кезеңде қазақ даласында іргесі қаланған алғашқы мешіттердің бірі бейнеленген ескі сурет көзімізге оттай басылды. XIX ғасырдың мұғдарында мұсылманның рухани өміріне шырақшы болған қасиетті ғимарат ұзақ жылдар бойы ұлттың игілігіне қызмет етті. Бүгінгі әңгімеміз сол жайында.

 

Мақаламыздың түп-төркіні Нұр-Сұлтан қаласының мем­лекет­тік мұраға­тында жатыр. Ата дінімізбен алысқан кеңес идеологиясының кесапатты шешімдері таңбаланған құжаттар көптеп кездеседі. Біз тақырыпқа тұздық болар ақпараттарды ғана ілікке алдық. Кер­баққан кеңестік жүйенің қазақ хал­қы­на жасаған жамандығы жанымызға батты.

Ақмоладағы алғашқы ме­шіт­ті қа­­рапайым халық «ескі ме­шіт», «бірін­ші мешіт», «ағаш ме­шіт» деп атаған. Құрылысы 1838 жылы басталады. Оны өз қа­ра­жатына тұрғызған Қоңыр­құл­­жа Құдаймендин сұлтан екен. Есімі ел ішінде әлі күнге дейін үл­кен құрметпен аталады, әсіресе байыр­ғы қала тұрғын­дары жақсы білсе керек.

1842 жылы имамдардың қол­дауымен осы мешіт жанынан діни оқу орны ашылып, бала­лар­ға шағатайша, арабша оқу мен жазуды үйретеді. Ұстаздар бір­ле­сіп Құран Кәрімді жаттады. Оқу­шыларға қажетті оқулықтар мен кі­таптарды ата-аналары мен туыс­тары сатып алып беріп отырған.

1843 жылы жергілікті мұсыл­ман балаларына сабақ берген молда мешіт жанынан шағын үй салады. Оның бір­ден-бір се­бе­бі – қайырымдылық дастар­қаны. Алыстан ат терлетіп келген қонақтар, керуен-көштер ме­шіт жанына аялдап, ас-суын ішкен. Кейіннен ізгі дәстүр кең етек жа­йып, маңайдағы ауыл тұр­ғын­дары мешітті дұға оқитын көр­нек­ті ғимараттың біріне айналдырады.

Әйтсе де халықтың қуанышы көпке ұзамады. Өкінішке қарай, діни ғимарат 1920 жылы отқа оранды. Қала архивінің бастамасымен 2019 жылы қазіргі Иманов көшесіне салынған үйдің қасбетіне мемориалдық тақта орнатылды.

Орнында бар оңалар дегендей, өртенген ғимараттың орнына қаладағы кәсіпкерлер, ағайын­ды Қосшығұловтар бастаған дәулетті адамдар, діндарлар бір­лесіп, күйген қызыл кірпіштен жаңа мешіт салады. Оны халық «тас мешіт» немесе «қызыл мешіт» деп атаған екен.

Айтпақшы, Ақмолада екінші мешіт те болды. Оны 1895 жылы қала байла­рының бірі, кө­пес Нұрмұхаммед Заби­ров өз қа­ра­жатына тұрғызды. Қабыр­ға­лары­ның түсіне қарай халық ара­сында «татар мешіт» немесе «жасыл мешіт» деп аталған бұл ағаш мешіт қазіргі Абай көшесі мен Республика даңғылының қиы­лысында орналасқан екен.

Көп ұзамай екі ғимараттың да тозығы жетеді. Алғашқы мешіт тарихи-өлкетану мұражайына пайдалануға беріледі. Артынан 1940 жылы Константин-Еле­нинский шіркеуіне айналады. Одан кейін «Казпиво» зауыты орналасады. Уақыт өте, 1970 жылы ғи­марат бұзы­лып, оның орнына көпқабатты үй тұрғызылады.

1930 жылдардың аяғында «жасыл мешіт» те жабылады. Ал­дымен мұнда Пионерлер үйі орналасса, 1950 жылдары ғи­ма­рат бұзылып, орнына үш қабат­ты тұрғын үй салынған. Қазір оның қоршауы ғана сақтал­ған. Алдыңыздан қақпалар, тас тірек­тер, темір торлар ға­на шығады. Бүгінде «жасыл мешіт­тің» қор­шауы қаланың киелі нысандар картасына енгізілген.

Осы ретте тағы бір дерекке көз тас­тасақ. Қалалық ке­ңес жергілікті салық төлен­бегендіктен екінші мешітті жап­қаны туралы айтылады. Бірақ оның жабылуы Ораза айт ме­рекесіне тұспа-тұс келіпті. Содан молдалар халық арасын­да түсіндірме жұмыстарын жүр­гі­зіп, салық төлеуге қажетті қара­жат жинайды. Осылайша нақты шешім бекітілмей тұрып, қалалық кеңестің мешітті ха­лық­қа қайтарудан басқа амалы қалмайды. Бірақ көп ұзамай салық қызметкерлері өз дегеніне жетеді.

Жұрттың бірлігі қос мешіт­ті бірнеше жыл бойы қирау­дан сақ­тап қалған екен. Халық­тың ру­хани һәм мәдени өмі­рі­не жол ашқан айшықты ғи­ма­рат­тар жылдар алмаса келе идео­ло­гия­ның құрбаны болды. Десе де ата дініміздің айбары болған Ал­ланың үйі қаншама баланың ғұмырына рухани азық болғаны анық.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Таңбалар: Астанамешіттарих
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Көп күлу харам ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120955 бөлісті
    Бөлісу 48382 Твитерге 30239
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00