Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Самал БОТАХАНҚЫЗЫ: Әр мұғалімнің мәртебесі өз қолында

03.10.2021
- Сұхбат
0
264
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ұстаздар күніне орай Kazislam.kz ақпараттық-танымдық порталы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Самал Ботаханқызынан бүгінгі мұғалім қандай болу керек және оның мәртебесі жайында арнайы сұхбат алды.

– Самал ханым, сізге мұғалімдік жолды таңдауға не себеп болды?

– Мен мұғалімдер отбасында дүниеге келдім. Әкем ел басқарған үлкен қызметкер болды. Халыққа қызмет етті. Ал анам тарих пәнінен сабақ берді. Елі, жері, отаны десе жанын беруге дайын болған ата-анам кішкентай кезімізден бізді патриот қылып тәрбиеледі.

 

Шыны керек, бізге қаталдық танытып, жақсы білім алуымызға аса көңіл аударды. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Ал менің алғашқы ұстазым –  анам. Алғаш мектеп табалдырығын жүрексініп аттаған кезімде өз мейірімімен қолыма қалам ұстатып үйретті. Соның арқасында қазір әрқайсымыз өмірлік жолымызды таптық.

 

Анам өз сөзінде «Қоғамның басын біріктіретін – тарих. Ол біздің ертеңіміз, бүгініміз және өткеніміз» деп жиі айтатын. «Жеті атасын білмеген жетесіз болады» демекші, бізге жеті атамызды жаттатқызған. Оның да өзіндік әдісі бар. Аталарымыздың өмір сүрген жылдары арқылы сол дәуірдің жалпы ахуалын, өмір сүру тәртібін, саясатын, қызықты оқиғаларын тыңдап отырып, жеті атамызды жаттап алыппыз.

 

Бала кезімнен әдебиетке, поэзияға жақын болдым. Шығармаларды көп оқып, сондағы кейіпкерлерге ғашық болатын кездерім де бар. Үйіміздің алдындағы үлкен әткеншекке отырып алып күннің көзі қызарғанша кітап оқудан жалықпайтынмын.

 

Бір қызығы кейін өзім физика пәнінің мұғалімі болдым. Физиктердің өзі лирик болып келеді екен. Оған қалай келдіңіз десеңіз, мен алтыншы сыныпта оқып жүрген кезімде математиканы жақсы білгендіктен, үлкен әпкемнің физикадан есептерін шығарып беріп жүрдім. Кітапханадан «Қызықты физика» деген кітапшаны тауып алдым да соны оқыдым. Жаңбыр неге жауады, найзағай неге соғады деген сұрақтарға жауап іздегінімде өмірдің сан қырлы қызықтарын біле бастадым…

– Анаңызға қарап отырып «мұғалімдік жол қиын» болады деген ой келмеді ме?

– Жоқ, ондай ой туындамады. Мен ол кісінің шаршағанын ешқашан көрген емеспін. Үйге кіре салысымен бізді кезек-кезек шақырып, бүгінгі сабақтан қандай ой түйгенімізді сұрайтын. Оқушылары да, ата-аналары да лек-лек болып келіп жататын. Анамның бойынан нағыз ұстаздың кейпін көретінмін.

– Самал Ботаханқызы, қазіргі ұстаз қандай болу керек?

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

–Бүгінгі мұғалім жан-жақты болуы керек. Сондай-ақ барынша қарапайымдылығымен шәкіртін өзіне баурап алуы одан да маңызды. Жаңартылған мазмұн бойынша оқытушыларға жағдай жасалып жатыр. Оқытудың 249 түрлі тәсілі бар. Мысалы, Lesson Study, SHARE сынды түрлі әдістемелік нұсқауларды пайдаланған оқытушы сапалы білім беруге мүмкіндігі жоғары болады.

 

Жаңа оқыту бағдарламасында сыни ойлай алатын ұстаз ғана бәсекеге қабілетті бола алады.  Қазіргі оқу технологиясы бойынша да бір нақты затқа фокус жасау арқылы оқыту қажет. Ол білім алушының зейінін, ойлау жүйесін, білімін тезірек дамытуға ықпал жасайды.

 

Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық, психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет және сол деңгейге сәйкес болуы шарт.

 

Мен өзім оқушыларға ешқашан ұрысқан емеспін. Олардың жағдайын түсініп отырып, мақсатыма жететінмін. Себебі ұстаздың көзінде от, жылулық болу керек. Сол арқылы балаларға білім шуағын шаша алады. Ал тек қатып қалған теориялық білімді ғана балаға жіткізсем болды деген түсінік қате. Бір сыныпта 30 оқушы болса, олардың әрқайсы әртүрлі болады. Әр баланың жанын түсіну арқылы қызығушылығын байқап отырып білім берсең, ғылымға деген қызығушылығы артады.

 

Мектепте басшылық еткен алты жылдың ішінде көп жетістікке жеттік. 13 түрлі жоба қорғадық. 500 бала кітапханамыздың тұрақты оқырманы болды. Мәшһүртанушы, абайтанушы, І. Жансүгіров іздерін жалғастырушы ұрпақ өсіп келеді. Мектебімізде арнайы шығармашылық орталық бар. Сонда балалар өздері өлең шығарады, шығарма жазады.

– Мұғалімнің мәртебесі қорғалып жатыр ма?

– Менің ойымша, әр мұғалімнің мәртебесі өз қолында. Иә, оны қорғайтын арнайы заң да шыққан. Ұстаздық өмір жолымда жетекшілік еткен 50 шақты шәкіртім болған екен. Ешқашан ұстаз ретінде басымды төмен түсірген емеспін. Әрине, өмір болған соң түрлі жағдайлар да болды, сыни көзқарастар да айтылды. Мұғалімнің құндылығы біліктілігінде. Себебі, қазіргі заманның оқушылары ұстаздың әлсіздігін байқап қалса, оған деген құрметі де азая бастайды. Сол себепті мұғалімнің барынша жан-жақты біліммен қаруланғаны маңызды.

– Білім саласында нені өзгертуге болады деп ойлайсыз?

– Мұғалімнің мәртебесін биіктету үшін Білім және ғылым министрінің өзі қағазбастылықты алып тастаған. Елімізде шығарылған заң жүйелі түрде орындалмайды. Менің ойымша, ұстаздардың мойнынан қағаз толыру жауапкершілігін мүлдем алып тастауға да болмайды. Себебі мұғалімнің жұмысын мониторинг жасау арқылы салыстырмалы түрде көре аламыз. Ол дарынды да, сондай-ақ нашар оқитын балалармен де жұмыс істейді. Яғни, салыстырмалы түрде балаға анализ жасау үшін жазып отыру қажет.

 

Кэмбриджде қағазбастылық бізден де көп. Әр балаға мінездеме, анализді күнде жазып отырады. Сағат 4-тен кейін ата-аналарын шақыртып, баламен жұмыс істейді. Сол себепті қағаз жазудан қашпауымыз керек. Біз болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырғандықтан, оған жүйелі түрде жақындауымыз қажет. Ұстаз болған соң із қалдырып, ертең тарихта қаламыз. Егер еңбегімізді қағаз бетіне түсірмесек, құрғақ сөз сақталып қалмайды ғой. Ғылым деген – ұлы сөз. Оның тұңғиығына жете алмайсың.

Мектеп басшысы мұғалімдерге сенім артып, тек бағыт-бағдар көрсетіп отыруы керек. Мұғалім мамандығы қателікті ұнатпайды.

– Оқушы қыздардың орамал тағып, сабаққа келу мәселесі жиі көтеріліп жатады. Сіздің мектебіңізде орамал тағатын қыздар бар ма? Олармен қандай жұмыс жасайсыздар?

– Иә, бізде ондай оқушылар болды. Біз олардың ата-аналарын шақыртып жұмыс жасадық. Менің тәжірибемде орамал тағатын оқушылар сабақты өте жақсы оқитын. Басында бес бала болды, кейін үшеу қалды, қазір бәрі орамалын шешті. Бірақ метеп формасын ұзындау тіктіріп киеді. «Қызға қырық үйден тыю» демекші, қыз баланың сәл жабық киінуін дұрыс деп есептеймін.

 

Сондай-ақ оқушыларымыздың басқа діни ағымдарға түсіп кетпеуі үшін арнайы мемлекет бекіткен мамандарды шақыртып түсіндіру жұмыстарын өткізіп тұрамыз. Себебі, ең жақсы оқитын оқушының өзі басқа ағымға кетіп қалу қаупі бар. Ата-аналар да балаларының бос уақытында немен айналысатынын назардан тыс қалдырмауы қажет деп ойлаймын.

– Ұлағатты ұстаздар күні құтты болсын! Елімізде білімді шәкірттер көп болғай!

 Сұхбаттасқан – Балжан Әуезханқызы

 

Таңбалар: басты тақырыпБіліммектепмұғалім
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бас мүфти дін қызметкерлерін ұстаздар күнімен құттықтады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00