Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың ағайынгершілігі

05.10.2021
- Қоғам
0
210
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлемде ағайынгершілікті, туыстықты қатаң сақтай отырып, ұлт тұтастығы мен қоғам бірлігін реттеп келген жұрттың бірі − қазақ халқы. Мысалы, бабаларымыздан жеткен «Абысын тату болса ас көп…» немесе «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» дейтін құнды тәмсілдер ұлтымыздың ағайынгершілік болмысынан хабар берсе, мұсылман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед: «Кім ризық-несі­бесі көбейіп және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайынгершілік қарым-қатынасын күшейтіп, туған-туысына қарай­лассын» дейтін аса құнды өсиет қал­дырғаны бекер емес.

Атам қазақтың туыс-туған, аға-бауыр, құда-құдағи, нағашы-жиен, жезде-жеңге, немере-шөбере, жегжат-туажат секілді ­аға­­­йын­­гершілікті білдіретін атаулары туыс­қан­дық қатынасты нығайтып, береке-бірлікті арттыруға негізделген қадірлі ұғымдар. Яғни бұл атаулар біздің қазақты ағайынгершілік атты ұстынға байлап тұрған темірқазық. Осы ұғымдар арқылы халқымыз бірін-бірі таныған, қадір тұтқан, сонымен қатар ағайынгершілік, туыстық қатынастарын реттеп, жеке тұлғаның қоғамдағы орнын белгілей алған. Тіптен бұл жүйе – бір-бірін тани бермейтін былайғы жұрт өзара ағайынгершілік қатынасын жаңғыртуға, екі қазақ бір-бірін туыс-бауыр етуіне жол ашатын аса қасиетті даңғыл.

Бірде халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиев Қостанай өлкесін­дегі Күнтимес деген ауылға ат басын бұ­ра­ды. Бұл ауыл – оқымысты Шоқан Уәли­ха­новтың балалық шағы өткен әрі үл­кен ғалым осында әкесі ашқан қыр мектебін­де хат таныған жер. Содан бір қариялар ке­ліп Қадыр ағадан «Қай елдің азаматысың?» ­деп сұрайды. Қадағаң:
– Батыстың байбақтысымын, – дейді. Шалдар жамырап жүре береді.
– Ой, құда екенсіз, үйге жүр мал соямыз.
Қадағаң аң-таң. «Мен сіздерге қалай құда болам?» десе, шалдар:
– Жастар білмейді ғой, атақты Сырым ба­тырдың әпкесі ертеде 1743-жылдары біз жақ­қа келін болып келді емес пе, сен құда болмай кім боласың, бабаларымыз «құда мың жылдық» деп бекер айтты дейсің бе, қарағым?! – депті.
Сол сияқты қазақтың біртуар ұлы Ақсе­леу Сейдімбек 1995 жылы жарық көр­ген «Көш­пелілер тарихы» атты еңбегінің 108-ші бе­тінде: «Қазақ халқының ағайынгерші­лік дәстүрі осыдан мыңдаған жыл бұрын та­рихтың еншісіне айналған құнды дүниесі. Оны алғашқы қауымдық құрылыстың наным-сеніміне теліп, ескі үрдістің қалдығы десек, онда көшпелілер қоғамының ең бір мәнді тетігін тани алмаған болар едік», деп жазса, Ресей империясының қазақ даласына жіберген елшісі А.Тевкелев 1731 жылы 27 қаңтарда Ресей Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақ халқының ең жақсы қасиеті ретінде үлкенді сыйлау, кісі ақысын жемеу, бауырмалдық, ағайынгершілік үрдісін атап өткен екен.
Осы орайда мына бір дерекке де назар аударған жөн сияқты. Ресейлік зерттеуші Виктор фон Герн осыдан бір жарым ғасыр бұрын жазып қалдырған еңбегінде: «Қазақтар табиғи қайырымды ақкөңілдігімен және қонақжайлылық қасиетімен ерекше халық. Әсіресе, бір-біріне деген ағайынгершілік бауырмалдығы олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиеті» дей отырып, «мұндай қасиетке ие халық жер бетінен жойылып кетуі мүмкін емес», деген ой түйеді.
Демек, қазақ халқын сан ғасырлық қиын­дықтан, басы бодандыққа байланған ауыр жыл­дардан аман алып шығып, бүгінгі азат­тыққа жеткізген көзге көрінбейтін рухани қуаты осы – ағайынгершілігі, туысқа деген жылы қатынасы мен жұмсақ жүрегі. Өйткені сен досты, әріптесті, қызметтесті таңдай ала­сың. Ал ата-ана, ағайын-туысты таңдай алмай­сың. Бұлар саған берген тәңірдің сыйы һәм тағ­дырдың бұйрығы.
Егер ағайының нашар болса, ол – тәңірінің сынағы. Сол нашар ағайынға қарайласып, шамаң жетсе аузын аққа тигізу – тағдыр бұйырған міндетің. Қазіргі қазақ қоғамындағы үлкен қателік – осы бір рухани сынақты түсінбейді. Ағайынгершілік дегеніміз – асыл қасиет екенін, шындығын айтқанда, ұлт пен ұлысты сақтаудың ең негізгі рухани алғышарты екенінен жұрт хабарсыз.
Дана бабамыз Абай айтқандай: «Жор­ға­лық­пенен көңілін алсам екен деген надан бей­бақ, әке-шешесін, ағайын-жұртын, адам­шылығын жауырынынан бір қаққан­ға сататын» (22-ші қарасөз) келеңсіз құбы­лыс қалып­тасты. Біле, білсеңіз қазіргі панде­мия­ны жеңудің, індеттен құтылудың жолы осы аға­йын­гершілікте. Үлкен қаламгер Әбіш Кекіл­бай айтқандай, «бір-біріне қайырым­ды, ағайынгершілікті ту еткен қауымға ғана тәңірдің өзі көмектеседі».

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025
Таңбалар: әдет-ғұрыпбасты тақырыпсалт-дәстүр
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тамақты тойып жеу харам ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00