Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық принциптері

07.09.2021
- Мемлекет және дін
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Барлық мемлекеттер өзінің дінге қатынасына байланысты зайырлы, клерикалық, теократиялық және атеистік болып бөлінеді. Клерикалық мемлекет – билік тарапынан қандай да бір діни институтқа мемлекеттік статус берілген мемлекет. Теократиялық мемлекет – мемлекеттік билік діни институттың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылым түрі. Атеистік мемлекетте мемлекеттік билік атеистік идеологияны қолдайды.

Зайырлылық тарихы өзінің бастауын лаицизм түсінігінен алады. 1905 жылы Францияда қоғамдық өмірдегі шіркеудің ықпалын азайту мақсатында «Шіркеу мен мемлекетті ажырату туралы» заң қабылданды. Бұл заң негізінде кез келген конфессия өкілдеріне тең еңбек құқығы берілді. Франция билігі шіркеуді қаржыландыруын тоқтатты, діни объектілер мемлекеттің меншігіне өтті, алайда католик шіркеуі осы діни ғимараттарды тегін қолдану құқығына ие болды. Сонымен қатар, білім беру орындарында діни атрибутикаға тыйым салынды, Қазақстанда мұндай тыйым 2016 жылы пайда болды.

Зайырлылық түсінігінің лаицизмнен айырмашылығы жоқ, тек лаицизм ұлттық сипатқа ие, яғни тек Францияда және франк тілді аймақтарда қолданылады. Көптеген Азия елдері қолданатын зайырлылықтың түркиялық моделі осы лаицизм идеясына негізделген.

Зайырлылық деген не:

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Біріншіден, зайырлылық – мемлекет пен діни институттардың қызметі бір-бірінен ажыратылған мемлекеттік құрылым түрі. Зайырлы мемлекетте дін үкіметтің ісіне, ал билік өкілдері діни ұйымдардың ісіне араласпайды; мемлекеттік білім беру орындары зайырлы формаға ие, білім беру орындарында дінді насихаттауға, сонымен қатар діни атрибутикаға жол берілмейді; мемлекеттегі заңдар діни нормаларға негізделмейді; билік органдары діни ұйымдарды қаржыландырмайды немесе қандай да бір дінге үстемдік бермейді.

Екіншіден, бұл – діни сенім және ар-ождан бостандығы. Яғни, зайырлы ел азаматтары кез-келген дінді ұстануға және кез келген құндылықтарды қабылдауға құқылы. Сонымен қатар, зайырлы мемлекетте азаматтардың барлығы діни сенім немесе көзқарас ерекшеліктеріне қарамастан бірдей құқыққа ие.

Зайырлы қоғамда этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауда толеранттылықтың алатын орны өте зор. Толеранттылық – басқа көзқарасқа, өмір сүру образына, наным-сенімге, діни ұстанымға жұмсақтық таныту, басқа адамдардың діни сенім ерекшеліктеріне сыйластықпен қарау.

Зайырлылықты атеизммен шатастыруға болмайды. Атеизм – жаратушының бар екендігін, діни сенімді жоққа шығару, атеистік мемлекет – билік органдары атеистік идеологияны ұстанып, дінді ұстануға, діни ұйымдардың жұмысына шектеу қояды. Зайырлы мемлекет дінді жоққа шығармайды, керісінше діни сенім бостандығын қолдап, кез келген дін ұстанушыларына бірдей толеранттылықпен қарайды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған уақытта Конституцияда өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Осылайша, Қазақстан билігі көпұлтты қоғамда барлық ұлт өкілдері мен әртүрлі дін ұстанушыларының бірдей құқыққа ие болып, қоғамдық тыныштықтың сақталуына кепілдік береді. Оған қоса, елімізде ешбір дінге мемлекеттік дін статусы берілмеген, тек халықтың басым бөлігі ұстанатын ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын негізге алады.

Елімізде зайырлылық принципі бойынша билік органдары діни бірлестіктердің ісіне араласпайды, алайда олардың қызметі ҚР «Азаматтық кодексі», «Қылмыстық кодексі» және «Діни бірлестіктер және діни қызмет туралы» Заңы бойынша қадағаланады. Қаншалықты барлық дін өкілдеріне бірдей құқық берілген, соншалықты олар заң алдында бірдей дәрежеде құқықтық жауапкершілікке тартылады.

Зайырлылық – әлем елдерінің басым бөлігінің таңдауы, қоғамдық тұрақтылық пен келісімшіліктің кілті.

Зайнолдина Айдана Айтқазықызы
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы
Мониторинг және талдау орталығының бас маманы

Таңбалар: зайырлы мемлекетзайырлылық қағидалары
Бөлісу29Твитерге18Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Зайырлы мемлекеттің қандай артықшылықтары бар?

18.11.2025
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Сұрақ-жауап

Зайырлы қоғамдағы конфессияаралық татулықты қалай түсінеміз?

28.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Е. Нүкежанов дін саласындағы жағдайға сараптама жасады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00