Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық – өркендеу жолы

04.08.2021
- Мемлекет және дін
0
208
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайырлылық ұстыны – мемлекеттің басты қағидаты. Зайырлылық – өркендеу жолы. Қазақстан мемлекеті халқымыздың өткен тарихымен қабысқан діндердің мәдени және рухани құндылығын, дінаралық келісімді, діни толеранттықты, ел халқының діни наным-сенімдерін құрметтей отырып, зайырлы мемлекетімізді өркендеу жолына көтерді.

Тұңғыш Президент Н. Назарбаев «Зайырлы мемлекет пен қоғам – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлылық – атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – озық, толлерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз», – деп атап көрсетіп еді.

Зайырлы елде мемлекет пен діни институттар ара-қатынасына қатысты нақты ұстанымдар бекітілген. Діни ұйымдар мемлекет саясатына ықпал ете алмайды. Мемлекеттік органдар оларды ресми тіркеуге алып, заң аясында бақылауға алады, бірақ ішкі жарғысына, конфессиялардың мақсат-мұратына, діни атрибутын өзгертуге араласа алмайды.

Құдай туралы пайым адамзат баласын ежелден толғандырып келеді. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы «Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі. Көңілден кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі» деп жырлаған. Сондықтан Құдайдан пана іздеп құлшылық жасаған, кеудесіндегі Хақ сәулесін сенім бастауы қылған адам ізгі қоғам қалыптастырары анық.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана табиғатына сай жетілу дәрежесіне ие бола алады. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ», – деп жазған «Қайырымды қала туралы» ғылыми трактатында.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әр адамның ар-ұждан, сенім бостандығына ерік берілген. Қандай конфесссияның өкілі болмасын, мемлекет дамуына өз үлесін қоса алады. Зайырлы қоғам үшін діни құндылықтар айрықша қадірлі. Бірақ мемлекет діни институттардың билік саясатына араласуына тыйым салады, діни-теологиялық қағидаттарды басшылыққа алмайды. Барлық діннің өсіп-өркен жаюына тең құқықтық жағдай жасайды.

Зайырлылық ұғымы бейне құнарлы топырақ секілді. Одан руханият дәнектері емін-еркін өсіп-өніп шыға алады. Бағбан қисық бұталарды кесуге, егістік алқабын арам шөптерден арылтып, зиянкестерден қорғауға мүдделі болатыны мәлім.

Сондықтан мемлекет діни танымның адамзаттық-мәдени және өркениет құндылықтарымен астасуына назар аударады. Конституция мен басқа да мемлекеттік заңдардың талабына мойынсұнған азаматтардың дербес діни сенімін мансұқтамайды.

Қазақстанда 8 конфессияға тиесілі 3796 діни бірлестік тіркелген. Әлеуметтік зерттеулер халқымыздың 90 пайызы дінге сенетінін көрсеткен. Олардың басым көпшілігі ислам дінін ұстанушылар.

Қазақстан – унитарлы мемлекет. Республиканың байырғы тұрғындары қазақ ұлтынан. Ал қазақтар сан ғасырлар бойын ислам дінінің құндылықтарын қастерлеп келеді.

Қазақ жерінде тағдыр жолы тоғысқан жүзден астам ұлт өкілі тұрады. Бір ғажабы, оларды құшақ жая қарсы алған қазақ халқы өзге нәсілдердің діни наным-сенім бостандығына нұқсан келтірмеген. Исламдық, христиандық, яхудилік, буддистік және тағы басқа діни канондар бұлжымаған күйі қалды. Сан түрлі ғибадат үйі діни мінәжат орны ретінде тіркеліп тұр. Қазақстан үшін мемлекеттік-конфессиялық құқық мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастарды олардың көптеген көріністерінде реттейтін конституциялық құқық саласы болып табылады.

Азаматтардың қоғам өмірінің рухани, соның ішінде діни аспектісіне қызығушылығы артып отыр. Діни сананың қайта жандануы – әлеуметтік-саяси және діни тұрғыда халықты шоғырландырушы фактор. Зайырлылық ұстанымының бір ғажабы – мемлекетте дінге сенетіндермен қатар, атеистер де емін-еркін өмір сүре алады. Тіпті әлеуметтік желілерде атеистік көзқарасын ашық айтатын адамдар да баршылық. Олар тіпті «діни сенім – ғылым-білімді кері тартатын күш» деген өзіндік догмалық уәждерін алға ұсынады. Десек те, Конституция кепілдік беретін діни сенім бостандығын ешкім шектей алмайды.

Елбасы бастауымен елімізде әлемдік және дәстүрлі діни лидерлердің бірнеше съезі өтті. Қазақстан конфессияаралық келісімді нығайту заманауи сын-тегеуріндер мен қақтығыстарды болдырмайды деп санайды.

Маңғыстау облысында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес әртүрлі конфессияны құрайтын 44 діни субъект қызмет етеді. Соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 33 филиалы, 1 православтық, 1 римдік-католиктік, 8 протестанттық, 1 кришнаидтік діни бірлестік бар.

Конфессияаралық диалог пен ұлттаралық келісім – мемлекеттің басты ұстанымы. Зайырлылық дегеніміз – догмалық және утопиялық ұстанымдарды уағыздайтын діни ағымдардың өрістеуіне жол беру деген сөз емес. Сондықтан Қазақстан радикалды және экстремистік діни топтардың қауіп-қатерін сейілтіп, деструктивті ағымдармен ұдайы күресіп келеді. Осы ретте дәстүрлі діни сенімдерді қолдауға да мемлекет басымдық береді.

Зайырлылық кейбір діни теріс ағымдардың түсінігінше, дінсіздік немесе дінді жоққа шығару емес. Зайырлылық – мемле­кеттің дін жолымен емес, құқықтық қағидат­тармен басқарылуы. Зайырлы мемлекет тұрғындары руханият әлеміндегі құдайлық бастауды жоққа шығармайды, әртүрлі дін өкілдері өзара ымыраға келіп өмір сүреді, заң талаптары ауқымында әр азаматтың діни сенімінің қорғалуына кепілді беріледі. Өз азаматтарының тату-тәтті, бейбіт жағдайда өмір сүруі – зайырлы мемлекетіміздің басты ұстанымы.

Мақсатбек МАХАНБЕТОВ,

Маңғыстау облысы Дін істері

басқармасының басшысы

Таңбалар: басты тақырыпдінаралық диалогзайырлылықзайырлылық қағидаларыконфессияаралық келісіммемлекет және дін
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ұлт үшін діннің орны қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00