Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылман болу – арабтану емес

10.08.2021
- Ағымдар ақиқаты
0
576
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ұлыстың ұлы күнін тойлау, жеті атаға дейін қыз алыспау, тәбәрік тарату, ерулік беру, ата-бабалар мазарына зиярат жасау секілді ғұрыптар, әрине, мұсылман дінінде, нақтылап айтсақ, араб халқында жоқ. Сонда бұлар арабтарда жоқ екен деп біз бас тартуымыз керек пе? Әлде, жеті атадан бері қыз алысып-беріспейтін дәстүрімізді тәрк етуміз керек пе?

Біздің дәстүр-салтымыздың бәрі Ислам дінінен ауытқушылық немесе қарсылық емес, ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып. Сол әдет-ғұрыптың бәрі де дінмен ымыраласа жүріп жатқанын байқаймыз.

Ислам дінін қабылдау – ұлтымызды арабтандыру деген сөз емес. Мұсылмандық ешқашан ұлттық дәстүрімізге нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондықтан мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз, ұлттық ар болуы керек. Ислам дінінде бөліну жоқ, бірін-бірі сынға алып, айтысып-тартысу да жоқ. Онда бағыт бар, басты ұстаным бар, ғұлама-ғалымдардың салып кеткен сара жолдары бар.

Біз дінсіз ел емеспіз. Әкесі мен ұлы, енесі мен келіні стақан соғыстырып, баласы кәмелетке толған соң ата-анасынан безетін, көршісінің баласы жүгіріп шуласа, полицияға шағымданатын, келген қонағына қиналатын халық емеспіз. Сол үшін ата-баба дәстүрі десе «Жоқ, ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» дейді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?» («Бақара» сүресі, 170-аят) деген аятты оқи жөнелетіндер аятты орынды-орынсыз қолданып жатқандығына бір үңілгені дұрыс.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

«Хужжатул Ислам – Исламның дәлелі» атанған Имам Ғазали діни саланың дерлік барлығында құнды еңбегі бар үлкен ғұлама. Сол еңбектерінің ішінде көлемді, әрі танымалы «Ихия-у Улумиддин» кітабы. Барлық иман, ғибадат, мінез-құлық тақуалық, нәпсі тәрбиесі, әдеп сияқты тақырыптарды қамтыған осы кітаптың тамақтану әдептері мен қонақ күту әдептерінде мына нәрселерді оқуға болады:

– қолға су құю;

– тамақты жасы үлкен, абыройлы кісі бастау;

– қонақтан тамақ жейсіз бе, әкелейін бе деп сұрамастан әкелу;

– мүмкін болғанша дастарқанға қонаққа қойылатын барлық ас түрін әкелу; себебі қонақ көңілі тартқанынан жей алатын болуы керек (Ал біртіндеп әкелсе, алғашқы келгенінен жеп тойып қалуы мүмкін).

– үй иесі тамақтан қолын соңғы болып тартуы;

– әркім өз алдынан жеуі;

– нанға құрмет;

– тамақты ортақ табақтан жеу;

– табақ алынбайынша орынынан тұрмау;

– қонақтың ас иесіне дұға жасап, бата беруі;

– тамақтан соң қолға су құю.

Имам Ғазалидың мұсылмандық әдептерінің барлығы дерлік ұлттық тәрбие көрген қазақ баласының бойында бар қасиет. Кейде дәстүріңе пысқырмайтын діндарсымақ кейбір кісілермен табақтас болғанда, өзі тойған соң қолын сүртіп, тісін шұқып отыратынына куә болып та жүрміз.

Дәстүрімізді дінмен сабақтастырып, шариғи үкімдермен айқындалған, қасиетті Құран аяттары, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерімен дәйектелген.

Дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата-баба жолынан үлгі-өнеге алатын ұрпақ болып қала берейік.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдармұсылмансалт-дәстүрсекта
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Болашақтың «болашағы» зор

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00