Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрбан айт – қуанышқа жетелейтін мереке

20.07.2021
- Ислам
0
250
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан зайырлы мемлекет болып саналса да, 2005 жылдан бері ең iрi екi конфессияның – мұсылман мен православиенің діни мерекелеріне, яғни Құрбан айт және Рождествоға ресми демалыс күндерi қарастырылған.

Құрбан айт мерекесінде құрбан шалу арқылы Алла жолында жомарттық танытып, айт намазын оқыған мұсылман екі дүниеде де шексіз қуанышқа, шаттыққа, бақытқа бөленеді.

Айт кезінде барша мұсылман бір-бірін мерекесімен құттықтайды, дәмді тағамдар әзірлеп, бір-бірін қонаққа шақырады, алыста тұрса бір-біріне амандық тілеп, сәлем жолдайды. Сондай-ақ, дүниеден өткен кісілердің қабірлеріне барып рухтарына Құран аяттарының сауаптарын бағыштайды. Шамаңыз жетсе, бұл күндері садақа бергеніңіз абзал.

Мереке кезінде ата-әже, әке-шеше, ағайын-туыс пен дос-жарандарды зиярат етіп барған жөн. Ренжіскен жандар болса, осы мейрамда татуласуы керек. Бұлай жасау өзара сыйластық сезімдерін арттырады әрі кикілжің әрекеттерге жол бермейді. Міне, мерекенің арқасында пайда болатын қуаныш пен шаттық мұсылмандардың шаршағанын бір сәт ұмыттырады әрі қайғы-мұңдарын сейілтеді.

Шынайы садақа

Шынайы садақа

15.09.2025
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

12.09.2025

Сондықтан айт мерекесі – Алланың құлдары үшін арнаған сый-сияпат күндері деп есептеледі.

Егер атаған малыңыз болса…

Құрбандық шалу дүние-мүлік арқылы жасалатын, уәжіп үкіміндегі ғибадат. Құрбан – Алла жолындағы шынайылығымыз бен Алланың берген несібелеріне алғысымызды білдірудің бірден-бір жолы.

Сондай-ақ, шамасы жеткен адамдардың шалған құрбан еттерінің кедейлерге берілуі мұсылмандар арасында сүйіспеншілік пен бауырмашылдық сезімдерді нығайтады. Құрбандық шалу арқылы келетін бұл сезім халықты қуанышқа жетелері сөзсіз.

Мұхаммед пайғамбар: «Кімде-кім дүние-мүлкі мол бола тұра құрбан шалмаса, біздің мешітімізге жақындамасын», – деп қатаң айтып кеткен. Сондықтан мұсылман Алла жолына малын атап, құрбан шалу міндетті.

 Оқи отырыңыз: Құрбан шалу кімдерге міндетті?

Құрбанға қандай мал жарамайды?

Бір немесе екі көзі соқыр болса;

Мүйізінің бірі немесе екеуі де түбінен сынық болса;

Құлағының немесе құйрығының жартыдан көбі жоқ болса;

Аяғын баса алмайтындай ақсақ болса;

Туғаннан құлағы немесе құйрығы болмаса;

Тісінің көбі түсіп, қарнын тойдыра алмайтындай болса;

Ауру болса;

Сүйектерінің ішінде жілік майы жоқ, арық болса, онда мұндай малдар құрбандыққа жарамсыз болып табылады.

Бұдан басқа қораз, тауық сияқты үй жануарлары мен еті желінетін жабайы жануарлар құрбандыққа жарамайды.

 Мұны да біліңіз

Малдан тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе құрбандыққа шалынады. Қой мен ешкі бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Алты айдан асқан тоқтыңыздың сыртқы көрінісі қомақты болса, құрбан етіп шалуыңызға болады. Ал, ешкі міндетті түрде бір жасқа толуы керек. Қой мен ешкі бір кісі атынан құрбан етіледі. Сонымен қатар, сиыр мен түйені жеті адам біріге отырып құрбандық етіп шалуына болады.

Оқи отырыңыз: Ғұмар Қараш неге құрбандық шалуға қарсы шыққан?

Құрбандығыңызды кешіктіріп алмаңыз

Құрбандық шалудың уақыты – Құрбан мерекесінің бірінші, екінші және үшінші күні. Үшінші күні күн батқан соң құрбандық шалуға болмайды. Мұны жақсы біліңіз. Құрбан малы айт намазы оқылғаннан кейін шалынады. Оған дейін шалынса, ол құрбан малы болып саналмайды.

Малыңызға мейірімділік танытыңыз

Құрбандықты шалуға алып бара жатқаныңызда, малыңызға жақсы қарап, оны итеріп, ұрып-соқпаңыз. Сонымен қатар малды қинамау үшін пышағыңызды алдымен жақсылап қайрап алыңыз. Мүмкін болса, құрбан малын өзіңіз бауыздағаныңыз абзал. Ал, бұлай жасау қолыңыздан келмесе онда басқа біреуге сойғызуыңызға болады. Әрине, ол адам мұсылман болуы керек. Айтпақшы, пышақты қайрағанда, малға қарап тұрып қайрамаған жөн.

Олай болса, іске сәт

Ең алдымен құрбандық малын сол жағымен және құбылаға қаратып жатқызасыз. Сосын бауыздайтын кісі «Бисимилләһи Аллаһу әкбар» деп айтуы керек. Малды иегінің астынан өңешін, кеңірдегін және күре тамырларын кесе отырып бауыздайды. Малдың жаны шықпастан басын кесіп алу және терісін алу – мәкруһ амал.

Еті мен терісін орнымен жұмсай біліңіз

Құрбандыққа деп атап шалған малыңыздың етінен өзіңіз де пайдалана аласыз әрі басқаларына да жегізе аласыз.

Құрбан етін үшке бөліңіз де, бір бөлігін құрбандық шалмаған кедей, тұрмысы төмен жанұяларға таратыңыз, екінші бөлігін туған-туыстарыңыз бен достарыңызға беріңіз, ал қалған бөлігін өзіңізге яғни, отбасы мүшелеріңізге алып қалсаңыз болады. Жоқ, «ақыры Алла жолында атадым» деп құрбан етін түгелдей тұрмысы төмен жандарға таратып беруіңізге де болады. Оны жомарттықты жанындай сүйетін патша көңіліңіз шешеді. Асылында, дініміз құрбан етін түгелдей таратуға толығымен рұқсат етеді. Құрбан терісін пайдаланбасаңыз, мал шалған кісіге немесе қайырымдылық мекемелерінің біріне берсеңізде болады.

 Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: құрбан айтқұрбан шалуТұрар Түгелұлы
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды
Жаңалықтар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды

09.06.2025
Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды
Жаңалықтар

Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды

08.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бас мүфти: Айт күндері жақсылықта жарысайық!

Соңғы жарияланымдар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады
Жаңалықтар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

19.09.2025
Отбасы – ұлттың ұстыны
Видео

Отбасы – ұлттың ұстыны

19.09.2025
Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат
Сұхбат

Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою