Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ: Әлемді тану үшін түрлі саладағы кітапты оқу керек

07.07.2021
- Қоғам
0
424
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кітап оқымау және оны дұрыс оқуға мән бермеу адамдардың қазіргі өзгермелі дүниені тануға қажет мол білім ала алмай қалуына себеп болады. Қайрат Жолдыбайұлы осындай пікірде. Baribar.kz дінтанушының кітап оқуға қатысты кеңесін жария етті.

Қайрат Жолдыбайұлы кітапты асықпай оқыған дұрыс деп есептейді. Ол бұған көбіне таңертең не кешкісін, жұмыстан соң уақыт бөледі. Өзінің айтуынша, жай ғана оқып қоймай, керек жерін қаламмен түртіп қояды екен.

Бір адам үйіне көп азық-түлік алып, бірақ жөнді тамақ істей алмайды. Кейбір адам қолында бар аз азықпен өте дәмді тағам дайындайды. Сол сияқты кітаптан оқығаныңды көңілге тоқи білу керек. Оқығанын тоқыған адам ретінде Абайды айтуға болады. Сол заманда бар оқығанымен, білімімен біраз дүние қалдырды. Әлі күнге дейін оның әр сөзі – азық, – дейді ол.

Дінтанушының айтуынша, жан-жақты, әрқилы, әр тақырыптағы кітап оқу – әлемді танудың амалы. Түрлі кітап оқыған адам тек бір ойдың шеңберінде қалмайды.

Әлемді тану үшін түрлі саладағы кітапты, түрлі әдебиетті оқи беру керек. Себебі бүкіл адамзаттың құндылығы ортақ. Құндылық әртүрлі аталуы мүмкін, бірақ бәрінің негізі бір. Адам әртүрлі кітапты оқып, әлеммен ақылдасады. Кез келген нәрсеге жан-жағынан қарау керек. Себебі ақиқаттың бірнеше қыры бар. Салафизм дертінің себебі де осында, “біздікі ғана дұрыс” деген түсініктен шыққан. Бір бөлмеде өмір сүрген адамнан “Әлем қайда?” деп сұрасаң, ол сол бөлмені ғана көрсетеді. Егер ол терезені ашса, оның сыртында әлем, өмір бар екенін көретін еді. Кітап оқу да осы сияқты. Бір кітапты оқыған адам ақиқат осы деп ойлайды, соның монополисі болады, – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Кітап оқу – өзгелермен пікір алмасу. Сол себепті Қайрат Жолдыбайұлы оқырман өз көзқарасына сай келмейтін кез келген ойды, көркем әдебиетті жатырқамауы, онымен санаса білуі керек деп есептейді.

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026
Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026

Әлем кең, білім шексіз. Қоғамда басқаша ойлауды қазаққа жат деп түсінетіндер бар. Басқа да ақиқат бар, өзгенің де пікіріне құлақ асу керек. Кітап өте көп. Меніңше, барлық кітап пайдалы. Оның үстіне, қазір әлемдік деңгейдегі жақсы шығармалар қазақшаға аударылып жатыр, – дейді ол.

Қайрат Жолдыбайұлы да кәсіпкер Марғұлан Сейсембай сияқты азаматтарға видео көруге кететін уақытты кітап оқуға арнауға кеңес береді.

Әлеуметтік желіні дұрыс қолданбау да түрлі кеселге ұшыратады. Кітап оқуға қарағанда көп уақытын интернетте видео көрумен өткізу дамуы кенжелеп қалған елдерге тән нәрсе деп ойлаймын. Адамның айналысатын ісі, белгілі бір мақсаты болғанда пайдасыз нәрседен алшақ жүреді, – дейді ол.

Дінтанушы өзін жетілдіргісі келетін адамдар рухани кемелденудің төрт қағидасын ұстануы керек деген пікірде. Олар: аз тамақтану, аз ұйықтау, аз сөйлеу және адамдардан бір уақыт оқшаулану. Әсіресе, аз тамақтану денсаулыққа, өнімді еңбек етуге ықпал етеді.

Бір нәрсеге жеткісі келген адам тамақтану тәртібін реттеп алуы керек. Мұны ғұламалар бекер айтпайды. Қалай болса, солай тамақтанып, салмақ қоссақ, бар күшіміз соны қорытуға кетеді. Асқазан түнімен жұмыс істеп, таңертең дұрыс демалмай тұрады, Күні бойы сергек жүрмейсіз. Ондай адам потенциалын аша алмайды. Көп адам дамығысы келіп режим қояды, көп жұмыс істейді. Бірақ тамақтануды реттемесе, еңбегі зая кетеді. Сонымен қатар өзін жетілдірем деген адам бір уақыт көп нәрседен өзін оқшау ұстағаны дұрыс, – дейді дінтанушы.

 Еңлік Сақтан

 

Таңбалар: әлемБілімкітап
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ілім – мызғымас іргетас
Видео

Ілім – мызғымас іргетас

02.09.2025
Білім – ізгілік қайнары
Видео

Білім – ізгілік қайнары

01.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Көп әйел алуды заңдастыру керек пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120855 бөлісті
    Бөлісу 48342 Твитерге 30214
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1596 бөлісті
    Бөлісу 638 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00