Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Намаздың құны

06.07.2021
- Ислам
0
305
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«…Бірнеше күнге жалғасқан сырқаты меңдей түсті. Жағдайы ауырлап, қатты қиналып, өліммен арпалысып жатты. Ақтық демінің шығуына санаулы минуттар қалғанда: «Намазды, намазды (орындаңдар) және құлдарыңа (қамқорлық жасаңдар)», – деп бірнеше рет қайталады…» (Бұхари)

«…Ұлы таң намазы уақытында асқан қатыгездікпен қастандық жасалып, ішінен пышақпен ұрылған әкесінің жанында… Ішінен аққан қанды тоқтату үшін өз орамалын байлады. Адамдар оны төсекке апарып жатқызды. Бәрі де шуласып сөйлесті, сұрақтарын қойды. Жауап жоқ. Ес-түссіз жатыр. Әйтеуір күн батқанда көзін ашты. Оң жағына бұрылып еді, көзінен жас аққан еркектерді көрді, сол жақтан әйелдердің жылаған даусы шықты. Айналасы қанға боялып жатыр, денесі қатты ауырсынады, кеудесінен жаны шығуға жақын. Оның сонда айтқан алғашқы сөзі: «Адамдар намаздарын оқыды ма?» – болды.

«Иә» деген жауапты ести сала: «Аллаға мақтау болсын!» – деді. Содан кейін ұлынан су сұрады. Ол ішуге ме деп ойлап еді, әкесі дәрет алғысы келетінін білдірді: «Мен әлі таң намазын оқымадым ғой», – деді де, дәрет алуға ыңғайланды…

Әңгімемізге арқау болып отырған қос тұлға кім? Алғашқысы – Раббысының алдында аяқтары іскенше намаз оқып, сол намазын жанының рахаты, көзінің қарашығы сезіне білген адамзаттың ұлы ұстазы Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) .

Ашығудың хикметі

05.03.2026
Что делать человеку, который пропустил айт намаз?

Жүзіңізде нұр болады…

02.03.2026

Екіншісі – ең жақсы ұстаздың ең жақсы шәкірті әрі мұрагері, сөзі Құранмен қуатталған сахаба Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын).

Екеуі де ақтық демдері шығар сәтте мұсылмандардың намазы үшін қам жеп өтті. Өйткені, олар намазы дұрыс болғанның екі дүниелік ісі қайырлы болатындығын жақсы білді. Қадірлі Омар көзі тірісінде: «Намаздан мықтап ұстаңдар, өйткені, егер сендер, оны жіберіп алсаңдар, қалған барлық нәрседен айырыласыңдар» деген сөзді жиі айтатын.

Қасиетті Құранда мынадай аят бар: «Сөзсіз, оларға дінді тек Аллаға арнап, Оған ықыласпен құлшылық ету… бұйырылды», («Бәйина» сүресі, 5-аят ) – делінген.

Кешегі ата-бабаларымыз Аллаға құлшылық жасауға, намаз оқуға ерекше көп көңіл бөлген. Өйткені, оның маңызын, жалпы өмірдің мәнін дұрыс түсінген. Мысалы, Шал ақын Құлекеұлы былай деп жырлайды:

Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң,
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң
…. ( Он ғасыр жырлайды.Алматы -2006 -167бет)

Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз – діннің тірегі», «Намаз – мүміндердің миғражы», «Намаз – жұмақтың кілті» деген хадистерін бекер айта салмаған. Басқа да хадистерде намаздың ең мәртебелі іс екені, жер мен көктің нұры, дененің қуат көзі, рызық-несібенің берекесі, дұғалардың қабыл болуына ең үлкен себеп екені де айтылған.

Қарап отырсаңыз, бұл айтылғандар не деген ұлы сүйінші хабарлар. Бұл дүниеде ең мәртебелі іс «бай болу», «патша болу» деп тұрған жоқ. Осы намазды айтып тұр. Ендеше, абыройлы адам – сол намазды оқушы деген қорытынды шығады.

Жер мен көктің нұрына малынғыңыз келе ме? Онда намаз оқуыңыз керек. Кейде біз қарадан-қарап жүріп адасамыз. Неге? Себебі көңіл көзі қараңғы. Міне, намаз сол қараңғылықты жарыққа айналдырады. Үйінен берекесі қашып, қанша ақша тапса да, қайда кетіп жатқанын түсіне алмайтынын айтып шағым жасаушылар көп. Оған да себеп өзіміз. Рызық-несібенің берекесіне, яғни намазға тиісті көңіл бөлмейді екенбіз.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Таңбалар: бес парызқұлшылықнамаз
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022
Сұрақ-жауап

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026
Сұрақ-жауап

Адам құлшылыққа қанша уақыт бөлгені дұрыс?

08.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Намаз ең үстем құлшылық па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120860 бөлісті
    Бөлісу 48344 Твитерге 30215
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1597 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 399

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00