Бейсенбі, 8 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхаммед Ғазали: Қоғамға мешіт пен зауыт бірдей қажет

20.11.2020
- Қоғам
0
162
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қуаңшылық уақыт екен. Ауылдың биі жұртты аман алып қалудың амалын қарастыра бастайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ел боп әрекет етуге шақырады. Ауылдың ортасына тайқазан орнатылады.

Би: «Бүгін түнде әр үйден бір кесе сүт құйылсын», – деп тапсырма береді. Әркім өзі келіп құюы керек еді. Жұрттың барлығы мақұлдап келісе кетті. Еркегі бар, әйелі бар барлығы бидің бұйрығын орындауға кірісті.

Таңсәріде би тайқазанның қақпағын ашқанда бір тамшы да сүт жоқ еді. Қазан іші суға толы боп шықты. Ауылдағылардың бірі қалмай сүттің орнына су құйған екен. Әрқайсысы «Көпшіліктің сүтінің ішінде менің бір кесе суым түк етпейді. Ешкім байқай қоймады» деген ойда болған.

Бұл Абайдың дүниенің кетігін тауып кірпіш боп қалану жайлы айтқанындай. Әр кірпіштің орны маңызды. Үлкен қабырғада менің бар-жоғым білінбейді деген жаман ойдан арылу қажет.

Жүректе де ми бар

Жүректе де ми бар

05.05.2025
«Батырларға тағзым» порталы толығып келеді

«Батырларға тағзым» порталы толығып келеді

03.05.2025

«Импорт» сөзі – бала күнімізден сапалы тауармен байланысты ұғым. «Импортный» десе мықты зат екенін түсінетінбіз. Жалпы, сапа өндіретін тауармен қатар, атқаратын жұмысқа да қатысты ортақ ұғым. Шариғат бойынша адам кәсібін және атқаратын жұмысын сапалы жасауға міндетті. Жасап шығаратын өнімі белгілі дәрежеде тұтынушылардың көңілінен шығуы қажет. Қасиетті Құранда: «…Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді[1]», – деп әр істі сапалы істеуге үндейді.

Иман негізінде «ихсан» терминін білмейтін мұсылман жоқ. Мұның мағынасын пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла  Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық етуің. Сен Оны көре алмасаң, Ол сені көріп тұр[2]», – деп түсіндірген.

Ихсан термині жоғарыдағы аятта да айтылды. Демек, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзінен исханның екі түрін аңғаруға болады. Ол: жақсы және өте жақсы етіп жасау. Біздің тілмен айтқанда, сапалы және жоғары сапалы.

Сахаба Шаддад бин Аус (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Ақиқатында, Алла Тағала барлық нәрсені жоғары деңгейде орындауды міндеттеді…[3]», – деп айтылған. Міне, бұл аят-хадистерде сапа мәселесі қозғалуда. Жұмысты жоғары деңгейде орындау, өнімді сапалы етіп шығару. Тапсырылған міндетті қажетті дәрежеде толыққанды жасап шығу. Айша (р.а.) анамыз: «Шын мәнінде, Алла Тағала сендердің бірің істі жасағанда оны жоғары деңгейде істегенін жақсы көреді[4]», – деген пайғамбар (с.ғ.с.) сөзін жеткізеді.

Бұл өте маңызды құлшылық. Сапалы өнім елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартады. Ислам құлшылық пен тіршілікті екі бөліп қарастыратын дін емес. Адамға тән азығымен қатар жан азығына да бірдей мұқтаж. Сондықтан намаз бен оразадан кейін тұратын құлшылық кәсібін және мамандығын лайықты деңгейде атқара білу.

Мұхаммед Ғазали (р.а.): «Мұсылманның өмірі Кағбаның жанында тұрып өтсе де, бірақ ғылыми, экономикалық және әскери даму тұрғысынан Ислам болашағы талап еткен күресті ұмытса, мұнысының Аллаға ешбір қажеті жоқ… Расында, зауыттарды (өндірісті) көтеру мешіттерді салумен пара-пар», – деп жазады.

Ғұлама құлшылық пен еңбек егіз болу керектігін сөз етуде. Қоғамға мешіт пен зауыт бірдей қажет екенін ұмытпауға шақыруда.

Маманның өз міндетіне немқұрайлы қарауы – сөз басындағы мысалдай, қазанға сүт емес, су құюмен бірдей. Тапсырылған жұмысты қалай болса, солай етіп істей салу сүттің орнына су құю. Өнімді сапасыз етіп шығарып, ешбір ұятты сезінбеу жұрттың сүтінің ішінде менің бір кесе суым байқалмайды деген ойда болу.

Өмір сүру сапасын көтеру үшін тауды қопарудың қажеті жоқ. Бар болғаны өзіңізге тиесілі кесені сүтке толтыру керек.

Руслан ҚАМБАР

[1] Бақара сүресі, 195-аят

[2] Бұхари

[3] Муслим

[4] Табарани, Байһақи

Таңбалар: басты тақырыпруслан қамбарэкономика
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
«Батырларға тағзым» порталы толығып келеді
Қоғам

«Батырларға тағзым» порталы толығып келеді

03.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ұятты адам деп кімді айтамыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73469 бөлісті
    Бөлісу 29388 Твитерге 18367
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2454 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    540 бөлісті
    Бөлісу 216 Твитерге 135

Соңғы жарияланымдар

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды
Жаңалықтар

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды

08.05.2025
Зейнеткерлер әскери әндер челленджіне қатысты
Жаңалықтар

Зейнеткерлер әскери әндер челленджіне қатысты

08.05.2025
Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою