Сәрсенбі, 4 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламда достық жайында не айтылған?

20.11.2020
- Сұрақ-жауап
0
766
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Исламда достық жайында не айтылған?

Жауап: Ислам қоғам мүшелерін достыққа, мейірім мен кешірімге, махаббат пен сүйіспеншілікке жігерлендіреді. Сондықтан да адамдар арасында Алланың разылығын қалайтын ізгі кісілер жетерлік. Олардың жақсылары сонша, өзінің қымбат уақытын, маңызды шаруасын екінші орынға қойып, басқа адамның қажеті үшін жеке малын сарп қылады, тамағын береді, үйін ұсынады.

Сөзімізді нақтылау үшін тарихтағы оқиғаға көз салайық. Мұхаммед ибн Иазид ән-Нахуй есімді ғалым былай дейді: «Мен Халилге бардым. Ол шағын кілемшенің үстінде отырған еді. Мені көрген ол ығысып, маған орын берді. Мен оның онсыз да тар жерін, одан әрі тарылтқым келмей, қасына отырудан бас тарттым. Сөйтсем ол мені қолымнан ұстап, өзіне жақындатты да: «Бір-бірін Алла үшін жақсы көрген пенделерге иненің тесігі де тар болмайды. Бірін-бірі жек көрген адамдар үшін дүниенің кеңдігі де түк болмайды», – деп айтты» (Далил әс-Сәилин).

Имам Термезидің жинағында Муғаз ибн Жәбәлдің мынадай хадисі келеді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Алла! Маған Өз махаббатыңды, Сені сүйген пенделерінің махаббатын, Сенің махаббатыңа жақындататын амалды жақсы көруімді нәсіп ет! Махаббатыңды маған салқын судан да жақсы көрсет!» – деп дұға қылатын», – дейді.

Рамазан айындағы он күндіктердің ерекшелігі қандай?

03.03.2026
Пітірді жақын туысыма берсем бола ма?

Пітір садақасын не үшін береді?

25.02.2026

Келесі хадисте: «Жаным уысында болғанға қасам етемін! Сендер иман келтірмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтіре алмайсыңдар. Сендерге көмек беретін нәрсе туралы айтайым ба, ол – өз араларыңда сәлемді (бейбітшілік пен достықты) тарқатыңдар», – деп айтқан.

Расында да Исламда бейбітшілік пен достықты насихаттау жолдары көптеп айтылады. Солардың бірқатарын ғана келтірер болсақ, адамдардың арасындағы махаббат пен сыйластықты күшейтудің келесі әдісі – сыйлық беру.

Бұған қатысты имам Суютый мына риуаятты келтіреді: «Бір-бірлеріңізге сыйлық беріңіздер – жақсы көресіздер».

Адамдардың бір-біріне қонаққа барып тұруы да бейбітшілікті тарқату амалына жатады: «Уақыт өте бір-бірлеріңізге қонаққа барып тұрыңыздар, бұл – араларыңыздағы махаббатты күшейтеді» (Табарани).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Достықмахаббатсүйіспеншілік
Бөлісу18Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бір мәрте Алла десе…
Ғибратты әңгімелер

Жүректе екі бірдей махаббат болмайды

21.01.2026
Қазақтың Хатикосы сияқты
Қоғам

Қазақтың Хатикосы сияқты

08.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Данияр ИМАШЕВ: Қазақты ұлт ретінде сақтап қалатын бір күш болса, ол – Ислам!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120128 бөлісті
    Бөлісу 48051 Твитерге 30032

Соңғы жарияланымдар

Сенім мен сезім теңдігі
Видео

Сенім мен сезім теңдігі

03.03.2026
Сұрақ-жауап

Рамазан айындағы он күндіктердің ерекшелігі қандай?

03.03.2026
Ұлттық академиялық кітапханада түркі әдеби мұрасына арналған дәріс өтті
Жаңалықтар

Ұлттық академиялық кітапханада түркі әдеби мұрасына арналған дәріс өтті

03.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00