Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Хасан АМАНҚҰЛ: Тәңіршілдік – дін емес, олардікі – соқыр әрекет

07.10.2020
- Сұхбат
0
217
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі таңда «тәңіршіл» деген атты жамылып алып, қоғам арасына іріткі салып жүргендердің мақсаты не? Олар қоғам үшін қаншалықты қауіпті? KAZISLAM порталының тілшісіне берген сұхбатында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл осы сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

– Хасан мырза, тәңіршілдікті біреу дін дейді, біреу наным-сенім дейді. Дін болу үшін қандай талаптарға жауап беру керек?

– Құдай тарапынан адамзатқа жіберілген діннің белгілі шарттары болуы керек. Әрбір діннің артында оның пайғамбары, қасиетті кітабы, шариғаты, тарихы болады. Жоқ дегенде, жіберілген пайғамбар бұрынғы пайғамбардың шариғатымен өмір сүреді, оның кітабын ұстанады. Сонымен қатар, тарихта адамдардың өздері ойлап тапқан діндері, наным-сенімдері болғаны айтылады. Бірақ бұрынғы діндердің көбісі жойылып кеткен, ұмытылған, сақталған болса да, өзгертілген.

 

VII ғасырда пайда болған Ислам діні, Қасиетті Құран, соңғы пайғамбардың жолы, шариғаты осы күнге дейін сақталып, мұсылмандар сонымен өмір сүріп келеді. Ақыр заманға дейін ол сақталып қалады, өзгеріске ұшырамайды, оны ешкім жойып жібере алмайды. Бұл оның ақиқат дін екеніне дәлел.

Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның ісін сахабалары (ізбасарлары) жалғастырды, одан кейін дінді табиғиндер әрі қарай насихаттап, әлемге жайды. Осы күнге дейін сол тәртіп үздіксіз қайталанып келе жатыр.

 

Қазіргі тәңіршілдік діні деп атап жүргендері – жай наным-сенім ғана. Арада  қаншама уақыт өткеннен кейін жойылып кеткен нанымды қайтадан қолдан жасап алулары ақиқатқа жанаспайды. Олардың пайғамбары да, кітабы да, шариғаты да, нақты ұстанымы да жоқ. Қазақ халқы мұсылмандықты қабылдаудан бұрын тәңіршілдік – бір сенім болған шығар, бірақ оны дін деп айтуға ешқандай негіз жоқ.

 – Соңғы кездері тәңіршілдер жиі бас көтеріп жүр. Неліктен, мақсаттары қандай деп ойлайсыз?

– Тәңіршілдердің белгілі бір мақсаттары бар деп айта алмаймын, бұл – олардың жай соқыр әрекеттері ғана. Ешбір негізсіз нәрсеге сүйенгеннен кейін олардың мақсаттары да бола алмайды. Бұнда тек соңында болатын нәтижені ғана болжай аламыз. Яғни, олардың іс-әрекеттері халықтың арасын ажыратып, бөлінуіне алып келетіні баршамызға мәлім.

 

Олар қазақ халқын өздеріне қаратып, тәңіршілдер дінін жасап алғылары келеді. Алла Тағала Құран Кәрімде «Хаж» сүресінің 8, 9 аяттарында осындай әрекет жасайтындар туралы айтып кеткен: «Адамдардың ішінде, ешқандай да білімі болмаса да, нұсқаушы жобасы, сүйенер нұрлы Кітабы болмаса да, Алла жайлы пікір айтып дауласатындар да бар ғой. Ондай пенделер тоңмойындық танытып, өзге жұртты Алла жолынан тайдыруға тырысады. (Соның кесірінен) олар бұл дүниеде қорлыққа душар болады. Ал Қиямет күні Біз оларға Тозақ отындағы азаптың дәмін таттырамыз».

 

Яғни, олар дінмен алысып жатса, Құдаймен алысып жатыр деген сөз. Құдаймен алысқан адамның мақсаты да, арманы да орындалмайтыны анық.

 – Тәңіршілмін деген адам Ислам дінінен шыққан болып санала ма?

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

– Әрине. Ислам дініне жала жауып жатқандары, пайғамбарды кемсітіп, Құранды масқаралағандары жайындағы видеожазбаларға қарасақ, сондай адамдарды мұсылман емес деп толыққанды айта аламыз.

Олар өздерін діншілміз деп алға тартады, алайда ислам дініне қарсы. Тәңіршілдер тек тіл мен жаққа сүйеніп, халықтың арасына бүлік шығарып жатқан жайлары бар.

 

Олар мұсылмандарды ғылымнан алыс, жаңалыққа ұмтылмайтын, халықтың дамуына үлес қоспайды деп айыптайды. Сондай-ақ мешіттен шықпай, намаздан қолы босамайтын дін деген түсінікті саналарына қалыптастырып алған. Шын мәнінде біздің дініміз – Ислам, ол білім алуға, еңбек етуге, ізігілікке шақырады, керісінше надандықты, алауыздықты қаралайды.

 

Астраномия, медицина, математика, құқықтану т.б. көптеген ілімдердің негізін қалағандар – олар мұсылман ғалымдары. Тіпті, Орта Азия және Қазақстан жерінен шығып, ілімге, ғылымға үлесін қосқан көптеген мұсылман ғалымдарды мысал етіп келтіруге болады.

 – Сіз бір мақалаңызда тәңіршілдер мұсылман зиратына жерленбейді деген болатынсыз. Сонда олар қайда жерленеді?

– Тәңіршілдер де адам баласы, сол себепті олардан қайтыс болғандар да жерленуі керек. Бірақ, олардың зираты бөлек болуы тиіс, өйткені тәртіп бойынша әр діннің өкілі өз зиратына жерленуі тиіс. Мұсылмандар бір бөлек, христиандар бір бөлек, еврейлер бір бөлек, дінсіздер жерленетін жер бір бөлек болуы керек. Егер тәңіршілдер Мұхамметті (с.ғ.с.) пайғамбар ретінде мойындамаса, онда ол мұсылман болып есептелмейді. Демек, зиратта оларға бөлек жеке жер беріліп, оны «тәңіршілдер зираты» деп атау қажеттілігі туады.

– Тәңіршілдердің мұсылман қыз-келіншектерге үйленуіне рұқсат беріле ме?

– Шариғат бойынша, мұсылман қыздың мұсылман емес азаматқа тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ. Сондай-ақ мұсылман ер-азаматтың дінге сенбейтін қызға үйленуіне болмайды. Сол себепті тәңіршілдермен біз қыз берісіп, қыз  алыспаймыз.

 – Сіздің ойыңызша Алла мен Тәңір ұғымдарын қатар қолдануға бола ма?

– Әрине, болады. Біз қазақтар Алла, Тәңір, Құдай деп қатар қолдана береміз. Құран Кәрімді аударып шыққан Халифа атамыз да «тәңір» деген сөзді көп қолданған.

 – Сөз соңында «Тәңіршілдік – қазақтың діні, Ислам – арабтың діні» деп жүргендерге не айтасыз?

– Жалпы адамзат бір Адам атадан жаралғанбыз. Дегенмен, Алла Тағаланың қалауымен Ислам діні араб тілінде және араб халқына түсірілді. Ислам діні бүкіл адамзатқа дін деп таңдалды. Сондықтан біз де оны қабыл етуіміз керек. «Мұсылман» деген атаудың өзі – мойынсұнушы, қабыл етуші деген мағынаны білдіреді. Ислам діні қияметке дейін бәріне ортақ дін болып қалары хақ.

 – Әңгімеңізге рақмет!

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: Мұхаммед (с.ғ.с)тәңіршілдікшариғат
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Пәтуә беру жайлы

12.08.2025
Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние
Ислам

Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние

26.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Отырарда нағыз байды қалай анықтаған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00