Жұма, 23 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Біз «таңдаулы» адамдармыз ба?

10.09.2020
- Ислам, Қоғам
0
433
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Соңғы жылдары әр нәрседен «Алла» сөзінің пайда болғаны жайлы тосын оқиғаларды жиі еститін болдық. Мысалы, әлеуметтік желілерде жұмыртқадан, бөренеден, құймақтан, қойдың денесінен арабша жазылған «Алла» сөзінің шыққандығы туралы посттар жарияланып жатады.

Оған қарғаның «Алла» деп қарқылдағаны, арыстанның «Алла» деп ақырғаны, бұлттардың көк аспанға Жаратушының ұлық есімін жазуына дейінгі көпке таныс видеоларды қосыңыз.

Көп адамдар Алла тағаланың Өзін бұлайша адамзатқа көрсетуін жақсылыққа балап, қуанып жатады. Тіпті, біреудің үйінде қойдың денесінен «Алла» жазуы шықса, «Бұларға Алланың назары ауып тұрса керек, жақсы адам болғасын, Құдайдың таңдаулысы атанып жатыр» деп ойлайтындар бар. Бұл шынымен солай ма? Алланың өзін көрсетуі қуанатын жағдай ма, әлде бұл ескерту ме?

Тарихқа шегініс жасайық. Адамзат баласына Жаратушы тарапынан жіберілген пайғамбарлар жер бетінде бүлік жасап, ақиқат жолдан адасқан қауымдарға келіп отырғанын жақсы білеміз.

Желідегі террористік идеологиядан қалай сақтану керек?

Желідегі террористік идеологиядан қалай сақтану керек?

19.10.2026
eGOV атынан жасалатын алаяқтық

eGOV атынан жасалатын алаяқтық

17.10.2026

Мәселен, хадисте айтылғандай, адамзатқа 125 мыңдай елші жіберілген болса, Құранда 25 пайғамбардың ғана аты аталады. Соның 24-і еврей халқына келген. Бүгінгі күні еврейлердің ішінде пайғамбарлардың бәрі бізден шыққан деп, өздерін басқа ұлттардан үстем көретіндер бар. Ал шын мәнінде, пайғамбарлардың олардан шығуы – сол заманда еврейлердің, Құранда айтылғандай, «ашуға ұшырағандар» болуы, яғни тура жолдан тайып, Алланы ұмытып, күнәһар жұртқа айналуының себебінен болатын.

Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) арабтар арасынан шығуы да – ол заманда араб халқының әлемдегі ең бұзылған қауымдардың бірі болуынан еді. Яғни Алла тағала түзу жолдан тайып, күнәні көп жасап, адам болудан қалып бара жатқан елдерге осылайша өз елшілерін жіберіп отырған.

Енді Қиямет қайымға дейін адамзатқа пайғамбар, яғни халықты түзу жолға салушы елші келмейді. Бірақ, бізде ақырзаманға дейін өзгермей сақталынатын қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннет жолы бар. Дегенмен, соның өзін көзге ілгісі келмейтін, жанарларына перде тұтылған пенделер аз емес екені белгілі.

Сонда да, мейірімді Алла тағала адасып, теріс бағытқа кетіп бара жатқан құлдарын қайтару үшін әртүрлі ескерту жасауды тоқтатпайды. Соның бірі – біз баяндап отырған әртүрлі нәрселерден «Алла» жазуының пайда болып жатқандығы емес пе?!

Ендеше, ол оқиғаларды біз өзіміздің «таңдаулы» болғандығымыздың арқасында Алла өзін көрсетіп жатыр деп тәпсірлемеуіміз керек екен. Оны Алла тағала тарапынан келген ескерту деп білгеніміз жөн. Ал, Жаратушының бізге ескерту жасайтындай жөні бар екендігі күмән мен талас тудырмаса керек (яғни, харамды халал деп, шариғат тыйымдарына мән бермей жүргендігіміз).

Пайғамбарлар тарихынан білеміз, Жаратушы Иеміз белгілі бір қауымдарға ескерту жасап, алдымен елші жіберсе, сол ескертуге құлақ аспағандарды әртүрлі апаттар арқылы жер бетінен жойып жіберіп отырған. Сондықтан қазіргі күні де «Ей, адамдар! Сендер Мені жоқ екен демеңдер, Мен бармын! Түзеліңдер, күнәні тастаңдар, Қиямет алыс емес» деп Өзін көрсетіп, ескерту жасап жатқан Алланың белгілеріне де құлақ асып, күнәдан арылып, сауапты амалдарды көбірек жасауға асыққанымыз абзал.

Мұхаммед ӘЛИ

Таңбалар: адасушылықАлла Тағалабасты тақырыписламсенім
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Рухани келісім – бірліктің берік негізі
Мемлекет және дін

Рухани келісім – татулық пен өзара құрметтің негізі

15.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ізгі кісілердің әдеті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

    2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

    783
  • Йемен: Хуситтер шабуылынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

    512
  • Меккеден алған өмірлік сабақ

    367
  • Намаз уақыттарын білу үшін қандай кесте дұрыс?

    276
  • Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

    261

Соңғы жарияланымдар

Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

23.10.2026
О молитве джамаатом после намаза
Сұрақ-жауап

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность
Сұрақ-жауап

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00