Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бақытты өмірді қаласаң, қарым-қатынас жаса

10.08.2020
- Қоғам
2
792
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласының көпшілігі өз ғұмырының мәнді де ұзақ болғанын қалайды. Ол үшін бала күнінен білім алып, маңдай тері төгіліп еңбек етеді. Қандай да бір игілікке жеткісі келеді және сол игіліктерді ұзақ уақыт бойы рахаттана қолдануға тырысады.

Ондай игілікке біреу ақша мен байлықты, енді басқасы мансап пен атақты жатқызады. Ал, кейбіріміз денсаулықтың саулығын да ең үлкен игілік ретінде санаймыз.  Сондықтан адам баласының өмірді қабылдауына қатысты оның өмір сүру тәсілі мен қоғамдық қатнастары да әртүрлі болмақ.

Әрбір құбылысқа бей-жай қарамайтын ғылым саласы бұл сұрақтың да жауабын табуға тырысқан. Мұны Гарвард университеті зерттеушілерінің қорытындаларынан анық байқауға болады.

Harvard Study of Adult Development (Ерексектердің дамуын гарвардтық зерттеу) жобасы 1938-2000 жыл аралығында жүргізілген ұзақ мерзімді зерттеуге негізделген. Жобаның аясында 268 адамның балалық шақтан өмірден өткенге дейінгі ғұмыры бақылауға алынып, бақыттылық деңгейлері мен себептері назарға аударылған.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Зерттеу объектісі ретінде алнған адамдардың саны уақыт өте көбейіп отырған. Олардың арасынан әртүрлі кәсіп иелері, тіпті АҚШ-тың президенті де шыққан. Жобаның төртінші жетекшісі Роберт Уолдингер TED Talk ашық сұхбат алаңында ұзақ мерзімдік зерттеудің қысқаша мазмұны мен бақыттылықтың сырын және ұзақ өмір сүретіндердің ерекшеліктерін бөлісті.

Доктор Уолдингердің мәлімдеуі бойынша зерттеуге қатысқан адамдарға аталмыш жылдар аралығында әр екі жыл сайын арнайы сауалнама, сұхбат жүргізілген. Сонымен қатар, қан алынып, бүкіл дене құрылысының жағдайы тексерістен өткізіліп отырған. Яғни, зерттеу біршама терең әрі толық жүргізуге бағытталған.

Енді қорытынды біршама қызық. Сауалнамаға қатысқан адамдардың шамамен 80 пайызы бақытты ақшадан іздейтіндігі және бай болуға тырысатындығы, ал 50 пайызға жуығы атақ пен танымалдылыққа және мансапқа ұмтылатындығы анық болған. Яғни, зерттеуге қатысушылар өздері осылай деп ойлайды және осы бағытқа ғұмырын бағыттайды екен.

Ал, зерттеуші дәл осы адамдардың әрқайсысының өмірлері мен сауалнамада алынған жауаптарына және денсаулығының мықтылығына қарай басқаша қорытындыны ұсынады. Ол бойынша өздерін бақытты сезінетін әрі денсаулығы мықты адамдардың көбі ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТҚАН адамдарға тиесілі екен.

Қарым-қатнастың үш түрлі ерекшелігін келтіреді. Ең алдымен әлеуметтік қатынасқа түсіп, жалғызсырауға берілмеу кіреді. Роберт Уолдингер «жалғыздық (адамдарды) өлтіреді. Достарымен, жанұясымен және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатқан адамдар бақыттырақ, физикалық жағынан дені сауырақ, өмірі ұзағырақ келеді екен. Ал, жалғыздық жағдайы айқын болғандай улайды… адамның миы ерте істен шығады» дейді.

Қарым-қатынастың екінші ерекшелігіне оның сапалы болуы кіреді. Др. Уолдингер «Сенің достарыңның саны немесе әрқашан сенің қасыңда әлдекімнің болуы маңызды емес. Мұнда жақындарыңмен қатынастың сапалы болуы. Өзіміз көріп отырғандай, конфликтілі жағдай біз үшін өте зиянды… Ал, жаныңа жайлы, жақсы өмір бізге қорған… Жақсы, жылы қатынас бізге тағдырдың соққыларынан қорғайды», – дей келе зерттеуші жақсы қарым-қатынас орнатқан, көңілі тоқ 80 жастағы қарттың орта 50 жастағы кісіге қарағанда дені сауырақ болғандығын жеткізеді.

Тіпті, 80 жастағы кісі отбасымен, өзге де адамдармен жақсы қатынаста өткізген болса, кәрілікпен келген ауруларға да мойын бұра қоймайтындығы және физикалық ауырсынуды сезінсе де өзін бақытты сезінетіндігі айқындалған.

Жақсы қарым-қатынастың үшінші ерекшелігі – адам ақылына оң әсер етуі. Гарвард зерттеушілері жақсы қарым-қатынас орнатып, өзгеге арқа сүйей алатын адамның ақылы ұзақ жасқа дейін сақталады, ал, өзгеге сенім арта алмайтын және ондай қатынасты орнатып үлгермеген адамдарда ақылынан алжасу ертерек көрініс береді деп қорытынды жасайды. Сондықтан баяндама соңында Др. Уолдингер «Жақсы өмір – жақсы қатынаспен орнайды» деген тұжырымға тоқтайды.

Жалпы жоғарыдағы зерттеушінің тұжырымында жалғыздыққа салынбаудың, керісінше әрқашан айнала төңіректегілермен тығыз қарым-қатынаста болудың маңыздылығы айтылды. Ислам дінінде мүмин адам жалғыз саналмайды. Ол екі үлкен бағытта қатынас орнатады.

Бірінші қазіргі кезде көзге көрінбейтін бөліктегі заттармен қатынас, екінші нақты көзге көрінетін бөлікпен байланыс. Бірінші бөлікке, әр мүминнің жүрегінде жүретін Алламен байланысып, өзінің жалғыз емес екендігін сезіну кіреді.

Құран Кәрімде: «Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер жай табады», – деп баяндалады (Рағыд, 28). Сонымен қатар, періштелердің де өз төңірегінде бар екендігіне сеніп, әрқашан жақсы амалдар істеуге тырысу.

Мүминді жалғыз қалдырмайтын тағы бір зат – Ібіліс болып саналады. Мұсылман онымен әркез күресіп, өзін жамандықтан тыйып отыруы керек. Сондықтан діндар адам осы аталған заттарға әрдайым санасына орын беріп кәдімгі тірі адамға уақыт бөлгеннен көп уақытын құлшылыққа немесе өзін-өзі тәрбиелеуге арнайды.

Екінші бөлікке кіретін қатынас объектілері – адамдар мен өзге көзге көрінетін жаратылыстар. Оның ішінде адаммен қатынас жасау баршамыз үшін үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты қажет етеді.

Адамдардың ең ардақтысы ретінде Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с.) қатынас, яғни сүннетке амал істеу және туыс-туғандары мен қоғам мүшелерімен байланыс орнату кіреді. Құран кәрімде «Алладан қорқыңдар, туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Алла сендерді бақылап тұрушы», («Ниса» сүресі, 1-аят) – деп бұйырады. Ал, хадисте «Кім ризық-несібесінің көбеюін және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатынасын күшейтіп, оған қарайлассын», – делінеді.

Яғни, бір ғасырға жуық зерттеудің мазмұндас мәтіні хадисте берілген екен. Ал, Гарвард зерттеушілері мұны көп еңбектің арқасында дәйектеп, қыр-сырын ашып берді. Яғни, мүмин адам туыстарымен қоғамнан бөлініп, тұйықталмағаны абзал екен. Әсіресе, жаныңа қуат беретін шынайы да тығыз байланыс орнату жан саулығының да, тән саулығының да кепілі.

Сонымен қатар, кез келген бағытта қақтығыстар мен керісуге апаратын жолдардан аулақ болу да адам ғұмырының ұзақтылығына әсер ететінін ғылым дәлелдеп отыр.

Рахымжан РАШИМБЕТОВ

Таңбалар: басты бетзерттеуҚарым-қатынас
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шығыстың шынары – Абдрахман Сыпырынды
Ғибратты әңгімелер

Ғұламалар қарым-қатынасы

08.09.2025
Сұрақ-жауап

Исламда адамдармен қарым-қатынастың орны қандай?

04.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылман қоғамында полиция қызметі қалай қалыптасты?

Пікір 2

  1. Жазира Насырхан жазған:
    5 жыл бұрын

    Керемет жазылған мақала

    Жауап беру
  2. Орынбай Еңлік жазған:
    3 жыл бұрын

    Өте керемет айтылған. Ойға түйіп жүру керек дүние екен. Мақаланы жазған адамға рахмет

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00