Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жұма намазын оқу үшін мемлекет басшысының рұқсаты керек пе?

18.07.2020
- Сұрақ-жауап
0
560
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ханафи мәзһабында жұма намазын оқу үшін мемлекет басшысының рұқсаты керек пе?

Жауап: Алла Тағала «Жұма» сүресiнің 9-аятында: «Әй, мүминдер! Жұма күнi жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы» – деп бұйырады.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің хадис-шәриптерінің бірінде: «Жамағат болып жұма намаз оқу – әрбір мұсылман үшін парыз. Бұл үкім төрт адамға жүрмейді. Олар: құл, әйел, сәби және науқас адамдар» (Әбу Дәуд, «Салат», 4), – деп мұсылман баласы үшін бұл ғибадаттың парыз екенін ескертеді.

Ханафи мәзһабы ғұламаларының көзқарасынша жұма намазын оқу үшін мемлекет басшысының рұқсаты болуы керек. Оған қатысты мынадай бірнеше дәлелдер келтірген:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Біріншіден, Жәбир (р.а.) риуаят еткен хадиске сүйенеді: «Алла Елшісі (с.ғ.с.): Уа, адамзат! Өлмей тұрып, Аллаға тәубе жасаңыз. Мүмкіндігіңіз болса, ізгі амалдар істеуге ұмтылыңыз. Алланы ұдайы еске алып, жария және құпия садақа беріп, Алланың ақысын орындасаңыз – рызық пен жәрдемге (Алланың) ие боласыз, рахат күй кешесіз. Біліп қойыңыздар, сіздер өмір сүріп отырған жыл, ай, күндерде және қиямет қайымға дейінгі уақытта Алла сіздерге жұма намазын оқуды парыз етті. Мен өмір сүрген уақытта және менен кейін әділ немесе залым бір билеуші бастарыңызға келгенде де кімде-кім жұма намазына немқұрайлық танытып, тәрк етсе, Алла оның екі жағасын бір жерге келтірмесін, ісіне береке бермесін. Тәубе етпесе, мұндай адамның намазы, оразасы, зекеті, қажылығы және жасаған қайырлы істері қабыл болмайды…» (Ибн Мәжа, Фардул-жума, 1081).

Ханафи ғұламалары осы хадис мәтініндегі Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «менен кейін әділ немесе залым бір билеуші бастарыңызға келгенде…» деп жұма намазын оқуға мемлекет басшысының рұқсаты қажет екенін меңзеп тұр деп біледі.

Екіншіден, Әбу Абдуллаһ (р.а.) риуаят еткен мына хадисті алға тартады: «Зекет (оны жинау), һад (Құранда Алланың өзі кескен жазалар), ғанимат (олжа алу) және жұма намазы (оқу) мемлекет басшысының рұқсатымен болады» (Ақһамул-Құран, ІІІ, 283).

Хадисте зекет жинауға, һад жазаларын қолдануға, ғанимат алуға мемлекет басшысы рұқсатының болуы аса маңызды екендігі һәм жамағаттың жиылып жұма намазын оқуына да мемлекет басшысының рұқсаты аса қажет екендігі тайға таңба басқандай айтылған.

Үшіншіден, «мемлекет басшысы шарт етіп қойылмаса, бүлік болуы ықтимал, ал мемлекет басшысының рұқсаты болса, бүлік болмайды» (Имам Сарахси, «әл-Мабсуд», ІІ, 41, Касани, Бәдайус-санай, ІІ, 192-193 бб) деген сәдди-зарайғ* қағидасын негізге алады.

Ханафи ғұламалары арқа сүйеген бұл дәлелдерге, әсіресе жоғарыда көрсетілген хадистердің дәрежесіне қатысты өзге мәзһаб өкілдерінің сын-пікірлері (ихтилаф) бар екені белгілі.

Әйткенмен, Имам Ағзам Әбу Ханифаның белді шәкірті Мұхаммед әш-Шайбаниден бастап, Имам Сарахси, Имам Бәздауи, Имам Касани, Имам Маргинани, Имам Жассас, Имам Тахауи және т.б. ханафи ғұламалары өз еңбектерінде жоғарыда келтірілген дәлелдерді негізге алып, жұма намазын оқуға мемлекет басшысының рұқсатын шарт етіп бекіткен. Осыған орай, ханафи мәзһабын ұстанатын елдерде жұма намазын оқу мәселесі мемлекет басшысының келісімімен жүзеге асады.

Мұхан ИСАХАН

*Харамға әкеп соғатын амалдар харам, адалға алып келетін жолдар адал саналатын үкім.

Таңбалар: Жұма намазымемлекет басшысыМұхан Исаханрұқсатсұрақ-жауапханафи мәзһабы
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері
Ислам

Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері

15.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қызырдың қияметке дейін тірі жүретіні рас па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00