Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Харамға рұқсат етілетін жағдайлар қандай?

24.06.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ. «Зәрулік жағдайда тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі» деген мәселені қалай түсіну керек?

Жауап: Бұл – ислам құқығында бекітілген іргелі қағидалардың бірі. Ислам құқығындағы мұндай қағидалардың үкім шығаруда ықпалы ерекше. Бұл іргелі қағидалар Құран және хадистердегі негізгі ұсатанымдар шеңберінде белгіленеді.

Араб тіліндегі «дарурат» сөзі «үлкен қажеттілік, жоюы аса күрделі қиындық, жайсыздық» деген мағыналарды білдіреді. Ал ислам құқығындағы терминдік мағынасы діни тыйымдарды бұзатындай қиындыққа тап келіп, тек сол арқылы ғана мәселені шешуге болатын қиындық жағдайды білдіріреді.

Мәселен, тыйымға құлақ асқан жағдайда, ислам шариғаты қорғауды міндеттеген негізгі бес құндылықтың (жан, дін, ақыл, ар-ождан, мал-мүлік) біреуі толықтай жойылса немесе орнына келуі қиын болса, осы жағдай зәрулік жағдайы деп аталады. Демек, қалыпты жағдайларда тыйым салынған кейбір нәрселерге зәрулік жағдайларда рұқсат етіледі деген сөз.

Мәселен, доңыз етін жеу харам. Бірақ, басқа жейтін нәрсе табылмаған жағдайда адам жанын сақтап қалу үшін оны жеуге рұқсат етіледі. Бұған Құран Кәрімдегі мына аят дәлел:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

«Ол сендерге өлексені, қанды, шошқа етін және Алла атымен шалынбаған малды харам етті. Ал енді кімде-кімді зәрулік қысып, оған өзі ұмтылмай, шектен шықпайтын болса, онда оған күнә болмайды» («Бақара» сүресі, 173).

Осы аятта тыйым салынған 4 нәрсені зәрулік жағдайда жеуге рұқсат етіледі. Алайда, бұл жерде ескеретін мәселе, адам баласы оны өздігінен қаламауы және шектен шықпауы керек. Бұл дегеніңіз зәру жағдайда рұқсат етіледі екен деп сылқия тойып алмау қажет. Жан сақтайтындай мөлшерде, шектен шықпай жеуге рұқсат етіледі.

Мұндай рұқсаттарды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетінен де көптеп кездестіреміз. Мәселен, аштық кезінде тыйым салынған нәрселерге рұқсат етілу, өміріне қауіп төніп тұрған кезде жан сақтау үшін күпірлік сөзін айтуға, денсаулығына байланысты ер кісілерге жібек киім киіп, алтынды қолдануға, су бар бола тұра адам денсаулығына қауіп төндірген жағдайда тәйәммүм алуға рұқсат етілуі т.б. секілді.

Көріп отырғанымыздай, осы мәндес аяттарға және хадистерге сүйене отырып, ислам құқықшылары «Зәру жағдайларда тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі» (Мәжәллә, 21. бап), «Зәруліктер белгілі бір өлшем негізінде анықталады» (Мәжәллә, 22. бап) деген қағидалар белгілеген және соған негіздей отырып, үкімдер шығарған.

Мәселен, доңыз еті және одан жасалған нәрселер, спирттік ішімдіктерге тыйым салынған. Алайда, сенімді дәрігерлер қандай да бір ауруға қатысты доңыз майы немесе спирт қосылған дәрі-дермектердің нақты пайда беретіндігіне көз жеткізсе және одан басқа емдеудің баламасы табылмаған жағдайда адамның денсаулығын сақтау үшін оларды қолдануға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ бір адам өлім аузында жатып, оған ешбір ем-дом жасау көмектеспейтін болса, бұл шынайы зәрулік жағдайы саналып, ол жағдайда өзге адамның ағзасын оған алмастырып салуға рұқсат етіледі (оның өзіндік шарттары мен талаптары бар).

Осы ережелерден қай жағдайдың зәрулік екендігін және оның мөлшерін дұрыс анықтай білудің ерекше маңыздылығын ұғынамыз. Әйтпесе кейбір адамдар өз нәпсі қалауына еріп, «зәрулік жағдай» деп көптеген күнәлі істерге бой алдыруы мүмкін. Мәселен, ішкілікке салынып кеткен адам «Мен ішпесем, күн көре алмаймын. Бұл – зәрулік» деп жаман суды ішуді адал санай алмайды.

Жалпы ислам шариғатының көздеген мақсаты – адам өмірін жақсарту, адамға қиындық тудыру емес. Сондықтан кейбір әдеттен тыс жағдайларда тыйым салынған нәрселерге рұқсат берілуінің мәні осында.

Алау ӘДІЛБАЕВ

Таңбалар: Алау Әділбаевхарамшошқа еті
Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Сұрақ-жауап

Атып алынған киіктің еті адал ма?

03.12.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Зайырлы мемлекет» дегенді қалай түсінеміз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00