Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламдағы гигиена талаптары

31.05.2020
- Қоғам
0
802
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам денсаулық, тазалық және гигиена мәселелеріне үлкен мән береді. Тазалықты сақтау – діннің негізгі мақсаты және оны иман дәрежесіне дейін көтерген. Сонымен қатар, кейбір діни рәсімдерді орындау үшін де тазалық жасалуы парыз әрі тазалықсыз рәсімді орындауға рұқсат берілмеген.  

Тарихта кейбір халықтар руханилықтың шыңына жетуді «мақсат» тұтып, өзін-өзі күтуден, ары мен тазалығынан бас тартса, Ислам бұндай әрекеттерді құптамаған. Керісінше, күнделікті бес уақыт намазда дәрет алып тазалануды бұйырған. Мұнымен қоса, барша мұсылманға жүніптік жағдайда, яғни ерлі-зайыптылардың жақындасуынан кейін денені тұтастай жуу міндеттелген.

Сондай-ақ, қоғаммен қарым-қатынаста ауыздан және киімнен шыққан жағымсыз иістер мен аяқ-киімде пайда болатын жағымсыз құбылыстардан тазаруды бұйырады. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тазалыққа қатысты айтқан хадистеріне сүйене отырып, әрқайсын бөліп қарастыруды жөн көрдік.

Иманның жартысы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Әбу Мәлік әл-Ашғари (Алла оған разы болсын) ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Тазалық – иманның жартысы» деп бұйырғанын айтады. Алла Тағалаға иман еткен барша пенденің арманы болған жәннаттың кілті – иман. Ал, осы иманның жартысы тазалықтан тұрады. Яғни исламның жартысы – тазалық екені белгілі. Барлық фиқһ кітаптарының бірінші тақырыбы – тазалық. Өйткені, таза болған адамды баршамыз жақсы көреміз, құрметтейміз. Ислам дінін насихаттайтын адам да алдымен өзін таза әрі тәртіпті ұстауы міндет.

Тіс тазалау

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мисуак [1] ауызды сергітеді және тазартады…» деп бұйырған. Ауыздың тазалығына қатысты тағы бір хадисте Пайғамбарымыз: «Егер үмбетіме қиыншылық болуынан қорықпасам, онда әр тазалықта мисуакты қолдануды бұйырар едім», – деген.

Біз адамдармен үнемі қарым-қатынаста сөйлегенде ауыздан жағымсыз иіс шығуын қаламаймыз. Ауызды үнемі тазалап жүрудің денсаулығымызға да пайдасы бар.

Тазалық – денсаулық кепілі

Әбу Хүрәйра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Фытраға (адам табиғаты) бес нәрсе байланысты: сүндеттеу, әурет жерлерді қылдан тазалау (қыру), тырнақтарды кесу, мұртты және қолтық асты түктерді кесу», – деген.

Адамның жаратылысына сай бұл бес тазалықты тұрақты қадағалауды талап еткен. Өйткені, бұл жұқпалы аурулар мен тері аурулардың алдын алу үшін болса керек.

Жұма алдында ғұсыл алу

Әбу Зарр (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұмада толықтай жуынып, денесіне хош әрі жұпар иістер сеуіп, ең жақсы киімін кисе, содан кейін мешітке келіп, бос әңгіме айтпаса немесе екі адамды бір-біріне жау етпейтін болса, осы күн мен алдыңғы жұманың арасындағы (оның күнәлары) кешіріледі», – деп бұйырған.

Екі жұма арасындағы күнәлардан арылудың басты шарты – тазаруға негізделген бұл хадисті оқыған барша мұсылман әр жұма сайын ғұсыл (толық жуынуға) алуға асығады.

Қоршаған ортаны таза ұстау

Муғаз бин Жәбал (Алла оған разы болсын) жеткізген бір хадисте, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарғыс тудыратын үш нәрседен сақ болыңдар: су көздеріне, жол жағасына (адамдар жүретін жерде) және көлеңкеде (адамдар отыратын көлеңкеде) дәрет сындырмаңдар», – деп бұйырған.

Қоғамдық орындар мен көпшілік қолданатын жерлерге қатысты Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде: «Жолдағы кедергілерді алып тастау – зекет (садақа)», – деп бұйырған.

Қуатты мүміннің артықшылығы

Әбу Хүрайра (Алла оған разы болсын) жеткізген бір хадисте, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екеуінің де өзіне тән қайыры болғанымен, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деп бұйырған.

Ауру – астан

Әл-Михдам (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген бір хадисте: «Мен Алла елшісінің былай дегенін естідім: «Алла Тағала адам баласының қан тамырларын жаман нәрселермен толтырмаған, тек адам өз қолымен өзіне жамандық жасамаса. Адам баласына өмір сүру үшін күнделікті аз ғана тамақ жеуі де жеткілікті. Асқазанның үштен бірі тағамға, үштен бірі суға және қалған үштен бірі ауаға қалдырылсын», – деп бұйырған.

Артық тамақ адамды жалқаулыққа, ұйқыға және семіздікке алып келіп, өмір сүру әдебіне қиындық туындатады.

Исатай БЕРДАЛИЕВ

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбу Абдуллах Мухаммад б. Исмайл б. Ибрахим әл-Жуфи әл-Бұхари (ө. 256/870), Жәми у-Сахих, «Тәмиз» бабы.
  2. Әбу Абдиррахман Ахмад б. Шуғайб б. Али ән-Насайи (ө303/915), Сунен, «Иман» бабы.
  3. Әбул-Хусайн Муслим б. Хаджаж б. Муслим әл-Кушайри (ө. 261/875), Әл-Жамиу с-Сахих, «Иман» бабы.
  4. Әбу Иса Мухаммад б. Иса б. Сәури әт-Тирмизи (ө. 279/892), Әл-Жәми у-Сахих, «Тамиз» бабы.
  5. Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, I-том, 18-45-беттер.

 

[1] Тістерді тазарту үшін арнайы ағаштың бұтақтарынан қалам іспеттес етіп жасалынған ағаш.

Таңбалар: гигиенаденсаулықисламтазалық
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?
Сұрақ-жауап

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?

24.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Еліміздің қай өңірлерінде мешіттер тығыз орналасқан?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00