Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сахабалар дәуірінде Құранды хатым ету дәстүрі болған ба?

28.05.2020
- Сұрақ-жауап
1
628
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен сахабалар дәуірінде Құранды хатым ету дәстүрі болған ба?

Жауап: Шынтуайтында, Құран оқу – аса маңызды құлшылықтардың қатарына жатады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Үмбетімнің құлшылығының ең маңыздысы – Құран оқу» (Сюти, Жамиу’-Сағир, І, 51) дейді. Себебі, мұсылман баласы Құран оқығанда Алланы еске (зікір) алады. Ал, Алла Тағаланы ынта-шынтамен еске алу – құлшылықтың тәжі іспетті. Хақ Елшісі (с.ғ.с.) келесі бір өсиетінде:

«Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, бір игілік. Ал, бір игі іске он есе сауап жазылады. Мен сізге «Әлиф-ләм-мим» бір әріп деп отырғам жоқ. Бәлкім, «Әлиф» бір әріп, «ләм» бір әріп, «мим» бір әріп» (Тирмизи, Фәдайлу’л-Қуран, 16) деп, Құран оқудың мұсылман баласын теңдессіз сауапқа кенелтетінін сүйіншілеген.

Жалпы, Хақ Тағала Құран Кәрім оқылған жердің берекетін арттырады. Бұл жөнінде ардақты Елшіміз (с.ғ.с.): «Үйлеріңізді намаз және Құран оқумен нұрландырыңыз» (Сюти, Жамиу’-Сағир, ІІ, 188) дейді. Демек, Құран оқылған жер илаһи нұрға бөленеді.

Сондай-ақ, Құран оқу – дүниелік һәм ақыреттік мәнге ие құлшылық. Өйткені, Парасат падишасы – әз Пайғамбар (с.ғ.с.) мұсылман баласының оқыған Құраны ақырет күнгі сын-сағатта оған зор шапағатшы болатынын (Муслим, Мусафирун, 253) өсиет еткен.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Хадис жинақтарында Алла Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айының түндерінде Жебірейіл періштемен бірге Құран оқып, оны хатым еткені жөнінде риуаяттар кездеседі (Бұхари, Бәд’у’л-уахи, Муслим, Фәдайлу’с-Сахаба, 99). Осыған орай фиқһ мамандары Рамазан айында Құранды хатым етуді мустахап амалдардың қатарына жатқызған. Ал, сахабалар дәуірінде Құранды хатым ету дәстүрі болған ба дегенге келсек, Абдуллаһ бин Амрдің жеткізуінше, оған Алла Елшісі (с.ғ.с.):

– Құранды бір айда хатым етіп тұр, деген. Сонда мен:

– Бір айда одан да көп оқи аламын, дедім.

– Онда он күнде бір рет хатым ет, деді. Мен:

– Он күнде одан да көп оқуға шамам жетеді, дедім. Сол кезде Алла Елшісінің (с.ғ.с.):

– Онда жеті күнде бір рет хатым қыл» (Муслим, Сәум, 35) деп ескерткенін хабарлайды. Әз сахабалардың Құран Кәрімді хатым етуді дәстүрге айналдырғаны туралы бұдан өзге де хадис жинақтарында көптеген риуаяттар кездеседі. Яғни, сахабалар тек Рамазан айында ғана емес, әрқашан Құран Кәрімді хатым етіп отырған.

Әнас бин Мәлик (р.а) жеткізген риуаятта:

«Алла Елшісі: «Амалдардың ең қайырлысы – Құранды хатым ету» (Құртуби, Тәзкар, 127) деген.

Осы себептен де, мұсылман үмбеті он төрт ғасырдан бері Рамазан айында мешіттерде Құран оқып, хатым етуді салтқа айналдырған. Бұл дәстүр қиямет қайымға дейін жалғаспақ.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Алла Елшісі (с.ғ.с)дәстүрсахабалар
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Тамыры терең дәстүр – елдік сананың негізі

26.02.2026
Сахабалардың саны қанша?
Сұрақ-жауап

Сахабалардың саны қанша?

16.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жүрек – адамның шынайы бейнесі

Пікір 1

  1. Гуля жазған:
    6 жыл бұрын

    Құран оқу ең қасиетті әрі құдіретті дүние. Барша дұға тілектеріміз қабыл болсын

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123376 бөлісті
    Бөлісу 49350 Твитерге 30844
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3343 бөлісті
    Бөлісу 1337 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00