Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саптың артында жалғыз тұрып намаз оқуға болмай ма?

18.04.2020
- Сұрақ-жауап
1
820
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Өткенде намазға барсам алдынғы сапта бос орын жоқ екен. Сосын жалғыз өзім артқы сапқа тұрып намаз оқыдым. Намазды бітіргеннен соң бір кісі қасыма келіп «Жалғыз тұрып намаз оқуға болмайды. Намазыңызды қайтадан оқыңыз» деді. Сондай жағдайда не істеу керек?

Жауап: Ахмад ибн Ханбал және Ибн Мәжә Али Ибн Шәйбаннан мынадай хадис жеткізген «Пайғамбарымыз саптың артында тұрған бір адамды көрді. Намазын бітіргенше қасында кұтіп тұрып, оған: «Намазыңды қайта оқы! Өйткені саптың артында жалғыз тұрып оқу дұрыс емес».

Ахмад ибн Ханбал, Әбу Дәуіт, Термези және Ибн Мәжә Уәбиса ибн Мағбадтан риуаят еткен тағы бір хадисте Пайғамбарымыздың саптың артында тұрған жалғыз адамды көріп, намазын қайта оқуды бұйырғандығы айтылады (Тирмизи, Муақит 56; Ибн Мәжә, Иқама, 54; Дарими, Солат, 61; Ибн Ханбал  IV, 228). Осы хадистерге сүйенген ханбали мәзһабы ғалымдары ондай адамның намазының дұрыс болмайтындығын айтса, өзге үш мәзһаб бойынша, намазы дұрыс, бірақ мәкруһ саналады. Бұған дәлел ретінде мына хадисті келтірген:

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) жамағатқа намаз оқытып, рукуғ жасаған сәтте Әбу Бәкір (р.а.) келіп, ол да рукуғ жасап, намазға қосылады. Алайда Әбу Бәкра жамағатпен қатарға бармай, жеке тұрған болатын. Бұл жағдайды келіп баяндағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла сенің жақсылыққа деген ынтаңды арттырсын. Бірақ ендігәрі бұлай істеме!» дейді (Бухари, Азан 114, Нәсәи, Имама 63, Ахмад ибн Ханбал, V, 39).

Егер намызды қайта оқу қажет болғанда әлгі кісіге намазын қайта оқытар еді.

Әрине ислам діні бірлікке, жамағатқа ерекше мән беріп, намаздардың жамағатпен оқылуын артық санаған. Сондықтан алдыңғы келтірілген хадистер себепсізден-себепсіз жамағатқа қосылмай, жалғыз өзі бөлектеніп тұрған адамға қатысты айтылған деп жорамалданған (Ю. Қардауи. Чагдаш меселелер фетуалар. Тахир баспасы, Стамбул, 1994, 1/342-344).

Жаңа айды көргенде не айту керек?

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026

Ханафи мәзһабында «Фәтәуә әл-хиндия» атты кітапта жалғыз өзі тұрып намаз оқудың мәкрух саналатындығын айта келе былай дейді «Мұхаммед ибн Шужа және Хасан ибн Зиядтың Имам Әбу ханифадан риуаят етуі бойынша «Егер саптың арасында бос орын жоқ болса, кейін келіп имамға ұюшының намазы мәкруһ емес. Алайда, мұндай жағдайда алдынғы саптағы бір адамды қасына тартып, онымен бірге сап түзеуі әрине жақсырақ саналады» «әл-Мухит» кітабында осылай.

Намазға ұюшының бұл жағдайда алдынғы саптан тартатын адамының  мәселені білетін кісі болғаны жөн. Әйтпесе намазын бұзып алуы кәдік. «Хизанатул фәтуәу» кітабында осылай келген» (Фәтәуә әл-хиндия. Мустафа Эфе. Акчаг баспасы)

Ибн Абидин осы мәселелерді тілге тиек ете келе былай дейді:  «Дұрысырақ көзқарас Хишамның Имам Мұхаммедтен жеткізген мына риуаяты:

«Ол рүкұғ жасағанға дейін күтеді. Осы кезде қасына біреу келсе, құба-құп. Келмесе, қасына алдынғы саптан біреуді жәйлап қасына тартады немесе алдынғы сапқа сығылысып тұрады». Бұдан кейін «Киние» кітабының авторы былай дейді «Кәзіргі уақытта жалғыз өзі тұрған абзал. Неге десеңіз қарапайым халықтың басым көпшілігі дінді терең біле бермейді. Артқа тартқан жағдайда оның намазы бұзылып кетеді».

Ал «Хәзәин» еңбегінің авторы былай дейді: «Егер алдынғы сапта дініне беріктігіне байланысты ондайды жатсынбайтын адамды көрсе, қасына қысылысып тұрады яки білетін біреуді көрсе, қасына тартып тұрғызады. Әйтпесе, жалғыз өзі тұрып намазын оқи береді» (Ибн Абидин. Рәддул мухтар. Шамиль баспасы).

Осы көзқарастарға сүйене отырып, намаздың дүрыс саналып, қайта оқудың қажеті жоқ екенін ұғынамыз.

Алау Әділбаев

Бөлісу20Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тарауих намазы – Оразаның емес, Рамазан айының сүннеті

Пікір 1

  1. Венера жазған:
    6 жыл бұрын

    Пайдалы мәлімет. Оқып риза болдым)

    Жауап беру

Венера үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00