Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Құран жүрекке жол ашады» деген сөзді қалай түсінеміз?

23.04.2020
- Сұрақ-жауап
1
602
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: «Құран жүрекке жол ашады» деген сөзді қалай түсінеміз?

Жауап: Әдетте имамдар мен дін қызметкерлерінің немесе уағызшылар насихат айтқанда «Алла кімді қаласа түра жолға салады» және «Алла тура жолға салғанды ешкім адастыра алмайды. Алла кімді адастырса, онда ешкім оны тура жолға сала алмайды» деген сөздерді жиі естиміз. «Құран жүрекке жол ашады» деген сөздің мағынасы осы десек те болады.

Өйткені Құран – Алла Тағаланың сөзі. Алла Тағала адамның көңілін исламға ашса, ол адам ойламаған жерден имандылық жолына түседі. Ал енді керісінше, пендесін адастырамын десе, онда оның көздері мен құлақтарына перде жауып қояды. Сөйтіп ондай адамдар адасқаннан адасып кете барады. Оларға сен қанша жерден уағыз айтсаң да олар сені тыңдамайды, керісінше сені ақымақ, ал өзін  ақылды санайды:

«Күпірліктерін жалғастыру себебімен Алла олардың жүректерін мөрлеген. Сондықтан азы ғана иман етеді» (Ниса: 155).

«(Мұхаммед (сғ..) Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректеріне, құлақтарына мөр басқан. Әрі көздерінде перде бар» (Бақара: 6-7).

Егер Алла бір пендесін түра жолға салғысы келсе, онда оның жүрегінде исламға махаббатын ашады. Ол адам қып-қызыл атеист немесе басқа дін өкілі болса да исламға бет бұрады. Мысалы, ислам тарихында жүрегі тасқа айналған қанпезер Әл-Фузайл ибн Ияз есімді қарақшылардың басшысы болған. Кейін дін жолына түсіп, Аллаға махаббат қойғаны сонша, Алла жайында көп білетін үлкен ұстаздардың біріне айналады.

Әл-Фузайл ибн Ияз өзі турасында: «Бір күні кәсібі бойынша ол тонау үшін үйге ұрлыққа түседі. Бір кезде үйден біреудің оқып отырған: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар», (Хадид: 16) – деген Алланың аятын естиді.

Сонда оның аяқтары сал болып, жүруге шамасы келмей орнында тұрып қалады. Сосын ол: «Ей, Раббым! Жүрегімнің Сені зікір етіп қорқатын кезі келді. Аллаға ант етемін! Осы күннен кейін саған күнә жасамаймын», – деп Аллаға уәде бердім» дейді. Осылайша Алланың кәләмі қарақшының жүрегіне жол салып, исламға махаббатын ашты.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Таңбалар: ЖүрекҚұран
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жүрек пен тіл
Ғибратты әңгімелер

Жүрек пен тіл

22.11.2025
Америкалық саясаткер Құранды өртемек болды
Жаңалықтар

Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда неге қорқыныш, үрей туралы көп айтылады? 

Пікір 1

  1. Ализа жазған:
    6 жыл бұрын

    Мына жазба жүрекке жетті. Тамаша ♥

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00