Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қарызға берілген ақшаны зекет ретінде санауға бола ма?

30.04.2020
- Ислам
0
829
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ауылдасым қалаға келіп жоғарғы оқу орнында оқитын. Жағдайы да жақсы болатын, бір күні менен қарызға ақша сұрады. Осы уақыттан кейін, мен білмейтін бір себептерге байланысты оның қаржылық жағдайы күрт нашарлап кетті. Сол себептен де, менен алған қарыз ақшамды оған зекетім болсын десем бола ма?

Құрметті, отандас бауырым!

Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы ғұламаларының тұжырымдамасында, қарызға берілген ақшаны уақыт өте келе зекеттен дей салуға үзілді-кесілді қарсылық білдірген. Өйткені зекет, сол мезетте берген адамның меншігінде болуы және зекет ниетімен беруі шарт. Сонымен қатар, қарыз ол адамның жеке басына қатысты құқығы, ал зекет мүлкіне қатысты, жеке басының құқығы зекет ретінде жүрмейді.

Осы себептерден де, қарыз беруші, қарыз алған адамға зекетін беруі және қарыз алған адам да осы қаражатпен қарызын өтеуі ең абзалы. Алайда бұл амалды орындау барысында, шарт қосуына рұқсат етілмеген. Яғни, зекетін беретін адам, қарыз алған адамға қарызыңды өтейтін болсаң ғана, саған зекетімді беремін деуі дұрыс емес.

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Шағбан айының қасиеті неде?

Шарапаты мол Шағбан

19.01.2026

Бұл мәселеде екі тарап та шарт қоспастан зекет беруші зекетін беруге, қарыз алушы да қарызын өтеуге ниет етіп, арасында зекетін алып, артынша қарызын өтейтін болса еш әбестігі жоқ. Сонымен қатар, қарыз алушы «Менің жағдайымды білесің, қарызымды өтеуге шамам жоқ. Маған зекет берсең мен сенен алған қаражатты қайтарар едім» дейтін болса, ол да зекетін беретін болса рұқсат етілген. Бұл жердегі қарыз беруші емес, алушы тарапынан жасалған шарт емес, ұсыныс ретінде қарастырылған.

Қарыздың осындай себептеріне байланысты, қарыз беруші зекетін бергеннен кейін, қарызын қайтар деуіне де болады деген ислам ғұламаларының пікірі бар. Бұған қоса, қарыз алушы тағы да басқасынан қарыз алып қарызын өтеп, берілетін зекетін алып, қайта қарызын өтеуіне де болады деген ұтымды пікірлер айтқандар да бар. Ислам тарихында бұндай оқиғалар қайталанған. Өйткені қолда болмаған қаржыдан зекет берілуі және фиқһтағы меншікте болу шартын толықтыру мақсатында бұл амалды орындаған.

Алайда, ислам фиқһындағы «меншік» сөзін кең мағынады қолдануды ұсынған Ислам зерттеушілері ғылымхал және негізгі діни мағлұматтар әдебиетінде шешу жолдарына қатысты мынадай мәліметтер бар. Қарыз алушыға барып «Сенен алашағымды зекет орнына салдым, өзің енді қарызбын деп қымсынба, қарызбын деп енді уайымдауыңның қажеті жоқ!» деп айтуда зекетті берілген және екінші тараптың да қарызынан құтылған болады.

Ақша беріп оны қайта алып, түсініспеушілік туындатудың қажеті жоқ. Ислам зерттеушілері меншіктеуді зекетте кең мағынада осы мақсатта қолдану екі тараптың да пайдасына шешілуі үшін осы тәсілді қолдануды жөн санаған. Қарыз алушы зекет алудан бас тартатын болса, қарыз берушінің берген бұл қаражатын, зекет ретінде басқа да мұқтаж жандарға беруіне болады.

Исатай Бердалиев

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абдуррахман әл-Жазири (ө. 1941), Китабу л-Фиқһ ала л-Мәзһаби л-әрбағи, 349-бет.
  2. Әбу Бәкір Шәмсу л-Әимма Мухаммад б. Әби Сәхіл Ахмад әс-Серахси (483/1090) әл-Мәбсут, Бәйрут жылы көрсетілмеген, ХХI-том, 86-бет.
  3. Әбу Абдуллах Шәмсуддин әл-Хаттаб Мухаммад б. Мухаммад б. Абдиррахман әр-Руайна әл-Мағриб (ө. 954/1547), Мәуәхибу л-Жәлил ли шәрхи Мухтасар Халил, Бейрут 1416/1995, V-том, 356-бет.
  4. Әбу Абдуллах Шәмсуддин әл-Хаттаб Мухаммад б. Мухаммад б. Абдиррахман әр-Руайна әл-Мағриб (ө. 954/1547), Мәуәхибу л-Жәлил ли шәрхи Мухтасар Халил, Бейрут 1416/1995, I-том, 426-бет.
Таңбалар: АқшаЗекетқарыз
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?
Ғибратты әңгімелер

Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?

17.06.2025
Қарызды уақытында қайтармау күнә бола ма?
Сұрақ-жауап

Исламда қарыз алу мен берудің ережелері бар ма?

10.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00