Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халифа Омар (р.а.) заманындағы дағдарыс

22.03.2020
- Мақалалар
0
332
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

18 һижра жылы халифа Омар (р.а.) билігінің тұсында мұсылман мемлекеті екі бірдей ауыр жағдайды басынан өткерді. Палестинаға қарасты Амуас шағын қалашығынан оба шықты. Оба дерті ушығып, Шам аймағына таралды. Амуас обасынан 25 мыңға жуық кісі көз жұмды. Оның ішінде, үлкен сахабалар да бар еді. Осы шақта, Мадина қаласы мен оның төңірегіндегі ауыл-аймақтарда бұрын-соңды болмаған қуаңшылық басталды.

Бұл жыл тарихта – рамада, яғни күлгін жылы деген атпен қалды. Рамада – күл деген сөз. Жаңбыр жаумай, жер бетін күн күйдіріп тілім-тілім етіп, айнала күлгін түсті боп кеткен еді. Мұндай ұзақ уақыт жауын-шашынсыз болып көрмеген. Қуаңшылық салдарынан құдық сулары тартылып, егістік күйіп, астық азайды. Қорадағы мал жадап-жүдеген. Сойған малдың еті жарамсыз халге жетті. Аштықтан жыртқыш аңдар қала маңайына бас сауғалады. Рамада жылы аштықтан әйел мен бала көп қайтыс болды.

Ішерге асы қалмаған алпыс мыңға жуық кісі Мадина қаласына қоныс аударды. Халифа қазан астырып, халыққа ыстық тамақ ұйымдастыруды тапсырды. Омар (р.а.) өз қолымен тамақ құйып таратты. Осы жылы халифа қаланы түнде аралап жүріп әңгіме-дүкен құрған отбасын, ойнап-күлген бала-шаға дауысын естімеді. Тіпті, елде ашаршылық жайлағандықтан қайыршылар да сұрауын доғарған еді. Халықтың жағдайы қатты ауырлап кетті[1]. Халықтың жағдайына халифа қатты уайымдады.

Әнас бин Малик (р.а.) «Омар қуаңшылық жылы сұйық май жеп жүрді. Сары майды өзіне тиым салды. Сонда, аштықтан асқазаны құрылдайтын. Ол саусағымен ішін нұқып, қанша құрылдасаң да ел жағдайы түзелмейінше саған берер ештеңем жоқ[2]»,-дейтін.

Кейбір деректерде жұрт дала тышқаны мен кесіреткеге дейін жегені айтылады. Халифа тамақ ұрлаған адамдарды жазаламауға бұйрық берді. Шариғатта адам өмірі мен денсаулығын сақтау және қорғау діннің басты бес мақсатының бірі. Суық мезгілде науқастық таяммум алуы, денсаулығы жарамайтын адамның рамазан оразасынан босатылуы сияқты шариғаттың жеңілдіктері адам денсаулығын қорғауға негізделген.

Жердегі періште

Жердегі періште

26.11.2025
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025

Халифа Мысыр елінің әміршісі – сахаба Амр бин Ас, Басра әкімі – Әбу Мұса Ашғари, Куфа әкімі – Сағд бин Әбу Уаққас және Шам аймағы әкімі – Мұғауия бин Әбу Суфиянға қажетті азық-түлік және киім-кешек гумманитарлық көмек сұрап хат жолдады. Мысырдан ұн тиелген мың түйе, азық-түлік пен бес мың киім-кешек тиелген жиырма кеме жолға шықты. Куфадан үш мың ұн артылған түйе мен үш мың киім-кешек жетті. Шам аймағынан екі мың түйеге азық-түлік артып жөнелтті.

Осы жылды еске алып, Омардың ұлы, сахаба Абдулла былай дейді: «Ол жыл өте ауыр жыл болды. Әкем дала арабтарына көмек ретінде ауыл-аймақтан түйе, бидай, май және басқа да азық-түліктер жөнелтті. Ақырында, азық-түлік толығымен таусылды. Омар құптан намазынан кейін үйіне барып, түн жарымға дейін тағы намаз оқып, дұға жасайтын. Соңыра түн ортасында қаланың атырабын айналып халыққа дұға етумен таң аттыратын. Сол жылы Омар аз ұйықтап, аз тамақтанып, бала-шағасына жоламайтын. Ақыры соңы жаңбыр жауын елдің тұрмысы бірте-бірте қалпына келе бастады»,-дейді.

Осылайша, Омар кезеңінде ел-жұрт бірлесе әрекет етіп, әрі дұға жасап қиын-қыстау уақытты еңсерді. Құран Кәрімде: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде, ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар[3]»,-деп айтылады.

Бұл қос аятқа қатысты ғалымдар екі аяттағы ауырлық сөзі деректі, белгілі болғандықтан – екеуі бір, ал жеңілдік сөзі белгісіздік формасында болғандықтан – екі бөлек екі жеңілдік болып тұр дейді. Демек, Жаратқан Ие жіберген қиыншылықтан соң екі қуаныш, екі жақсылық келуі иләһи заң. Алла Тағала еліміздің тыныштығы мен амандылығын баянды еткей!

Руслан ҚАМБАР   

[1] Ибн Касир

[2] Ибн Сағд, Абдураззақ

[3] Инширах сүресі, 5-6 аяттар

Таңбалар: Халифа Омар
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Аманатты сақтаудың үлгісі бар ма?

13.07.2023
Қоғам

Адамгершілік ұлт пен дінге бөлінбейді

15.10.2020
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Індет кезінде мешітке кіргізуін талап еткендері дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00