Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алла елшісінен кейінгі мәртебелі тұлғалар кімдер?

28.02.2020
- Сұрақ-жауап
0
318
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Дініміздегі Алла елшісінен кейінгі мәртебелі тұлғалар кімдер?

Жауап: Нағында, пайғамбарлар Ұлы Жаратушының адамзат баласына жіберген ең таңдаулы құлдары. Олар Алла Тағаланың мейірімі мен рақымдылығы ретінде жер бетіндегі қауымдарға елшілер және нәбилер болып келген. Сол себепті, пайғамбарлық – адамзат баласы үшін ең үлкен мәртебе саналады. Ешбір адам көркем-мінезімен және мінсіз құлшылығы арқылы мұндай биік мақамға қол жеткізе алмайды.

Алла елшісінен (с.ғ.с.) кейін ізгі буын ретінде сахабаларды алға тартамыз. Олар – Хақ елшісінің (с.ғ.с.) үзеңгілес серіктері һәм Хақ дінді алғаш болып қабылдаған алғадай мұсылмандар.

Біздің сахабалар туралы теріс пікір айтуымызға болмайды. Олардың өз араларында болған талас-тартыстарда қайсысыныңкі жөн екеніне төрелік айтуға құқымыз жоқ. Бұл мәселеге тек мужтаһид ғұламалардың ғана пікір айтуына рұқсат етіледі. Өзгеміз мұндай мәселелерді Аллаға тапсырамыз.

Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026

Хақ Тағала Құран-кәрімде сахабалардың мәртебесі туралы: «Мұһажир, әнсарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды. Әрі олар да Алладан разы болды. Сондай-ақ Алла, олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жаннаттер әзірледі. Осы ірі мұрат» (Тәубе, 100) деп бұйырған. Яғни, сахабаларға Алланың өзі разы болғандықтан, біз олар хақында теріс немесе жағымсыз пікір айта алмаймыз.

Ал, сахабалардың ішінде өзгелерден кімнің мәртебесі жоғары дегенге келер болсақ, атақты муткәллим Омар ән-Насафи өзінің «Ақайд-Насафи» атты рисаласында: «Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейінгі адамдардың ең ізгісі – Әбу Бәкір Сыддық (р.а.). Одан кейін әзіреті Омар Әл-Фаруқ (р.а.), одан кейін әзіреті Осман Зиннурайн (р.а.), сосын Әли Әл-Мұртаза (р.а.). Алла Тағала олардың бәріне разы болсын. Олардың халифалықтары да осы ретпен жүзеге асқан» – дейді.

Иә, пайғамбарымыздан кейін үмбеттің ең ізгісі – Әбу Бәкір (р.а), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.). Ал, олардан кейінгі мәртебесі жоғары мұсылман ретінде көзі тірісінде жұмақпен сүйіншіленген сахабаларды айтамыз.

Жалпы, әһлі-сүннет ақидасы бойынша көзі тірісінде жұмақпен сүйіншіленген он сахабаны (ашара-й-мубашшара) растап, қабылдауымыз керек. Олардың бірде-бірін теріске шығаруымызға болмайды. Өйткені, олардың мәртебесі ешқашан  төмендемейді.

Ислам тарихындағы жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның есімдері: Әбу Бәкір (р.а), Омар (р.а), Осман (р.а), Әли (р.а), Талха (р.а), Зүбейр ибн Әууам (р.а), Саад Бин Әбу Уаққас (р.а), Саид Бин Зейд (р.а), Әбдуррахман Бин Ауф (р.а), Әбу Убайда Бин Жаррах (р.а). Алла-тағала оларға разы болғай!

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: дінПайғамбарсахаба
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Дін мен экстремизмнің айырмашылығы
Ағымдар ақиқаты

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы

05.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бақытты жанұя болудың құпиясы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120959 бөлісті
    Бөлісу 48384 Твитерге 30240
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00