Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дәстүрлі емес исламдық ағымдардың ерекшеліктері мен зардаптары қандай?

03.02.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
657
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазір Қазақстанда ислам бағытында қызмет ететін бірден-бір діни бірлестік – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екені баршаға мәлім. Дегенмен, ресми тіркелместен әрекет етіп отырған дәстүрлі емес ислам бағытындағы ағымдардың тұрғын халық арасындағы іс-әрекеті жалғасуда. Олардың ең белсендісі – салафилік идеологияны ұстанған жамағаттар.

Салафилік идеологияны ұстанушылардың басты мақсаты – тек ислам шариғатына негізделген мемлекет құрып, демократиялық қағидаттарға негізделген зайырлы мемлекеттік құрылымдарды жою.

Уаһабшылық-салафилік ағым идеологтары зайырлы елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарды «жәһил» («надан») қоғамнан оқшаулануға, «кәпір» болғандармен немесе дінге «бидғат» («жаңашылдық») енгізетіндермен барлық қарым-қатынастарды үзуге үндейді.

Олар өз ішінде сурурилер, мадхалилер және тәкфіршілер болып бөлінеді.

Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026

Сурурилер – Сауд Арабиясы билігінің елге Америка Құрама Штаттары әскерлерін кіргізу шешіміне қарсы шығып, оларды кәпір ретінде айыптаған мәдиналық салафилер жамағаты.

Сурурилер төзімсіз діни ағымға жатады. Саудиялық сурурилер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпір деп есептейді. Сондай-ақ мемлекет билігінің кәпір елдермен қарым-қатынас жасамауы қажет деп санайды.

Сурурилердің шетелдік идеологтары қатарында Насыр әл-Омар, Сүлеймен әл-Ауда және Аид әл-Қарни сияқтылар болса, орыс тілді идеологтары арасында Эльмир Кулиев, Надир Әбу Халид, Абу Умар Саситлинский және т.б. бар.

Мадхалилер – Рабиибн Хади әл-Мадхалидің көзқарастарын ұстанған мәдиналық салафилер. Олардың негізгі ұстанымы қандай жағдайда болмасын мемлекет басшысына бағыну болғандықтан, мадхалилер кейбір араб-мұсылман елдерінің билік өкілдеріне ұнап, белгілі бір дәрежеде қолдау табуда. Олар өздерін «мадхали» деп атамайды және тақлид (еліктеу, ұқсау, біреудің ісін қайталау, біреудің жолымен жүру) жасауды дұрыс деп санамайды. Өздерін нағыз салафи, әхли сунна уәл жамағат жолында деп санап, өзгелерді адасуда деп ойлайды.

Негізгі идеологтары – ибн Тәймийә, ибн Қайим, Мұхаммедибн Абд әл-Уаһһаб, Абд әл-Азиз ибн Бааз, Мұхаммедибн Салих әл-Усаймин, Салих әл-Фаузан, Насруддин әл-Албани, Абд әл-Мухсин ибн Бадр әл-Аббад, Раби ибн Хади әл-Мадхали және т. б. Мадхалилер сырттай байсалды болып көрінуге тырысқанымен, олардың әрекеттері конспиративті ұстанымда екенін байқауға болады.

Тәкфірші-жиһадшылар ислам діні жөніндегі мәселелерде өзінің ұстанатын діни түсінігі мен бағыт-бағдарына сәйкес келмейтін кез-келген адамға (әсіресе мұсылманға) «кәпір» деген айып тағу арқылы оны діннен шыққан деп есептейді. Олар өз идеологиясында салафилік діни түсінікке сүйенеді. Дәстүрлі исламды ұстанатын өзге мұсылмандарға «дінсіз» деген үкім береді.

Тәкфірші-жиһадшылар мұсылман елдеріндегі билік басшыларының, құқық қорғау органдары мен құрылымдарының әрекеттері өз идеологияларына қайшы келсе, оларға қатысты «тәкфір» үкімін жариялап, ондай мемлекетті «тағұт» (пұтқа табынушылар) деп атайды.

Айналадағы қоғамды толығымен кәпірге шығарып, «тағұт» деп айып таққан соң, тәкфіршіл-жиһадшылар екі әдістің бірін қолданады: «кәпір» атанған өзінің тұрып жатқан жеріне «жиһад» (соғыс) жариялайды немесе ислам жеріне «хижра» (көшіп қоныстану) жасайды. Олардың бұл әдістерінің ешбірі дәстүрлі ислам қағидаттарына сәйкес келмейді.

2014 жылғы 18 тамызда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Ат-тәкфір уәл-хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, оның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынды.

Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Таң намазы сүннетінің қазасы өтеле ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120958 бөлісті
    Бөлісу 48383 Твитерге 30240
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00