Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алимент төлету кімнің міндеті?

24.10.2019
- Қоғам
0
@24.kz

@24.kz

295
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Соңғы уақытта біздің қоғамда алимент төлемейтін әкелерге қарсы күрес басталғандай. Өйткені, аталған мәселеге қатысты түрлі деңгейде шешімдер қабылданып, шаралар қолданылып жатқанын көріп жүрміз.

Тіпті, бұл шаруа әкімдік деңгейінде талқыланатын өзекті мәселеге де айналған секілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да осыған қатысты тиісті жұмыстарды қолға алып отыр. Алайда, бұл әкімдік я мүфтият араласатын шаруа ма еді? Мәселеге осы қырынан бір үңіліп көрейікші.

Қисынға салсақ, алимент – әркімнің жеке шаруасы. Яғни, ерлі-зайыптылар арасындағы мәселе. Одан қала берді соттардың айналысатын ісі. Ал оған әкімдікті, мүфтиятты араластыру ақылға қонбайды. Бұл – екі баласы үшін алимент төлеп отырған астаналық Ербол Тезекбаевтың пікірі.

«Меніңше, алимент – ерлі-зайыптылар арасындағы шаруа. Оған ата-ана да, басқалары да араласа алмайды. Иә, алимент төленбей жатса, сотқа жүгініп, өндіріп алу керек. Бұл дұрыс. Бірақ, алимет мәселесі әкімдік пен мүфтияттың араласатын шаруасы емес.

Сондай-ақ Ербол алимент төлемейтін әкелердің аты-жөндерін көрнекі орындарға жазып қою, осылайша елге масқаралау туралы бастаманы да орынсыз дейді.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Өз басым мұны шектен шыққандық деп ойлаймын. Иә, сот шешімін орындау керек. Бірақ, бұлай орындату дұрыс емес. Себебі, әкелердің бәрі бірдей алимент төлемей жүрген жоқ. Бала-шағасынан безініп, бір тиын да ұстатпай жүргендер жоқ емес, бар. Бірақ, ұл-қызына қамқорлық жасап жүргендер неге қосақ арасында кете баруы керек?!

Ербол Тезекбаевтың пікірінше, алимент төлей алмаса да, балаларына қарайласып, заттай, киім мен азық-түлігін жеткізіп көмектесіп жүрген де азаматтар бар.

Мәселен, мен балаларыма қаржылай көмек бере алмасам, көмек көрсетудің басқа жолдарын табамын. Қысқы соғымын алып беремін, бастан-аяқ киіндіремін дегендей.

Оның үстіне ажырасқан әкелердің көпшілігі екінші рет отбасы құрады. Осы жағын да ескерген жөн. Олар да адам баласы», – дейді Ербол Тезекбаев.

Сөйтсек, алимент төлемейтіндерге қарсы күрестің жандануына түрткі болған басқа себеп бар екен. Ол – ел ішінде үкіметке алақан жайып, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың шектен тыс көбеюі.

Мәселен, төрт баласы бар күйеуінен ажырасқан әйел әкімдікке көмек сұрай барды делік. Шенеуніктер күйеуі туралы сұрайды. Сөйтсе, ажырасқан. Алимент алмайды. Бұрынғы күйеуінің қазір екінші отбасы бар. Сот одан алимент өндіру туралы шешім шығарған. Бірақ, өндіре алмайды. Себебі, ол жұмысқа заңды түрде орналаспайды. Мұның соңы осындай әлеуметтік мәселеге айналып отыр.

Бұл бір отбасының басындағы жағдай болса, әңгіме бөлек. Алайда, ажырасқандардың дені осындай күй кешіп жүр. Сол себепті етек алып келе жатқан мәселеге әкімдіктер мен мүфтият та араласа бастады.

«Жалпы, мұның артында тағы бір мәселе қылаң береді. Ол ел ішіндегі ажырасу көрсеткішінің күрт көтеріліп кетуі. Сондықтан бұл мәселені кешенді түрде шешкен дұрыс болады», – дейді отандық әлеуметтанушылар.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда алимент бойынша қарыз көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде нақты қарыз көлемі туралы дерек жоқ. Дегенмен, бірнеше миллиард теңгеге жетті дегенді билік өкілдерінің аузынан жиі естиміз.

Мәселен, 2018 жылы сот орындаушылары алиментке қатысты 248 087 құжатты рәсімдеген екен. Өкінішке қарай, соның тек 25 пайызы ғана орындалған. Ал 2019 жылдың алғашқы үш айында алимент өндіру бойынша рәсімделген 201 739 құжаттың тек 8 пайызы ғана соңына дейін орындалған.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкіл имамы Төлеби қажы Оспанның айтуынша, ажырасқан ерлі-зайыптылар баланың санасы мен тұрмысы бұзылмай өсуін қадағалауға жауапты. Өйткені әкелік және аналық жауапкершілік ажырасқан соң да сақталады. Бала ешбір жағдайда тәрбие мен материалдық қолдаудан айырылмауы тиіс.

«Шариғатта ауыр күнәнің бірі – өзінің жауапкершілігінде болған жандарды қараусыз қалдыру. Бұл жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Ер кісіге өзінің асырауында болғандарға қарамай қоюы күнә ретінде жетіп-артылды», – деп ер-азаматтарға ескертеді.

Демек, адам баласы Құдай сүйетін қаншама игі амалдар жасаса да Алланың алдында күнә арқалауына отбасы жауапкершілігін сезінбеуінің өзі жеткілікті болады. Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өсиетінің бірінде:

«Бір динар бар, оны Алла жолында жұмсайсың. Тағы бір динар бар, оны адамды құлдықтан азат ету үшін жұмсайсың. Ал, тағы бір динар бар, оны мұқтажға садақа етесің. Енді, бір динарды отбасыңа жұмсайсың. Міне, ең сауабы көбі де отбасыңа жұмсалған динар», – деп ер кісінің отбасы үшін жұмсаған қаражаттың сауабы көп екендігін айтып сүйіншілейді», – дейді Төлеби қажы Оспан.

Биліктің алимент төлемейтін әкелерге қатысты шара қолдана бастағаны – жағдайдың күрделене түскені деген сөз. Мұның арты неге апарып соғарын бір Алла ғана біледі…

Таңбалар: ажырасуалиментотбасы
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі
Қоғам

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

22.10.2025
Екі алқа, бір шындық
Қоғам

Екі алқа, бір шындық

20.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ұлтыңа ұл болу – Жаратқанға құл болу!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00