Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жат ағымның жетегінде тоқырауға ұшыраған тағдыр

12.09.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
139
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тағдырдың басқа салған қиындығын оңай жолмен еңсеремін деп, білместіктен немесе діни сауатсыздықтың салдарынан деструктивті діни ағымның арбауына түсіп, өз қателігін кеш болса да түсініп, елге оралған Айгерім (аты өзгертілді) Сирияда көрген азапты күндерімен бөлісуді жөн санады. Бұл ойын ол басқа адамдардың да адасып, жалған діни ағымдарға сенім білдіріп, тыныш өмірлерінің тозаққа айналдырғанын қаламайтындығымен түсіндірді.

Бүгінде екі бала өсіріп отырған Айгерім, жалған сенімнің жетегінде кетіп, Қарағанды қаласында оқып жүрген жоғарғы оқу орнын аяқсыз тастап, 2013 жылы 19 жасында Түркия арқылы Сирияны бетке алады. Бұл жағдайдан мүлдем бейхабар ата-анасы қызын қанша іздегенімен істері нәтижесіз болып, шарасыз күй кешеді.

Көзіне жас алған Айгерім өз сөзін:

«Газиантеп қаласында бір күн түнетіп таңертеңгісін шекараға жеткізді. Зәйтүн егілген егістік алаңын 15-20 минуттай жүгіріп шекара астық. Жеткен соң бізді араб ұлтының азаматтары күтіп алып, ерлер мен әйелдерді екі топқа бөліп, тізімге тіркеп бізді алып кетті. Бір күннен соң мені қазақ жамағаты ортасына апарып, қазақ азаматына некеге тұрғызды. Екі жыл өткен соң жолдасым қайтыс болып, қолымда бір жасар ұлым, құрсағымда үш айлық баламмен жесір қалдым. Екінші ұлымды босанғаннан кейін әзірбайжан ұлтының азаматымен некелестірді. Ол кісі 4 ай 10 күннен соң соғыста қайтыс болды. Қолдан қолға некелестіру осымен тоқтамады, ендігі жолдасым араб ұлтынан болды. Бұл некеден дүниеге үшінші ұлымды әкелдім. Балаларымды ешқандай медициналық жағдайлар қарастырылмаған үйде босандым. Осының және өзегімді өртеген өкініштерден салдарынан ұлым салмақ қоспайтын дертпен әлжуаз болып туылды», – деп жалғастырды.

«Көретініміз күнделікті атыс, жарылыстар, жерде жатқан адам дене мүшелерінің бөлшектері, айнала қанға оранған. Шаддат қаласында әуе шабуылынан қорғануға арналған арнайы ғимаратта жасырынып, жан сақтап жүрдік», – деді Айгерім көз жасын тоқтата алмай.

О понятии и признаках религиозного экстремизма

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026

Жастар діни манипуляцияға қалай беріледі?

20.01.2026

– Ұйқысыз, ас-тұзсыз күндерім, еліме, жеріме деген сағынышым, кеткенім үшін өкінішім жанымды жегідей жеп, үш баламды қолыма алып қашуға бел будым. Жолдасымнан көмек сұрағанда еш көмектесе алмайтынын, көмектессе өлім жазасына кесілетінін айтып бас тартты. Жамағаттан шекара асуға көмек бере алатын адамдардың бар екенін және ақысына он екі мың АҚШ долларын алатындарын естідім. Қолымда ондай қаражатым болмаған соң, үш баламды қолға алып, қақаған қыстың қаңтар айында еш дайындықсыз қашуға шешім қабылдадым. Соғыста ұшқан оқтың арасымен жанымды қолға алып жолға шықтым. Шөл даладан бала арбасын тауып алдым. Ішуге су, жеуге тамақ тіпті балаларымды орайтын көрпесіз 20 км. мина алаңын 30 сағаттай жүріп өттім.

Жолдағы көрген  қиындықтардан соң төрт айлық құндақтағы балам қайтыс болды. Баламды өз қолыммен шөл далаға жерлеп, біршама уақыттан соң күрттердің лагеріне жеттік. «Мухаджерсің» бе? (шет ел азаматшасысыңба), – деп «Макар» деген әйелдер лагеріне орналастырды. Макарда жүргенде екінші ұлым шатырдан құлап, кемтар болып қалды. Осы лагерде бес ай болып, «Жусан-3» операциясымен Отаным Қазақстанға оралдым. Аллаға шүкір, Елбасымызға алғысым шексіз!

Жат ағымға түсу себебімнің бірі – діни білімімнің таяздығынан. Білім алудың түрлі жолдары бар, әсіресе діни білім алушыларға аса сақтық қажет екенін, тек мамандардан, яғни ҚМДБ-ның қарамағында жұмыс атқарып жүрген мешіт имамдарынан сұрау керек екенін айтқым келеді. Мен басқан қадамға, мен адасқан ағымға ешбір қаракөз қазағым алданбасын деп тілеймін. Жастық қызбалығыммен көп нәрсенің байыбына бармастан, оқып жатқан медициналық білімімді тастап кеттім. Ата-анамның барын бағаламай, туып өскен жерімнің қадірін бағалай білмегенім, жадымда жазылмастай жара қалдырды. Жазықсыз төгілген мұсылман бауырларымның судай аққан қандары, бөлшектеліп жатқан денелер, ұшқан оқ, еңіреген ана мен бала бір сәтте ойымнан шығар емес. Өзім көзбен көріп, көкейіме түйгенім Аллаһ жолында «Жиһад», мұсылман бауырларымызға көмек керек және т.б. түрлі үгіттерге салып, алдап-арбап шақырып, жер мен мұнайдың дауы үшін болып жатқан қан майданның қақ ортасына бірақ апаратындарын айтқым келеді.

«Айналайын қазағым, қара көздерім, әр қазақ менің жалғызым демекші адаспайық! Қазақ екенімізді, бабаларымыздан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен мұра болып қалған ұлан байтақ жеріміз, бейбітшілік орнаған көк аспанымыз, ұлттық салт-дәстүріміз бар екендігін ешқашан ұмытпайық! Аманат етілген кең байтақ Қазақстанымыздың көк туын көктен түсірмейік, аманатымызға қиянат жасамайық!», – деп жадында жүрген өкінішімен бөлісті Айгерім.

А.Айтенова

Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері

Таңбалар: "Жусан" операциясыжат діни ағымдарСирия
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Түркия Сирияға 11 гуманитарлық жүк көлігін жіберді
Жаңалықтар

Түркия Сирияға 11 гуманитарлық жүк көлігін жіберді

26.01.2026
АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына ауқымды соққы жасады
Жаңалықтар

АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына ауқымды соққы жасады

11.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Акушердің мұсылман болуына себеп болған оқиға

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00