Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ілім мен білімнің айырмашылығы бар ма?

24.08.2019
- Сұрақ-жауап
2
4.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Кезінде көптеген ишандарды, әулиелерді ілімді болған дейді? Сонда ілім мен білімнің айырмашылығы бар ма?

Жауап: Ілім – араб тілінде «білу», ал терминдік сөздіктерде ілім – «Шындық пен оқиғаны дәл жеткізетін хабар мен көзқарас» (Журжани, әт-Тарифат, Бейрут, 1985, 160 б) және «Бір нәрсені дәл болғанындай түсіндіру, беймәлім нәрсенің білінуі, нәпсінің бір нәрсенің мағынасына білуі» ((Журжани, әт-Тарифат, Бейрут, 1985, 167 б) деген ұғымдарды білдіреді.

Әсілі, Алла Тағала Құран-кәрімде: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы» (Алақ, 1) деп бұйырғандықтан, біз қандай пәнді үйренсек те ол ілім болып саналады. Десе де, орта ғасырларда ислам медреселеріндегі рухани және дүниеуи пәндердің оқытылуына байланысты ілім және білім түсініктері ортаға шықты.

Ілімге Құран, тәпсір, хадис, фиқһ, кәлам, ихсан, ал фән ілімінің (дүниеуи) қатарына жағрафия, математика, астрономия, физика және т.б. пәндер жатқызылды. Жалпы, бұлай жіктеу оқу-әдістеме үшін ілімді шартты түрде ғана бөлу еді. Себебі, ілім – рухани болсын, дүниеуи болсын, ол ақиқатты паш етеді. Мысалы, бір қарағанда дүниеуи (зайырлы) ілімдердің бұл әлемді танытатын функциясы басым секілді болып көрінгенмен, шынтуайтында ол да Алланың ақиқатына куә келтіреді. Яғни, ілім мен білім жалпы біртұтас ұғым саналады.

Ал, енді әулие ұғымына келер болсақ, бұл арабша «уәли» (дос) деген сөздің көпше түрі. Терминдік сөздікте әулие деп – иманында нұқсан болмаған (кәламді білуші), харам түгілі кіші күнәлардың өзінен бойын аулақ ұстаған (шариғатты білуші және ұстаушы), парыз пен сүннетті, қала берді нәпіл құлшылықтарды мүлтіксіз орындаған (абид), Хаққа ғашық болып (уәли), қара басынан халықтың қамын жоғары қойып, соған сай қарекет қылған (зиялы) рухани тұлғаны айтады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

«Ишан»1 деген парсы тілінде «олар» деген мағынаны білдіреді. Көне түрік тілінде (шағатай) «ишан» дегеніміз «әулие» ұғымымен шендес мақам саналады. Сонымен қатар, ислам әдебиеттерінде руханият иелерін шейх, абыз, қожа, қутуб, ғаус, пір, мақсұм, баба, ата деп те атайды.

Сауалдағы «әулиелер мен ишандар ілімді болған» деген сөзді таратып айтар болсақ, олар Құран, тәпсір, хадис, фиқһ, кәлам, ихсан ілімдерін меңгеріп, ғұмырын дүниеуи мақсатқа емес, рухани салаға арнағандықтан, халық «әулиелер мен ишандарды ілімді» деп санаған. Әсіресе, әулиелер мен ишандар жүрек көзі ашылғанда сезінетін құпия ілімді (илму-ләдуни) игеруге қатты мән берген. Бәлкім, «илму-ләдуни» иелері болғандықтан да халық «әулиелер мен ишандарды ілімді» деген шығар деп ойлаймыз.

Әйтсе де, әулиелер мен ишандар мүлде дүние ісімен шұғылданбады деп айта алмаймыз. Олар да қалың бұқарамен қарым-қатынас жасау үшін белгілі бір кәсіп иелері болған. Мысалы, Уайсал Қарани әулие түйеші болған, Зеңгі ата сиыршы, Шопан ата қойшы, Қамбар ата жылқышы, Суксук ата ешкі баққан, Қожа Ахмет Ясауи ұсталық, Баһауаддин Нахшбанди зергерлік жасаған. Бірақ, олар фәнилік кәсіппен бай болып, балшекер өмір сүру үшін шұғылданбаған. Әулиелер мен ишандар дүние ісін халықпен қарым-қатынас жасаудың құралы деп түсінген. Бір сөзбен айтқанда әулиелер мен ишандар халықпен осылайша қарапайым түрде қатынас жасау арқылы өздерінің рухани ілімімен, парасатымен, дегдарлығымен, ықыласымен, махаббатымен Хақты насиқаттаған.

Мұхан ИСАХАН

1. Ишан атауының тарихи-хронологиясына мән берсек, зерттеушілер бұл терминді алғаш рет Бахауаддин Нақышбанди (1318-1389) мен Хожа Ахрарға (1404-1489) қатысты тазкрийа жанрында жазылған әдебиеттерде кездестіретінін айтады. Кейін XVI ғасырдан бастап ишан атауы Орталық Азияда кеңінен қолданысқа ене бастады. Әсіресе, Ясауи және Нақышбанди тариқатының жер-жердегі көшбасшыларын ишан деп атайтын. Мысалы, Ясауи тариқатының Қырғызстанның Ош өңіріндегі көшбасшылары XVIIІ ғасырдан бері ишан деп аталады.
Таңбалар: БілімілімМұхан Исахан
Бөлісу117Твитерге73Бөлісу15Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ілім – мызғымас іргетас
Видео

Ілім – мызғымас іргетас

02.09.2025
Білім – ізгілік қайнары
Видео

Білім – ізгілік қайнары

01.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адамның дерті оның күнәларын өшіре ме?

Пікір 2

  1. Базарбай жазған:
    6 жыл бұрын

    Білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан тоғыз.

  2. Сымбат Төлек жазған:
    6 жыл бұрын

    Жауап бергеніңізге көп рахмет, сұрағыма жауап алдым деп ойлаймын.

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00