Жұма, 22 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құдайберді Бағашар: «Діндар ата-аналар баласын тек діни оқу орнымен шектеп қоймаса екен»

29.08.2019
- Сұхбат
1
463
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

–Құдайберді Сабыржанұлы, соңғы кезде жиі айтылып жүрген мәселенің бірі – исламдық білім беру жүйесі. Сондықтан ең бірінші Исламтану қандай мамандық екенін түсіндіріп өтсеңіз.

–Исламтануды жас мамандық деуге болады. Бұл – тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда ата дінімізге қарқынды бетбұрыспен байланысты орын алған құбылыс. Халық бүгін исламды әр түрлі деңгейде танып жүр. Біреулер оны үстірт түсініп жатса, енді бірқатар оқу орындар оны ғылыми негізде арнайы оқытуды қолға алған. Сол санаулы оқу орындарының арасында өзім қызмет істейтін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де бар.

Бұл жаңа мамандық – ислам жəне оның қағидаларын, тарихын, мəдениетін, мұсылман халықтарының құқықтары мен исламға қатысты қоғамдық-саяси ұйымдарға, діни-құқықтық жүйелерге, мектептерге байланысты өткені мен бүгінін оқытатын ғылыми білімдер жүйесі. Исламтану ғылым ретінде ислам туралы деректерге, рухани құндылықтар мен оны ұстанушылардың бағыт-бағдарларына қызмет етеді.

–Сонда  исламтанушылар немен шұғылданады?

Мақсат ШОТАЕВ: Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы

Мақсат ШОТАЕВ: Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы

18.08.2025
Қазақ хандығы тұсында халық қай тілде сөйледі

Қазақ хандығы тұсында халық қай тілде сөйледі

10.08.2025

–Қазіргі қоғам исламтанушы мамандарды көп жағдайда қажет етеді. Өйткені, исламға қатысты атқарылатын жұмыс көбейгені белгілі. Біздің ойшыл бабаларымыздың көбі белгілі бір деңгейде ислам дінін танушы болды. Сол бағытта жұмыстар атқарды, еңбектер шығарып қалдырды.

Біздің мамандықта исламтанушылар мұсылмандық сенім-таным мəселелерімен, діни-саяси қозғалыстарды оқып-үйренумен шұғылданады. Мұсылмандық құқық, дəстүрлер, тұрмыс-тіршілік, мұсылман халықтарының материалдық жəне рухани мəдениетін зерттейді, мұсылман философиясының маманы болып саналады, исламның өркениеттік, институционалдық жəне құндылықтық өлшемдеріне маманданады. Қысқаша айтқанда, исламды тарихымен, тілімен, ішкі салаларымен жақынырақ тануға тырысады.

–Өзіңіз айтқан әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде исламтанушы-мамандарды дайындау қалай жүріп жатыр?

–Бұл мамандыққа қабылдау 2014 жылдан басталған болатын. Мамандық бойынша дайындау: әрқайсысы ACQUIN халықаралық агенттігімен аккредиттелген үш академиялық деңгейінде, яғни, бакалавриат, магистратура және докторантурада жүргізіледі.

Айталық, алғашқы бакалавриатқа былтыр 56 студент, ал дінтануға 46 студент қабылданды. Бұл осы мамандықтарға жастардың қызығушылығы үлкен екенін байқатып отыр. 

Бізде исламтану мамандығының магистрі дайындалатын кәсіби қызмет түрлері: Исламның түрлі аспектілерін зерттеу, исламдық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері және ислам көздерін түсіндіру әдістері; Ислам мәдени мұрасы, діни байланыс (ислам) проблемаларын, исламның заманауи және кейінгі заманғы өркениетпен қарым-қатынасын зерттеу; Сандық қоғамдағы исламтану маманы.

Бұл тұста профильдік пәндер: Ислам діні және жаңашылдық; Шариғатта үкім шығару әдісі; Шариғатта неке және отбасы қатынастары; Ислам экономикасының құқықтық аспектілері. Бұған қоса, исламның негізгі мәселелерін талдау және аналитикалық зерттеу дағдыларын дамыту; исламның теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі және оның заманауи әлемдік діни кеңістіктегі орнын зерттеу әдістерін қарастыру магистрлік білім берудің артықшылығына жатады.

Ал «Исламтану» мамандығының докторы дайындалатын кәсіби қызмет түрлері: исламтану және ислам ғылымы саласындағы теориялық және әдіснамалық зерттеулер; исламтану әдістерін, әдіснамалық және тұжырымдамалық тәсілдерін зерттеу; заманауи исламдық зерттеулерді дамытудың дәстүрлі және инновациялық тәсілдерін зерттеу. Олардың профильдік пәндері: ислам дінінің шығуы мен тарихы; ислам доктринасының негізгі қайнарлары; исламдық білім философиясы: тарих және қазіргі заман.

Докторантурада білім берудің артықшылығы – ислам дінінің стратегиясы мен құндылықтарын ұстанатын халықтардың әлеуметтік-мәдени және рухани-адамгершілік өмірінің қасиетті және зайырлы аспектілерін танып, діни сана-сезімнің, рәсімдік тәжірибе мен менталитет ерекшеліктерін меңгеру.

–Ал ЖОО-ның табалдырығын алғаш аттаған бакалавр студенттері қандай пәндер оқып жүр?

–Біздің университетте исламтанушыларға алғашқы жылдары шет тілдерін, яғни, араб және ағылшын тілдерін оқытамыз. Оған қоса, қазақ, орыс тілдері, қазіргі жаратылыстану концепциясы, көне және ұлттық діндер, құлшылық фиқһы, хадис терминологиясы, тәжуид, ислам шариғатының тарихы мен хадистердің түсіндірмесі сынды негізгі пәндерден дәріс өтеді..

–Осы орайда бір сұрақ, медресе түлектерін оқуға қабылдаудың қандай артықшылығы бар?

–Жақсы қозғадыңыз. Негізі исламтануға медресе бітіріп келгендердің келуі құптарлық жайт. Әсіресе, медреседе жақсы оқып келген бала болса, базасы болғандықтан бұл мамандықты алып кетуі өзіне жеңіл тиеді. Араб тілін ол басқаларға қарағанда тез меңгереді.  

–Енді мынаған жауап беріңізші. Адамзат тарихына қарасақ, ислам ғұламаларының тек дінге ғана емес, елдің игілігіне қызмет етіп, нақты ғылымдармен қоса айналысқанын көреміз. Ал қазір діннен хабары бар жастар медресе оқып, имамдық қызметпен шектеліп қалады. Зейіні мықты әрі діндар балалардың жаратылыстану бағытындағы ілімдерді үйренбеуіне не себеп?

–Бұл бір жағы әркімнің жеке қалауына да байланысты. Дегенмен зейінді, алғыр балалар дін саласына да өте қажет. Мысалы, ағылшыннан IELTS сертификатымен біздің мамандыққа келетін балалар бар. Біз бұған қуанамыз. Бір ескеретіні, бірыңғай жаратылыстану пәндерімен кеткендер рухани тәрбиеден, мұсылманшылықтан алыстап кетпеуі керек. Ал дінді оқуға келіп жатқандар жаратылыстану пәндерінен хабарсыз болып қалмауы қажет. Осы жағы қадағалануы тиіс. Ғылым мен дін бір-бірін тек толықтырады. Білім ошақтары үнемі қоғамға білімді әрі тәрбиелі жастар, мамандар қалыптастырып беріп отыруы тиіс.    

Ғылым қоғам дамуына қызмет етуі керек. Әрине, сонау медреседен бастап дін ілімін жақсы меңгерген арнайы мамандар аса қажет. Қазіргі исламтанушы, дінтанушылар бәрі медреседен діни білім алып келе жатқандар дей алмаймыз. Базалық білім әркімде әрқалай. Сондықтан арнаулы дін мамандарын даярлау күн тәртібінде өзекті күйінде қалып отыр. Дегенмен дін мамандары өз саласымен ғана шектеліп қалмауы керек. Олар жаратылыстану пәндерінен де хабардар болуы тиіс. Тіпті, энциклопедиялық болса да, басқа салалардан хабардар болғаны абзал.

Әйтсе де, қоғамға дін мамандарынан да басқа мамандар керек. Өйткені, білім салаларының бәрі де қоғамды дамытуға бастайды. Сол себепті, әсіресе, діндар ата-аналар балаларын тек діни оқу орнымен ғана шектеп қоймаса екен дейміз. Бізге білімді әрі иманды заңгерлер, экономистер, IT-мамандары, дәрігерлер т.б. ауадай қажет. Қазіргі қоғамдағы түрлі кеселдермен күресеміз десек, әр түрлі маман иесі болуға жастарды ынталандыру керек. Бір жағы баланың зейініне де қарауға тиіспіз. Кейде ғылымға қыры жоқ баланы ата-анасы қоймай оқытып қояды. Мүмкін ол баланың саласы бизнес шығар. Мұсылман ғалымдар тарихта математика, геометрия, химия секілді түрлі салалармен айналысып жаңалықтар ашқан. Ендеше, ислам қоғамның дамуына серпін берсін десек, онда оған кең көзқараспен қарауымыз керек.

–Біздің қоғамда мектепті «3-ке» оқыған баласын бұзылып кетпесін деп медресеге беретін ата-аналар жиі байқалады. Мұндай тенденция іргетасы дұрыс қаланбаған баланың ертең имам болып, халыққа дұрыс ақпарат жеткізе алмайтын маманның көптеп шығуына алып келмей ме?

–Рас. Ондай құбылысты жоққа шығармаймыз. Дегенмен, медреселер өзіне балаларды жақсылап іріктеп алса, бұның алдын алуға болады. Жанып тұрған балаларды алса, ертең солар қоғамның көшін алға сүйрейді.

Оқуға ынтасы аз баланы медресеге әкелетін жағдайлар расында бар. Тек медресеге емес, діни мамандықтарға да сауаты төмен балалардың келуі бірқатар қиындықтар тудырады. Оның білімге ынтасын ояту ұстаздарға да жауапкершілік жүктейтін шығар, дегенмен ондай балалармен жұмыс істеу өте қиын. Одан кейін оңған маман шығатыны да күмәнді.

Өкінішке қарай, бізде осындай тенденция жиі кездеседі. Бұл жерде психологтар жақсы жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Ата-аналар да баланың неге қызығатынын кішкентайынан аңғарып, сол салаға бейімдеуі керек. Әркім өзі қызығатын саладан, істен жақсы нәтиже шығарады. Сол себепті осы саладағы шәкірт таңдауға деген талапты күшейте беру керек. Бұл салаға да шетел тілдерін меңгерген, оқу, жазу, сөйлеуге сауатты азаматтар ауадай қажет.

Неге «Алтын белгі» иегерлері діни мамандықтарға келмейді? Болашақтағы айлығы аздығынан ба? Бұл – бір жағынан жан-жақты сараптайтын кешенді құбылыс. Мүмкін біз дін саласына өте самарқау қарайтын шығармыз. Бұл өзі ғасырлардан бері қаңырап қалған ғимарат тәрізді. Бүгінгі күні сол ғимаратқа аздап көңіл бөлініп, жөндеу жұмыстары жүре бастады. Алдағы уақытта ең үздік жастар осы салаға келіп, көп нәтижелі жұмыстарға мұрындық болса екен деп тілеймін.   

Ауызды да құр шөппен сүрте беруге әсте болмайды. Бүгінде медресе бітіріп, өз саласында жақсы қызмет етіп жатқан азаматтарды жиі кездестіріп жүрміз. Әрине, сауатсыздықпен барлық деңгейде, әрдайым күресуіміз керек. Исламдағы күрестің мәні де – сонда. Кедейшілікпен күрес, білімсіздікпен күрес, бейбітшілік үшін күрес т.б. Мамандардың біліктілігін арттыру курстарын жиі ұйымдастыру да сондықтан. Осы жаз маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетте Дінтанулық зерттеулер және талдау орталығы аясында қаламыздағы Дінтану пәні ұстаздарына осындай біліктілігін арттыру курсын өткіздік. Үздіксіз өзін жетілдіріп отыру әрдайым жалғасатын үрдіс.

–Сүбелі сұхбатыңызға көп-көп рақмет!

Таңбалар: дінтануЕрмұрат НазарұлыисламтануҚҰДАЙБЕРДІ БАҒАШАРмедресе
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отандық дінтану ғылымындағы жаңа белестер
Жаңалықтар

Отандық дінтану ғылымындағы жаңа белестер

25.04.2025
Діни білім алуға сұраныс жоғары
Видео

Діни білім алуға сұраныс жоғары

28.05.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Назарбаев атындағы дінаралық диалогты дамыту орталығы туралы

Пікір 1

  1. Qabyl жазған:
    6 жыл бұрын

    уақытын босқа зая етеді.

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді
Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

22.08.2025
Алаяққа алданбаудың жолы қандай?
Қоғам

Алаяққа алданбаудың жолы қандай?

22.08.2025
Алғаусыз достықтың алтын көпірі
Қоғам

Алғаусыз достықтың алтын көпірі

22.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою