Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жомарт пейілімен жұмаққа кірген

16.07.2019
- Қоғам
0
310
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұса пайғамбардың (ғ.с.) дәуірінде Исрайыл қауымын жеті жылдық ашаршылық жайлайды. Су біткеннің көзі бітеледі. Көктен бір тамшы жауын жаумай қояды. Қара жердің кенезесі кеуіп, жан-жануардың ыңыршағы айналып, құр қаңқасы қалады. Жұмырбасты пенденің бәрі су сұрап, Жаратушыға жалбарынып, тасаттық жасайды.

Осы жалбарынушы пенделердің қатарында өзінің әулиелігін өзі сезбейтін бір дегдар құл бар еді.  Ол тау басына шығып, көз-жасын көл ғып төгіп,  күндіз-түні Жаббар Хаққа жалбарынады. Алла-Тағаладан халықты ашаршылықтан құтқаруын сұрайды. Бірде Хаққа жалбарыну үшін жолға шығып келе жатқанында, оның көзіне атыраптағы сусыған құм аппақ ұн болып елестейді. Қуанғаннан дереу отыра қалып, көзіне ұн болып елестеген бір уыс құмды аялап қолына алады. Бақса, алақанындағы ұн емес, құм болып шығады. Құмның ұн емес, құр сағым болып шыққанына күйініп:

– Уа құдіретті күшті Раббым! Мына қу медиен даланың құмының бәрін ұн қылсаң ғой, мен оны ашаршылықтан құр сүлдесі қалған пенделеріңе таратып, оларды өлімнен аман қалып қалар едім. Бүйірі тоғайып, мәз-мәйрам болған жүздерін көрер едім. Өзім де олардан бір үзім нан сұрап жер едім. Қасіреттің көбесі сөгілгенін көріп, шексіз қуанар едім , – деп ағыл-тегіл жылайды. Ол осылай жалбарынып, сәждеге барғанында жан тәсілім етеді.

Ұлы Жаратушы әзіреті Мұсаға (ғ.с.) уахи түсіріп, жапан түзде өзінің дегдар құлының опат болғанын хабарлайды. Әзіреті Мұса (ғ.с.) адамдарын жіберіп, әлгі дегдар құлдың мәйітін алдыртады. Оны арулап жуып, кебіндеп, жаназасын шығаруға әзірленеді. Алайда, мәйіттің кім екенін білмегендіктен, оны соңғы сапарға шығарып салуға, көп адам жинала қоймайды. Осы сәтте жер-жаһаннан таңғажайып гүрілдеген дыбыстар шығады. Көк қақ айырылып, бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Олар қаз-қатар сапқа тұрып, дегдар құлдың жаназасына қатысады. Періштелердің қарасының көптігі соншалықты жер бетінде ине шаншар орын қалмайды. Әзіреті Мұса бұл ғажайыпқа таңдаңғаннан күйі есін жимастан жаназа намазын оқиды. Дегдарды қара жердің қойнына тапсырады.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Артынша Алла Тағаладан тағатсыздана бұл құлдың жаназасына не үшін мұқым періштелердің көктен түскенін сұрайды.

Сонда, Ұлы Жаратушы:

– Уа Мұса! Бұл дегдар құлым дүниедегі ең жомарт пенделердің бірі. Сен оның жомарт пейілін көрсең ғой, оның пейілі телегей-теңіз еді. Оның тілегін қабыл етсем, ол ұнға айналған құмның бәрін адамдарға таратар еді. Мен оның осындай жомарт пейіліне разы болдым. Оған адамдардың бәріне ұн таратқан тәрізді мол сауап жазып, оны жұмағыма кіргіздім. Бұл арқылы жомарт құлдарымды жәннатпен сүйіншілегім келеді, – деп жауап қатады.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Мухан ИсаханМұса пайғамбар
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Қызылбастар деп кімдерді айтамыз?
Ағымдар ақиқаты

Қызылбастар деп кімдерді айтамыз?

15.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Құдайы қонақ» дегеніміз кім?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00