Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сәбидің маңдайына күйе жағуға бола ма?

07.07.2019
- Сұрақ-жауап
2
3.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өмірде «көз тиіпті», «назарланып қалыпты» деген сияқты сөздерді естіп жүрміз. Расында да егер адам бір нәрсеге тамсана, қызғаныш араласқан сезіммен қарайтын болса онда назар нысанына түскен зат (сәби, ересек адам, жануар және т.б.) зиянға ұшырайды. Қызғаныш, жамандық пен көреалмаушылық сияқты қасиеттер араласқан назар, зиянды. Әрине оның кесірі Алланың рұқсатымен ғана болады. Дегенмен, адам баласы мұндай назардан сақтанғаны жөн. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Көздің тиюі – ақиқат», – деп айтқан (Бұхари, Муслим).

Тіпті Жақып пайғамбар өзінің ер жеткен балаларына көз тимесі үшін былай деп айтқан: «Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін» (Жүсіп: 67).

Себебі, Жақыптың он екі баласы бар еді. Егер де олар жиналып қаланың бір қақпасынан кіретін болса, халық тамсанып қарайды, көз тиюі мүмкін деп қорыққан. Байқағанымыздай назарланудан пайғамбарлардың өздері де сақтанған.

Көз тиюдің салдары ауыр, кейде қайғылы жағдайға алып келеуі мүмкін. Жәбирден келген риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деп айтқан: «Назар деген – адамды қабірге апарады, түйені жерге құлатады» (Әбу Нағим). Хадисте айтылғандай көздің тиюі адамды ғана емес, ірі әрі үлкен түйе сияқты жануардың өзін өлтіреді екен.

Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026

Көз тию және одан сақтану жолдарына қатысты жазылған діни әдебиеттерде мынадай мәшһүр хабар келеген: «Бір күні халифа Осман ибн Аффан өтіп бара жатып, сүйкімді сәбиді көреді. Кейін: «Көз тимесі үшін мына сәбидің иегіне қарамен түртіп қойыңдар», – деп айтады».

Сондықтан да кейбір халықтар сәби балаларға көз тимесі үшін күйе жағады. Кейбір кезде күйенің орнына баланың бас киіміне, кеудесіне жалт-жұлт еткен таққыншақ тағып қояды. Бұл күйе немесе таққыншақтың көзден сақтайтын қандай күші бар? деп айтуыңыз мұмкін. Бұлардың дербес ешбір күші жоқ, бірақ, бұдан мақсат – балаға қараған кісінің алғашқы назары сол таққыншаққа, немесе күйеге қарап, ойы бөлінеді. Сөйтіп, адамның көзі еріксіз әлгі әдемі әшекейге немесе қара күйеге түседі.

Абзалы көз тимеуі үшін сақтанатын пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған арнайы дұғалар бар. Сәбиді көпшілік орынға немесе басқалардың алдына шығаратын уақытта сол дұғаларды балаға оқып қойған дұрыс. Қазақтың шақалақты қырқынан шықпайынша ешкімге көрсетпеуінің сыры да осында болса керек. Себебі сәби ол уақытта өте әлсіз және тез назарланып қалады.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: дінЖалғас САДУАХАСҰЛЫислам
Бөлісу75Твитерге47Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Дін мен экстремизмнің айырмашылығы
Ағымдар ақиқаты

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы

05.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Зекеттің 5 хикметі

Пікір 2

  1. Гүлжазира Серік жазған:
    7 жыл бұрын

    Біз түгіл Пайғамбарлар да сақтанған болса, біз де көз тиюден сақтануымыз керек қой.

  2. Танымайсың жазған:
    7 жыл бұрын

    Өзіміз күйе де жағамыз, дұға да оқимыз. Алла балақайларымызға жар болсын.

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120961 бөлісті
    Бөлісу 48384 Твитерге 30240
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00