Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жастар және дін: Таңдау диллемасы

30.06.2019
- Қоғам
0
701
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде жат ағымның қатарына кіріп жатқан жастар саны күн санап өсуде. Қазір көп ата-ана баласының шіркеуге барып шоқынғанынан емес, намазға жығылғанынан үрейленетін жағдайға жеткен. Оның себебі де жоқ емес, әлемдегі алапат соғыстар, жантүршігерлік жағдайлардың кейбірі осы ислам дінін жамылғандардың атымен жасалуда. Ал түрлі секталарға кіріп, санасы уланып жатқандардың пайыздық үлесінің көбін жастар құрауда. 

2015 жылы сарапшылардың аналитикалық «Кипр» алаңында  дінтанушы Мұрат Смағұлов келтірген деректер бойынша, елімізде сектаға кірген адамдардың саны 500 мыңнан асады.

«Елімізде түрлі секталарға кірген адамдардың саны 500 мыңнан асқан, ал олардың 80% жастар құрап отыр. Бүгінгі таңда 3493 діни субъекті  (мешіт, шіркеу, ғибадатхана) 18 конфессияның мүддесі үшін қызмет етуде»,- деп атап өткен ол.

Теологтардың айтуынша, қазақстандық жастардың жат ағымдардың құрбанына айналуының бірден-бір себебі — діни сауаттарының жоқтығында. Сондай-ақ жат ағымға көбіне ұлттық құндылықтардан алшақтап кеткен, дәстүр мен ділден ажыраған жастар тез кіріп кетеді. Қазақ жастарының жаппай жат ағымға кіріп жатқанының басты себебін елімізге белгілі абайтанушы — Омар Жәлел дәстүрлі дүниетанымның қорғалмай жатқандығынан дейді.

«Дәстүрлі дүниетаным деген бір мәселе бар. Негізінен кез-келген мемлекет сол елді «мемлекет» ретінде ұстап тұрған дәстүрлі дүниетанымын қорғауы керек.  Біз сол дәстүрлі дүниетанымызды қорғай алмай жатырмыз. Соны қорғай алмай жатқаннан кейін, біздің дәстүрлі дүниетанымды бойына сіңірмеген балаларды шетелдің христиандық миссионерлік ұйымдары алып кетіп жатыр. Неге, өйткені дәстүрлі дүниетанымды біз балаларға сіңіре алмай жатырмыз ғой. Негізінен мемлекет қазақ тілін және сақ, ғұн замандарынан бері қазақтың мемлекеттігін сақтап келген дәстүрлі дүниетанымды қорғауға міндетті. Себебі ол мемлекеттің фундаменті, ол құласа мемлекет құлайды. Мемлекет соны қорғамай отыр ғой. Қорғамағаннан кейін біздің балаларымыз жат ағымдардың жетегіне кетіп қалып жатыр. Ал діннің өзі дәстүрлі дүниетанымның ішіне кіреді»,-дейді ғалым.

Жастардың діни сауаты жоқтығының тағы бір себебі тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде дін туралы сауатты, кеңінен тарқатып айтатын мамандардың аздығы болды. Тәуелсіздік жылдары дейтініміздің себебі – халық санасындағы діни трансформация сол кезде жүрген.

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026
Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026

Экономика институтының ғылыми қызметкері Ильдар Давранов ешқандай үздік экономикалық модель, құқықтық жүйе дін фундаментін, қоғамның рухани негізін алмастыра алмайды дейді.

«Мұнда мен біздің ішкі проблемамызды атап өткім келеді. Біздің қоғам үшін дәстүрлі конвенциялар жастарға тартымды болуы тиіс, ал ол үшін кадр құрамы мықты болуы керек.  Тағы бір атап өтетін жайт, дінтанушылар, теолог мамандар мен имамдардың айлықтары жоғары болуы тиіс. Соңғы кездері Қазақстан жастарының дін саласында сауаттылықтары артып келеді. Ал әлем тенденциясында халықтың сауаттылығы қаншалықты жоғары болса, ол елде атеистердің саны көп болатынын деректер көрсетіп отыр. Сол себепті мемлекет, кәсіпкерлер мен дәстүрлі конфессия өкілдері біріге отырып, арнайы зерттеу орталығын ашуды қарастыруы керек.  Себебі бұл шешімін табуы тиіс біздің ішкі проблемамыз. Біз: «Жастарды жат ағымға не итермелейді?» деген сұраққа жауап табуымыз керек. Бұл сән бе немесе ата-аналарының күштеуі ме? Бәлкім адам дін арқылы идентификациялана отырып, қоршаған ортада өзін сенімдірек сезінетін болар?  Шынайы сенім мен атрибутты сенімнің арасы өте нәзік дүние»,-деді ол.

Ал бүгінгі таңда радикалды бағытқа кетіп жатқан еліміздің түрлі өңіріндегі жастардың портретін қарасақ, олардың 90% жоғарғы білімдері жоқ, толық емес отбасынан шыққандар екен.

Жастардың жаппай дінге бет қоюы бір кездері атеистік уақытта өскен аға-әпкелеріміз үшін ерекше, сондай-ақ қуантарлық жағдайдай болып көрінген. Бірақ күн өткен сайын дәстүрлі дүниелерді харамға балап, шелпек таратуды «ширк» деп, туған-туысымен қарым-қатынасын үзіп, қара жамылған өрімдей қыздар мен сақалын қауғадай қылған жігіттер қоғамда үрей тудыруда.

Сол себепті жоғарыда атап өткен мамандарымыздың пікірін кез келген азамат назарға алса, онда адасушылықтың да алдын аларымыз сөзсіз.

Таңбалар: дінЖастаржат діни ағымдарқоғам
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы
Ағымдар ақиқаты

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы

05.03.2026
Қоғам

Тамыры терең дәстүр – елдік сананың негізі

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дін мен дәстүр қатар жүре ала ма?

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120821 бөлісті
    Бөлісу 48328 Твитерге 30205
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1527 бөлісті
    Бөлісу 611 Твитерге 382

Соңғы жарияланымдар

Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Адалдық – мұсылмандық қасиет
Видео

Адалдық – мұсылмандық қасиет

13.03.2026
Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік
Ағымдар ақиқаты

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00