Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Оразада ауырмаудың 5 жолы

21.05.2019
- Ислам, Қоғам
0
643
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен жоғарғы білікті дәрігер Нұрғайша Нәукенқызы ораза кезінде адамның қалыптасқан күн тәртібі өзгергендіктен, әсіресе, жасы ұлғайғандар және созылмалы ауруы бар адамдар  қосымша аурулармен ауырып қалуы мүмкін екенін айтады.

– Ораза ұстаушылар көбінесе тұмау, өкпе қабынуы, ағзаның ас қорыту  қабілетінің бұзылуы сияқты ауруларға шалдығады. Мұның алдын алу үшін созылмалы ауруы бар адамдар, негізінен, ораза алдында дәрігерден мұқият тексерістен өтуі керек, – дейді ол.

 Н.Нәукенқызы ұсынған Рамазан айында аурудың алдын алу жолдары мен ораза кезіндегі тамақтану тәртібі төмендегі кестеде көрсетілген.

Ораза кезінде аурудың алдын алу
Ораза кезіндегі тамақтану тәртібі
Мейлінше алыс жолға шықпау керек
Тағам қабылдау уақытын өткізіп алмау (ауызашарды уақытылы ішу, сәресіге ояну)
Ораза  талабына сәйкес тазалыққа жан-жақты көңіл бөлу керек
Жейтін тағам тазаланған, іріктелген, қайнатып, жаңа пісірілген болуы керек.
Күн суытқан кезде жылы киініп, желден ықта жүрген дұрыс.
Қуырылған, ащы, сірке суы және майонез, кетчуп қосылған тағам, газдалған сусындарды қабылдауға болмайды.
Ыстық кезде күн көзі қатты қызбай тұрғанда серуендеу керек, ол уақыт –  сағат күндізгі 10:00-12:00 мен кешкі 16:00-19:00
Ауызашарға барғанда  тағамды өз талғамыңызбен мөлшерлеп жеуге тырысыңыз.Көбінесе пісірілген тағамды қабылдаңыз.
Егер ауру белгісін сезсеңіз, жедел түрде дәрігерге көрініңіз
Сусын мен суды тамақтан кейін ішу керек және суды молынан ішкен жөн.

Бұдан бөлек, дәрігер-маман негізгі тұтынатын тамақтар қатарына жақсы пісірілген сиыр, жылқы, тауық еті, балық, таза жеміс-жидек, сүт тағамдары (ірімшік, айран, сары май), сорпа, дәнді дақылды ботқаларды жатқызады. Сондай-ақ, тағамды жегенде асықпай, әбден шайнап, мөлшермен жеген дұрыс дейді.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Ал «ораза ұстап жүріп ауырып қалған адам не істеуі керек?» деген сұраққа «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Берікбол Жанақ жауап берді.

ораза – парыз ғибадат болғанымен, денсаулық та – Алланың берген аманаты. Оған қиянат жасауға шариғат жол бермейді.

Ораза ұстап жүрген адам ауырып қалса, ең алдымен маманға, яғни, дәрігерге қаралуы керек. Шариғат бойынша, дәрігердің көмегіне жүгініп, сырқатының деңгейін анықтап, емдеу шараларын тағайындайды. Дәрігер науқас адамның ауруына ораза ұстау зиянын тигізбейді десе, оразасын жалғастыруы тиіс.

Егер де дәрігер пациенті дәрі-дәрмектерін ауызашардан кейінгі уақытта қабылдауға рұқсат десе, оразасын жалғастыра бергені абзал. Болмаса оразасын құлан-таза айыққанша тоқтата тұрып, кейін басқа айларда, мейлінше ертерек қазасын өтеуі қажет. Себебі, ораза – парыз ғибадат болғанымен, денсаулық та – Алланың берген аманаты. Оған қиянат жасауға шариғат жол бермейді.

Сондай-ақ, оразадан босатылған адамдардың бірі – ес-түссіз күйдегі науқас адам. Яғни, комоға түскен, талып қалып, есін жоғалтқан адамдарға ауруынан айыққанша ораза парыз емес. Егер аузы берік күйде есін жоғалтса, сол күнгі оразасы және ақыл-есі орнына келгенге дейінгі күндері қаза ретінде есептеліп, кейін қазасын өтейді.

Осы жерде бір айта кететін жайт, Рамазан айында дертке шалдығып, оразасын қаза еткен адам, кейін сол күндерін бөліп-бөліп немесе бірнеше күн қатарынан ұстаса да болады. Бастысы, Аллаға иман келтірген мұсылман баласы оразасының қазасын ертерек өтеуі тиіс.

Таңбалар: ауызашарЕрмұрат НазарұлыоразаРамазан
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткізу керек?
Жаңалықтар

Рамазан қай күні басталатыны белгілі болды

07.11.2025
Мұқтаждарға 106 806 азық-түлік себеті үлестірілді
Жаңалықтар

Мұқтаждарға 106 806 азық-түлік себеті үлестірілді

04.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

М.Иманбаев: Әлемде діни мәселелерге ортақ әмбебап шешім жоқ

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00