Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шариғат термині және оның негізгі қайнар-көздері

25.04.2019
- Сұрақ-жауап
0
3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шариғат дегеніміз не және оның нормалары қандай?

Жауап: Құран мен сүннеттегі және өзге де бекітілген құқықтық қағидалар «шариғат» деп аталады. «Шариғат» араб тіліндегі сөздік мағынасы: жол, әдіс, әдет, ұқсас, жалғыз мағыналарын береді. Канондық тұрғыдағы мағынасына келетін болсақ, шариғат деп Алланың Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) себепші ете отырып адамзатқа жіберілген ислам дінінің амалға қатысты үкімдерінің жиынтығын айтамыз.

Құранда «шариғат» сөзі бірнеше жерде айтылады. Оның бірі есімсөз ретінде қолданылған. Екеуі заң мағынасында айтылған: «Сосын сені шариғат ісіне қойдық. Енді осыған бойұсын және білмегендердің ойларына ілеспе» (Жасия, 21-18). «Сендердің әр біреулерің үшін бір жол жоба қойды. Егер, Алла қаласа, бәріңді бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берілген жол жобамен сыналмақшы» (Маида, 22-48). Басқа аяттарда «шариғат» сөзі етістік формасында діни рұқсат талдау баяндау түсіндіру мағынасын береді: «Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Нух пайғамбарға нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһим, Мұсаға, Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды» (Шура, 21-1).

Шариғат нормалары У.Зухайлдың пікірінше, мынадай қатынастарды реттейді:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

– Адам мен Жаратушының қатынасы, яғни, ғибадат мәселелері. Шариғатта оны «Алланың құқығы» деп атайды.

– Адамның жеке басымен қатынасы, яғни, адамның мінез-құлқы мен ішкі танымын реттейтін ислам әдебі мен ислам психологиясы қағидалары.

– Адамның қоғаммен қатынасы, яғни, муамалат тарауына жататын қоғамдық қатынастарды реттеу қағидалары.

Шариғат – адамның дінді ұстануы үшін маңызды болып табылатын қағидаларға көбірек басымдық береді. Сондай-ақ, негізгі құндылықтармен бірге қоғамдық қатынасқа қатысты мәселелерді де реттейді. Осыған байланысты шариғат үкімдерінің мақсаттары екі категорияға бөлінеді. Бұл турасында имам Шатиби: «шариғат негізгі мақсатты және қосымша мақсатты құрайтын үкімдерден тұрады» деп көрсеткен. Негізгі мақсаттарға шариғаттың қорғауына алынған адам үшін ең маңызды:

  • дін;
  • жан;
  • ақыл;
  • мал-мүлік;
  • ар-ұждан мен ұрпақ.

Шариғатттың мақсатына кіретін тақырыптар үшін әрбір кәмілетке толған адам жауапты және бұл мақсаты өзгертілмейтін абсолютті нормалар болып саналады. Себебі, осы бес құндылық тиісті деңгейде қорғалса, шариғат көздеген әділетті ислами қоғам қалыптасады. Сондықтан, ислам  шариғаты дін, ақыл, жан, мал-мүлік, ар-ұждан және ұрпақты қорғауға басымдық береді. Шариғат нормаларының қосымша мақсаттары қоғам мүддесі мен жеке адамның қажеттіліктерінен тұрады. Индивидтің адал жолмен азық табуы, сауда-саттықпен айналысуы, үйленуі, қажет жағдайда ажырасуы, отбасын құрып, ұрпақ сүюі, қоғамға пайдалы мамандық иесі болуы т.б. сол секілді тіршілік талаптары шариғаттың қосымша мақсаттарын құрайды.

Жалпы, шариғат нормалары нақли (Құран мен сүннет) және ақли (рациональді) үкімдерден тұрады. Нақли үкімдерді Құран және сүннеттегі ақхам (қатынастарды реттеуші) үкімдер құрайды.  Ал, Құран мен сүннетте қарастырылмаған мәселелердің шариғатқа сай берілген үкімдерін ақли нормалар деп айтамыз. Ақли нормалар;

 – «Ижмағ» – бір мәселеге қатысты бірнеше факиһтердің ортақ пәтуасы;

– «Қияс» – нақлдағы үкімдермен туындаған мәселенің ұқсастығына қарай үкім беру;

– «Истихсан» – екі түрлі қияс жасау мүмкіндігі бар болған оқиғада басым тартқан қиясты қолдану;

– «Истислах» – дүниелік пайда келтіретін немесе зиянды кетіретін үкімдер;

– «Урф» – діннің негізіне қайшы емес әдет-ғұрып үкімдері;

– «Истисхаб» – бір үкімді теріске шығаратын дәлел табылғанға дейін ол үкімнің күшін сақтауы;

– «Сәдди-зария» – харамға әкеп соғатын амалдар харам, адалға алып келетін жолдар адал саналатын үкімдер

– «Исламнан бұрынғы шариғаттар» – бұрынғы діндердің исламға қайшы емес үкімдері;

– «Сахаба сөзі» – нақты бір мәселеге байланысты айтылған сахаба үкімдері негіздерінен тұрады.

Яғни, ислам шариғаты – Ұлы Жаратушының абсолютті үкімдерімен қатар кеңістік пен уақыт талаптарын ескерген рациональді құқықтық үкімдерді басшылыққа алады. Шариғат үкімдерінің діни сипаты басым болғанымен, нақли және ақли үкімдер дінмен бірге дүниеуй мүддені де қанағаттантыруды көздейді.

Мұхан Исахан,

исламтанушы-теолог

Таңбалар: Мұхан Исаханшариғат
Бөлісу72Твитерге45Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Пәтуә беру жайлы

12.08.2025
Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние
Ислам

Шариғаттағы бес аманат: дін, өмір, ақыл, тектілік, мал-дүние

26.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алланы «Құдай» немесе «Тәңір» деп айту дұрыс па?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00