Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ержан Хазірет шығармаларындағы рухани кемелдік мәселелері

27.03.2019
- Қоғам
0
584
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Қазақ дін ғұламаларының өткен ғасырдағы соңғы жұрнақтарының бірі Ержан хазірет Төлегенұлының мұрасын зерделеп, ұлт руханиятының кәдесіне жарату қазіргі күннің кезек күттірмес талаптарының бірі саналады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының:

Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне,

Дін десе тұра қашты есті азамат.

Бар кінәсі олардың тәпсіршіде,

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат,-дегеніндей, неше түрлі дін таралып, әркімнің діни сенім бостандығы дәріптелген заманамызда ұлтты бір ұстанымның айналасына топтастыру қиынның қиыны болар. Бірақ өткен дәуірлерден келе жатқан дәстүрлі діни ойлау жүйесін жаңғырта отырып, біраз азаматтардың басын қосуға, адасушылықтың алдын алуға, өскелең ұрпаққа бабалар аманатын табыстауға, жол көрсетуге болады деп есептейміз.

Осы орайда Ержан Хазіреттің қазіргі кезде жарыққа шыға бастаған еңбектерінің орны орасан. Исламға қазақы көзқарастың ең басты ерекшеліктерінің бірі – ең алдымен ахлақи, моральдық қырына басымдық беруі болса керек. Ержан Хазірет еңбектері де осы бағытқа негізделген. Діндарлықтың, тақуалықтың, имандылықтың, тазалықтың өлшемі ретінде адамның ішкі сапасына баса назар аударылған.

«Ілімнің бұлағы – тақуалық қайнары» еңбегі ғылым мен білімнен басталады. Оның өзінде: «Ілім екі түрлі болады. Біріншісі мукафаша ілімі, бұл жүректе орын табатын нұр. Бұл нұрмен ғайып ақиқат болып көрінеді» – делінеді. Демек, діни дүниетанымда осы ілімге лайықты болу – басты мақсат. Ержан хазірет еңбегінің қалған бөлімдері осы алғашқы бөлімде айтылған ілімге ие болудың сатылары іспеттес.

Мәселен, Құранның да алғашқы түскен аяты «Оқы!» түрінде екендігін барлығымыз білеміз. Алайда нені оқу керек, қандай білім парыз деген мәселеде әрқилы пікірлер бар. Ержан хазірет «Әл-Уирд»(құлшылық) тақырыбында:

«Құлшылықтағы негізгі мақсат ол – рухани күшті болу. Құранда: «Мені еске алу үшін намаз оқы», (Таһа-14), «Мас бола тұра намазға жақындамаңдар» (Ниса -43),-деп келген. Бұл жердегі мастық дүниеге деген махаббаттан мастық, оған көп мән бергендіктен мас болу деп түсіндіріледі» -дейді.

Демек, рухани кемелдікте діннің қағидаларына рухани мағына беру басым. Руханилық пен тақуалықтың өлшемдері де өзгеше. Сондықтан, рухани кемелдік жолының талаптарын орындау сол заманның дін өкілдерінің басты қағидасына айналғаны сөзсіз. Алайда, бұл өркениеттік мен материалдық даму мәселелерінің назардан түсуіне себеп болғандықтан ислам әлемінің ғылым мен техникада артта қалуына да өзінің септігін тигізуі ықтимал. Ал жаппай өркениетке бет бұру заманында рухани жұтаңдық орын алып отырғаны да ақиқат. Біздің пікірімізше, ғылым мен білімді рухани тәрбиемен ұштастыра отырып ұрпақ санасына сіңірсек ұтымды болар деп үміттенеміз.

Дегенмен, діни қағидалар да әркімнің рухани деңгейіне байланысты. Адамзат баласы бәрі бір деңгейде ешқашан болған емес, болмайды да. Сондықтан белгілі бір адамдарға қойылған талап, екіншілеріне қойылмайды, немесе жауапты болмайды. Мәселен, кітаптың 19-бетінде: «Құран оқыған кісі Құранды толық түсіне алмайды. Өйткені Құранның бірнеше қыры бар. Олар: Ғибара (мәтін) – ауам үшін. Ишара – ерекше кісілерге. Латайыф –Алланың уәли құлдары үшін. Хақайқ – пайғамбарлар түсінетін аяттар. Демек, рухани кемелдік дәрежелеріне қарай діннің де мағынасы мен мазмұны өзгеше ашылады. Тіпті Ержан хазіреттің бұл еңбегінің өзі көпшілік ауамға арналған еңбек деуге болмайды. Сондықтан қазіргі қазақ дін ғұламаларының еңбектерін жариялау барысында қарапайым халық немесе дінге бейім жастар тарапынан теріс түсініктер, кемшіл пікірлер туындамас үшін түсіндірмелерімен қатар жарыққа шығару дұрыс болмақ.

Ержан хазіреттің сөзімен қорытындылағанда: «Сол себепті дүниедегі кемелдік-мансап, ол –өткінші елес нәрсе, ал діни кемелдік осы (өзін өзгеден жоғары санау секілді) жаман қасиеттерді емдеп отырады. Пайдалы білім пенденің тақуалығын арттырады. …Амалсыз ілім де иесіне пайда бермейді»

Кеңшілік Тышхан,

дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты

Таңбалар: Кеңшілік Тышхан
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын
Сұхбат

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын

19.09.2024
Мемлекет және дін

Дін және ұлттық бірегейлік

25.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әбу Насыр әл-Фараби сомдаған әкімнің бейнесі қандай?

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00