Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбу Ханифа ақида ілімімен айналысуға тыйым салған деген мәлімет дұрыс па?

17.05.2018
- Ислам
0
572
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Әбу Ханифаның ілімнің қай саласынан бастағаны жайлы түрлі риуаяттар бар. Солардың бірінде сол кездегі оқытылатын ілімдердің бәрін салыстырып барып, әуелі ақида (кәләм) ілімімен шұғылданып, ақырында фиқһ ілімі тура жолдан адастырмайды деп тоқтамға келгендігі айтылады[1]. Имам Зәхәби бұл риуаяттардың дұрыстығына күмән келтіре отырып, сынға алған. Осы риуаяттарда әуелі Әбу Ханифа ақида ілімімен айналысқан делінеді.

Зәхәби ол кездері әлі ақида ілімінің жүйелі түрде қалыптаспағандығын атап көрсетеді[2]. Десе де, сол кездері төртінші халифа Али ибн Әбутәліп кезеңінде орын алған Жәмәл (656 ж.), Сыффин (657 ж.) және төреші тағайындау мәселесі кәләмдық мәселелердің тууына жол ашты. Осы оқиғалардан кейін «Үлкен күнә, амал-иман, тағдыр, Құранның махлуқ (жаратылған) болып-болмағындығы, Алла тағаланың мүтәшәбих (антропоморфтық) сипаттары[3] секілді кейбір тақырыптар қызу талқыланып, мұсылмандардың арасында қадария, жәбрия, мүржия, муғтазилә секілді топтар, сонымен қатар, әуелі саяси бағыт ұстанып, кейін сенімдерін діни негіздермен байланыстырған харижиттер мен шииттер шыққан еді.

Әбу Ханифаның әуелі кәләм ілімімен айналысқанын айтушылар оның «Әл-Фиқһул-әкбар»[4] деген кітабына сүйенген. Шын мәнінде, ондағы тақырыптар кәләм ілімінде талқыланған мәселелерді қамтығанымен, оның кезеңінде жүйелі түрде қалыптасқан ақида ілімі бар еді деу қиын. Өйткені, ол кездері (хижра жыл санауы бойынша ІІІ ғасырға дейін) әрі Ислам ілімдері сала-салаға бөлініп, өз алдына дербес қалыптаса қоймаған еді. Имам Әбу Ханифаның өзі де кітаптарында термин ретінде кәләм ілімі жайлы сөз қозғамаған. Сөйтсе де, бертін келе ақида ілімінің негізгі мәселелері ретінде қабылданған әрі өзінің кітаптарында көтерген тақырыптарды «Дінде терең білім» ретінде қабылдап, кітабын «Фиқһ» деп атаған. Тіпті, оған «Фиқһтың абзалы» деген. Өз сөзімен айтқанда, «Фиқһтың абзалы – адамның Алла тағалаға деген иманы, шариғат пен сүннеттерді, жаза түрлерін, үмбеттің бір ауыздан келісуі мен (ихтилаф) пікір айырмашылықтарын да білуі»[5] деген.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Қалай дегенде де, ақида ол кезде әлі ғылыми жүйе ретінде қалыптаспаған еді[6]. Десе де, Әбу Ханифаның ақида іліміне қаншалықты ықпал жасағанын Имам Шафиғи (қ. 204 һ.): «Халық тәпсірде Мұқатил ибн Сүлейменге (қ. 150 һ.), өлеңде Зубайр ибн Әбу Сулмаяға (ө.609 һ.), ал кәлам (ақида) саласында Әбу Ханифаға мұқтаж», – деп көрсеткен[7]. Яғни, Әбу Ханифа қалыптасу жолындағы ақида ілімінің алғашқы өкілдерінен деуге болады.

Осы жерде тағы бір назар аудара кететін жайт, Әбу Ханифа фиқһ іліміне бет бұрғаннан кейін ақида (кәләм) мәселелерімен айналысуды доғарған, кәләммен айналысуға тыйым салған[8] деген көзқарастар тарихи шындыққа аса сәйкес келе бермейтін секілді. Өйткені, кейбір зерттеушілердің[9] айтуы бойынша, ақидаға қатысты пікірлерін қамтыған «әл-Уасия» атты еңбегі өмірінің соңғы жылдарында жазылған. Әбу Хафс Омар әз-Зәнәнжәри Әбу Ханифаның кәләм алқасының болғанын, харижиттер, шииттер, дәхрилер секілді ағымдармен пікірталастыруының фиқһқа бет бұрғаннан кейін де жалғасқандығын жеткізген[10]. Ал Имам Ағзамның тыйым салған кәләм ілімі бастауын Құран мен сүннеттен алмайтын, ақиққатты емес, жалғанды қорғауды, өзінікін дәлелдеп, қарсыласының пікірлерін жоққа шығаруды мақсат еткен кәләм. Әйтпесе, жоғарыда келтіргендей, өзінің «Фиқһтың абзалы» деп атап, имансыздыққа қарсы Ислам ақиқаттарын дәлелдеу үшін қолданған кәләмға тыйым салмаған[11]. Шағбимен болған оқиғадан соң оның түбегейлі ілімге бет бұрғанын көреміз. Ол 22 жасына дейін-ақ, сол кездегі мұсылман қоғамындағы жастар секілді ең қажетті ілімдерді оқып үйренген-ді. Әрі ұстазы Хаммадтың сабағына қатыса бастағаннан кейін кәләммен шұғылданбаған деу тарихи шындыққа жанаса қоймайды. Өйткені, ол өзінің ақида саласындағы еңбектері арқасында ақида ілімінің негізін қалап кеткен көрнекті ғалымдардың бірі.

Ол харижиттер мен қадарияларға қарсы әхлус-суннаның (сунниттік бағыттың) көзқарастарын қорғау мақсатымен жиырмадан көп мәрте Басраға барып, білімділігі мен білгірлігін дәлелдеген[12]. Басра ол кезде әр түрлі ағымдардың қайнаған ордасы еді. Өмірінің алғашқы жылдарындағы секілді соңғы кезеңдерінде де қажет болған жағдайда ақида мәселелерін талқылаған. Әрине, оның фиқһпен терең айналысуы ақида мәселелерімен шұғылдануына кедергі жасаған емес. Ол кездегі ғалымдарға қарасақ, қазіргі кезеңдегідей тек бір мамандықты емес, түрлі мамандықтарды да қатар игергенін байқаймыз[13].

Ақида мәселелерімен айналысып, Исламның иман негіздерін қорғау мақсатында әр түрлі ағым өкілдермен пікірталасқа түскендігі оның пісіп-жетіліп, ғылыми танымының қалыптасуына ерекше ықпал жасады.

Жалпы, Әбу Ханифаның кезеңінде ғалымдар екі салада еңбек еткен еді. Біріншісі, тек Ислам фиқһымен шұғылданғандар. Бұлар басқа саладағы ілімдермен көп айналыспайтын, ары кеткенде қияс[14] пен тахрижул ахадисті[15] ғана оқитын. Ал екінші топтағы ғалымдар ақида мен кәләм саласын түбегейлі меңгеруге тырысатын.

Ол кездері осы фиқһ пен ақида саласын бірдей меңгерген ғалым жоқ еді. Ең алғаш осы екі саланы бірдей меңгеріп шыққан Әбу Ханифа болды. Жастайы-нан ілімге құштар, парасатты, әрі зеректігімен ерекшеленген ол осы екі салада да ең жоғарғы деңгейге жетті. Сонау ерте кезеңнің өзінде бір жағынан, ханафи фиқһының мектебін, ал екінші жағынан, әхлус-сунна уәл-жамағаттың ақида мектебінің де негізін қалап кетті[16]. Ол фиқһ ғалымдары арасында жүйелі ойлау ұстанымдары мен әдіснамасын басшылыққа алып, сол әдістерді иман негіздері мен діни үкімдер шығаруда шебер қолданған ақида саласының алғашқы ғұлама-ғалымы. Міне, осы ерекшелігіне орай, Әбу Ханифа мен шәкірттерін рай мен қияс жақтастары деп атап кеткен[17]. Әбу Ханифаның фиқһ пен ақида іліміндегі беделінің биік болғаны сол, сунниттердің тысындағы мұғтазилиттер мен мүржия секілді ағымдар оны өздерінің бағытынан етіп көрсетуге тырысқан.

Оның ғылыми танымының қалыптасуында тек қана білім алу жолы емес, сабақ беруінің де өзіндік рөлі болған. Өйткені, сабақтарын өзінің әр түрлі ғылым саласында білімдерін жетілдірген зерек шәкірттерімен пікірталас түрінде өткізгені мәлім. Ал оның сабақ беріп ілім үйренуі өмірінің соңына дейін жалғасқан.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей» деген хадис бар ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00