Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбу Ханифа еңбектерінде Харижиттерді терістейтін нақты тұжырым бар ма?

01.04.2015
- Сұрақ-жауап
0
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Харижилер 657 жылғы «Сыффын» соғысында халиф Әлидің (р.а) Шам билеушісі Мағауиямен (р.а) бірге сот төрелігіне жүгініп, ымыраға келгеніне қарсылық танытып, бүлік шығаруымен тарих сахнасына шықты. Кейін халиф Әли мен олардың арасында Наһраван соғысы болып, Харижиттер жеңіліске ұшырады. Алайда, Харижи жансыздары хз.Әлиге қастандық жасап, оны жер жастандырды. Олар Омаядтар билігіне бағынудан бас тартып, үкіметке қарсы ұдайы көтеріліс ұйымдастырып отырды. Алғашында, саяси ұстанымымен ерекшеленген Харижиттер кейін кәламдық мәселелерге қатысты шетін көзқарастар білдіре бастады.

Ал, Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмір сүрген (699-767) кезеңі Харижи мәзһабының дәуірлеген шағы болды Әбу Ханифа жайлы «манақыб» жанрында жазылған шығармаларда оның Харижи өкілдерімен бірнеше рет бетпе-бет келіп, сөз таластырғаны баяндалады. Мысалы, Баззазидің «Манақыб Әбу Ханифа» атты  шығармасында Харижилердің Куфадағы Имам Ағзамды сыртынан өлім жазасына кескендігі айтылады. Алайда, Харижи жендеттері жүзбе-жүз жолыққанда, Имам Ағзамның дәлелді уәждеріне қарсы ештеңе айта алмай, сөзден жеңіліп отырған (http://e-islam.kz/mukhan-isakhan/item/4867-pikirtalasta-sheshendik-tasilmen-karsylasty-e-seru-m-mkin-be).

Харижиттердің сенімдік көзқарастарына келер болсақ, олардың тұжырымынша амал мен иман тепе-тең немесе біртұтас саналды. Яғни, тілмен иман келтіріп (ихрар би-л лисан), жүрекке бекітіп (тасдиқ би-л қалб) және тиісті амалдарды атқарса (амал би-л-фараид) адам иман келтіргендердің қатарына жатады. Ал, Имам Шафий, Имам Малик, Имам Ахмад Ханбалдың көзқарасынша амал иманды толықтырушы белгілердің бірі саналады. Бірақ, Имам Ағзам иман мен амалға қатысты өзгеше ұстанымда болды.

Анығында, Имам Ағзам шығармаларында Харижи мәзһабының сенімдік негіздерін терістейтін ой-тұжырымдар айқын көрініс тапқан. Айталық, «Әл-Уасия» атты рисаласындағы: «Мүмін шынында мүмін, кәпір де шындығында кәпір болады. Күпірде күдік болмағаны сияқты, иманда да күдік болмайды. Себебі, Алла тағала былай дейді: «Шындығында олар мүмін» («Әнфал», 4), «Шындығында олар кәпір» («Ниса», 151). Мұхаммет (с.ғ.с.) үмбетінің ішіндегі күнәһарлары кәпір емес, мүмін болып табылады» деген тұжырымы тікелей Харижи сеніміне қарсы айтылған. Өйткені, Харижиттер күнә жасаушыны амалына байланысты кәпірге шығаратын. Бірақ, Имам Ағзам «күнә ісіне байланысты мүмінді имансыз (кәпір) дей алмаймыз», – дейді. Мәселен, Имам Ағзам  хайыз әйелге намаздың, дәлелді себебі бар мұсылманға оразаның, кедейдің мойнынан зекет берудің түсетінін алға тарта отырып, «бұл жағдайларда мүміннің мойнынан иман түсті деп айта алмаймыз» (әл-Уасия), – дейді. Яғни, Имам Ағзамның өсиет кітабында кімде-кім тілмен кәлима айтып, жүрекпен растаса, ол мүмін саналады. Осы ой-тұжырымын «Фиқһул-акбар» атты трактатында да «мұсылманның күнә жасағаны үшін кәпір болмайтынын» айта келіп, «тіпті ол үлкен күнә жасаған болса да кәпірге шығарылмайды, бірақ, пасық мүмін болып есептеледі» (Фиқһул-акбар), – деп қайталап айтып өтеді.  Сонымен қатар, Харижиттер нақли (Құран және сүннет) дәлелге ғана арқа сүйеп, догматикалық ұстанымда болса, Имам Ағзам нақлиятты прецедент ретінде қарастыра отырып, ақыл мен логиканы да дәлел айтудың қайнар-көзіне жатқызады.

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  

Зайырлы қоғамдағы конфессияаралық татулықты қалай түсінеміз?

03.12.2025

 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қожанасыр қазаққа қайдан келді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00