Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рухани мәдениет пен материалдық мәдениеттің қайсысы өміршең?

04.03.2015
- Сұрақ-жауап
0
499
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тарих дәлелдеген бір шындық бар: рухани мәдениеттің ғұмыры материалдық мәдениеттен әлдеқайда ұзақ. Орны ғана қалған Отырартөбенің даңқты перзенті Әбу Насыр әл-Фараби әлем халықтары үшін «екінші ұстаз» атанып, ислам Ренессансының көшбасында тұрды. Оның еңбектерін адамзат өркениеті тірек етіп отыр. «Ақтөбе» атты үлкен төбеге айналып, үнсіз жатқан Баласағұннан шыққан кешегі даңқты қаламгер Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты еңбегін бүгінде әлем таниды. «Туған жерім – мүбәрәк Түркістан» деп жырлаған Түркістан перзенті Қожа Ахмет Йасауиді барша түркі халықтары рухани пір тұтса, әлем халқы оның әдебиет әлеміндегі баға жетпес орнын бірауыздан мойындайды.

Материалдық мәдениеттің күйреуге бейім екенін дана бабаларымыз ежелден-ақ жақсы білген. Сондықтан қашанда рухани әлемін кемелдендіруге күш салған. Пәни тіршіліктен жиған-терген барша даналығын, тағылым-тәжірибесін, тарихын, әдебиетін халқымыз аңыз-әңгімелерге, жыр-дастандарға, мақал-мәтелдерге, шежірелерге, ән-күйге, жер мен судың, тау мен тастың атына айналдырып, ұрпаққа жеткізуге тырысқан. Бейнелі түрде айтсақ, аңыздардың шындыққа қарағанда ғұмыры ұзақ болатынын бабаларымыз қалтқысыз пайымдаған. Сондықтан қазақ даласы абыздар мен аңыздар еліне айналған.

Екінші жағынан тарихын тасқа қашағанда да бабаларымыз сол тарихтың мүмкіндігінше ұзақ сақталуын қамдаған. Орхон-Енисей жазбалары еңсесі биік кез келген тасқа емес, ғасырлар бойы желдің өтінде, күннің бетінде тұрып, жауын мен желден әбден қажалып біткен, ары қарай мүжілместей болып, берік өзегі қалған тастарға ойып жазылған екен. Және ол тастардың елсіз-күнсіз айдалада емес, тоғыз жолдың торабында, сайын даланың төсінде қасқайып тұрып, өткен-кеткен жолаушы оқымай өтпейтін ашық аспан астындағы тарих оқулығына айналуын да бабаларымыз ойламай қалмаған. Тарихты қағазға емес, тасқа қашап, сөзге немесе сазға айналдырып қалдырудың да осындай ғибраты болған. Сөзге көшіріліп, аңыз бен әуенге айналған тарих ұлттың ой-санасына ғана емес, генетикалық жадына да терең сіңіп, бейсаналы түрде сақталатын болған. Қазақтың «қанына сіңген», «сүтпен сіңген», «бесігінде дарыған» деп келетін тағылымды тіркестерінің де мәні осында.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам діні қазақ жеріне қалай тарады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121041 бөлісті
    Бөлісу 48416 Твитерге 30260
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00