Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайы

10.12.2014
- Қоғам
0
653
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайы – 1971 жылы Жидебайдағы Абай қыстауы үкімет қаулысымен қалпына келтіріліп, мұражай ретінде ашылды. Үй – дәлізден, асүйден, қонақжайдан, Абайдың жұмыс бөлмесінен, Ділдәнің, Әйгерім мен Еркежанның отауынан, соғым сүрлейтін шошаладан, лапастан, екі себеттен тұрады. Әр бөлмеге Абайдың өзі Семей өлкетану мұражайына өткізген экспонаттармен қоса, сол үйге тікелей қатысты заттар орналасқан. Ақынның көзі тірісіндегі жиһаз-мүліктер, Ділдә мен Еркежанның жасаулары, саят құралдары, жиған кітаптары, тоғықұмалақ тақтасы, ақынның қойын сағаты мен тісқабы, жазу үстелі мен орындықтары, ат әбзелдері, сондай-ақ өзге де тұрмыстық-этнографиялық мемориалдық мұралар қойылған.
1990 жылы сәуір айынан бастап қорық-мұражай болып қайта құрылды. Жидебайдың айналасындағы Абайға тиесілі 6 400 га жер қорық ретінде мемлекеттік қорғауға алынды. Қорықтың аймағында Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан кесенесі, Абай мен Шәкәрімнің ғимарат-кешені, Кеңгірбай бидің мазары, Оспан көлі, Мұқсақұл төбесі, Турағұл қыстауы, Тәкежанның қоныстары орын тепкен.
Мұхтар Әуезовтің ұсынысы бойынша, мұражай 1957 жылдан бастап қоршалып, түрлі мұрағаттық жабдықтармен толықтырыла бастады. Жазушы бала кезінде атасы Әуезге еріп, Жидебайға келген, Абайды көріп, батасын алған. «Абай жолы» эпопеясында Жидебай қыстауы кеңінен суреттелген. «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында ұлы жазушының өзі сызып, қағазға түсірген Жидебайдағы Абай үйінің жобасы сақтаулы.[1]

Мұхтар Әуезов энциклопедиясы – Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды.

Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. 

Алғашқы жылдары мұражай Абай ақын Семейге келгенде ат басын тіреп, түсіп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлеріне орналасқан болатын. 1967 жылдан бастап, мұражай көпес Ершовтың (Ленин көшесі, 12) үйіне орын тепті.

1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды. 

Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық музейі, қорық аймағына кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбеновтың мұражайы және Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың музейі кіреді. 

Қалалық кешенге Ахмет Риза медресесі мен мешіті, «Алаш арыстары және М.Әуезов» музейі кіреді. Мұнда ақын пайдаланған кітаптардың түпнұсқалары қойылған. Мұражайда ұлы ақын өміріне қатысты бірнеше бөлімдер бар. Осының бәрі қосыла келгенде Абай дәуіріне, оның шығармашылығына терең бойлауға жол ашады. 

Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы».

1855-1859 жылдары Ахмет Риза медресе экспозициясы, медресе тарихы, Абай және Шығыс бөлімдерінен тұрады. Медреседе жас шәкірт Абай (Ибраһим) пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері.

Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар. 

1997 жылы Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйінде «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы ашылды. Ол М.Әуезовтің Семейдегі өмірі мен қызметіне, сондай-ақ алашорда қайраткерлеріне арналған.

Абай ауданының аймағында орналасқан Бөрілі-Мұхтардың балалық, жастық шағы өткен жер. Сондықтан мұнда жазушының өмірі мен шығармашылығын қамтиды. 

Жидебай – Абайдың әкесі Құнанбай әулетінің ата қонысы. Мұнда ақынның әдеби мұралары: қарасөздері, өлеңдері, аудармалары жазылды. 

Ақын мұражайын кезінде өркендетуге үлес қосқан жазушы, ғалым, қайраткерлер Қ.Туғанбаев, Қ.Мұхамедханұлы болды. Мұражайда жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы. 

Сонымен қатар, қаланың музыка, өнер саласындағы өнерпаздарының жиі бас қосатын жері.
Белгілі жазушы-сыншы, әдебиет және өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов 1976 жылдан осы Абай қорық мұражайын басқарады.

 

 

 

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025
Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Таңбалар: Абай Құнанбайұлықазақ жеріндегі ескерткіштер
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды
Жаңалықтар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды

25.11.2025
«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Жаңалықтар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

03.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тақуалыққа қалай қол жеткізуге болады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00