Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Домалақ ана кесенесі

27.10.2014
- Қоғам
0
658
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Домалақ ана кесенесі – сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нұрилә Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған.

Нұрилә – араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрилә (Домалақ ана) – Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Домалақ ана өзінің ақылдылығымен ел ішінің бірлігінің ұйытқысы бола білген. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған.

Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады. Оның баласы Жарықшақ Ташкент әмірінің көмекшісі, кейін Жетісу аймағының билеушісі болған. Есенбұға ханның бас уәзірі қызметін атқарған. Бірде Домалақ ананың түсіне ері Бәйдібек ата кіріп, туған мекені Қаратауға көш деп аян береді. Осы жол сілтеумен өмірінің соңғы уақыттарын Қаратауда өткізген аяулы ана намаз уақытында қайтыс болады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып қайта өңделген.

ХХ ғасырдың басында қойылған ескерткіш дөңгелек пішінді, сыртынан алты нишалы, ал күмбез негізгі ғимараттың үстінде болған. 1957 жылы қайта жаңартылғанымен кесене көп сақталмаған. 1996 жылы Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан өрілген. Жерден биіктігі 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігіне күмбез орнатылған. Домалақ ана кесенесіне 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары толық аяқталған. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі – Саин Назарбеков.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Ғимаратта түрлі көне қолжазбалар сақталған. Бүгінде және бұған дейін аталған кесене көпшіліктің тәу етер қасиетті орынға айналған. Бұл жерде негізге бұрыннан белгілі формалар мен мотивтерді қиыстыру арқылы жаңа ғимарат салу идеясы емес, ассоциативтік қатарлар түзу жолымен байырғы қазақтың халықтық мұрасын басқа, күрделірек деңгейде тереңінен меңгеру әдісі қолданылған. Табыну ғимараттарының белгілі бөліктері – портал, күмбез, мұнаралар – өзге иілімділік тілінің көмегімен, сезімдік-көркемдік дәрежеде ортаазиялық классикалық емес, қазақтың далалық көне өнерімен үндес жасалған.

Дерек көзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 3 том.

 

 

 

 

Таңбалар: қазақ жеріндегі ескерткіштер
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайы

10.12.2014
Қоғам

Айша-бибі кесенесі

20.07.2014
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Маған дүниеде үш нәрсе жақсы көргізілді: Жақсы иіс және әйел. Намаз көзімнің нұры қылынды» деген хадисті қалай түсінген жөн?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00