Белгілі ресейлік кәсіпкер, Дағыстанда және бүкіл Ресей аумағында қайырымдылық істерімен аты шыққан Сүлеймен Керімов 1000 дағыстандықтың қажылыққа тегін баруына жағдай жасамақ. Бұл туралы РФ Мемдумасының депутаты Хизри Абакаров Telegram арнасында жазды.
“Бүгін Сүлейменнің өтініші бойынша Дағыстанның мүфтиі шейх Ахмад Афандимен кездесіп, одан осы 1000 жолдаманы қажылыққа баруға қаржысы жетпей жүрген дағыстандықтарға бөліп беруді сұрадым. Жолдамалар әділетті жолмен бөлініп берілетініне сенемін. Бұл бағытта мүфтияттың тәжірибесі зор. Ахмад қажыға жәрдем етіп жатқаны үшін алғыс білдіремін. Сүлеймен мен оның отбасы үшін Жаратқанға дұға жасап, игі істері үшін сауаптан жазуын тілейік. Әмин!” – делінген жазбада.
Фото: Yasir Gürbüz