“Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу” мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және “Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 Қаулысы
“Егемен Қазақстан” газетi 2012 жылғы 7 наурыздағы № 83-84 (27156), 2012 жыл 8 наурыз N 85-86 (27158); “Казахстанская правда” от 07.03.2012 г., № 65 (26884)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
реттiк нөмiрi 32-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу».
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
«Миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ аз дiни топтарды есептiк тiркеу және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 13, 166-құжат);
«Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 211 қаулысымен
бекiтiлген
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды
тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң аумақтық департаменттерi (бұдан әрi – Департаменттер) көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 8-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат Үкiметтiң www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң www.din.gov.kz интернет-ресурсында, Департаменттердiң ақпараттық стендiлерiнде орналастырылған.
5. Миссионердi тiркеу және қайта тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi – куәлiк) беру не куәлiк беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
Куәлiк осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде қағаз жеткiзгiште ресiмделедi.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi:
тұтынушы осы стандарттың 15-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк отыз күн;
тұтынушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшiн дiни сараптама жүргiзу кезiнде тiркеу немесе қайта тiркеу мерзiмi тоқтатыла тұрады. Сараптама Департаменттерге сараптама объектiсi келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың)қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуi қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн.
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 40 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) куәлiктi алу кезiндегi күту уақыты – 1 сағаттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет күн сайын осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Департаменттердiң жұмыс кестесiне сәйкес көрсетiледi.
Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет Департамент ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимi: ғимаратқа кiру есiгi бөлек рұқсаттама бюросы беретiн бiржолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Бiржолғы рұқсаттама Департаменттiң тiкелей қызмет көрсетушi лауазымды адамының телефон арқылы берген өтiнiмi бойынша ресiмделедi.
Құқық тәртiбiн сақтау үшiн ғимаратта тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауiпсiздiк шаралары көзделген. Кiреберiстiң алды мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Тұтынушы (не сенiмхат бойынша өкiл) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн департаменттерге мынадай құжаттарды:
1) паспорттың немесе жеке куәлiктiң көшiрмесiн;
2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiштi;
3) дiни бiрлестiк берген дiни бiрлестiктiң атынан миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын беретiн құжатты;
4) миссионер өкiлi болып табылатын дiни бiрлестiктiң Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң және оның жарғысының көшiрмелерiн;
5) миссионерлiк қызметке арналған дiни әдебиеттi, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар миссионер ретiнде тiркелу үшiн Департаменттерге қосымша мынадай құжаттарды:
миссионер өкiлдiк етiп отырған дiни бiрлестiктiң шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша ресми тiркелгенiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктiң шақыру құжатын ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тiлдерiне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiнде табыс етiледi.
Тұтынушы көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi.
12. Өтiнiш үлгiсi Үкiметтiң www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң www.din.gov.kz интернет ресурсында және осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген Департаменттердiң ақпараттық стендiлерiне орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген департаменттерге тапсырылады.
14. Департаменттiң тiркеу мөртабаны (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған тұтынушы өтiнiшiнiң көшiрмесi құжаттар мен заттардың өткiзiлгендiгiн растау болып табылады.
15. Тұтынушыға (не сенiмхат бойынша өкiлге) куәлiк осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларға жеке өзi келгенде берiледi.
Куәлiктiң берiлуi берiлген куәлiктер журналында тiркеледi.
16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартудың негiзi:
1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынбау;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәлiметтер ұсыну;
3) дiнтану сараптамасының терiс қорытындысы болып табылады сондай-ақ егер миссионерлiк қызмет конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртiпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндiретiн болса.
Тiркеуден бас тартылған не тiркеу мерзiмi үзiлген жағдайда Департамент мамандары өтiнiш берушiге 16-тармақтың 1) тармақшасында көзделген негiздер бойынша тиiстi заңның баптарына сiлтеме жасай отырып, 3 жұмыс күнi iшiнде дәлелдi жауапты табыс етедi.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Департамент мемлекеттiк қызметтердi ұсыну кезiнде мынадай: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпараттың берiлуi, әдептiлiк, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Департаменттердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Агенттiк басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн Департаменттердiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi түсiндiредi.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының тиiстi Департаментке шағымдануға құқығы бар.
22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не Департаменттердiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi арқылы қолма-қол берiледi.
23. Шағымды тиiстi Департаменттiң құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi. Шағым берушi адамға өтiнiштiң тiркелген уақыты мен күнi, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген қолхат берiледi.
Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген телефондар арқылы алуға болады.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғаларды тiркеудi және
қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының
Дiн iстерi департаменттерiнiң мекенжайлары мен жұмыс кестелерi
р/с № |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон нөмiрлерi |
Электрондықпошта мекенжайы |
Жұмыс кестесi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Ақмола облыстық Дiн iстерi департаментi |
Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 1 «б» |
8-7162-401603 |
akmola@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ: 09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: Сенбi – жексенбi |
2. |
Ақтөбе облысының Дiн iстерi департаментi |
Ақтөбе қ., Әбiлқайыр хан даңғ., 40 |
8-7132-52343, 8-7132-46006 |
aktobe@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
3. |
Алматы облысының Дiн iстерi департаментi |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38 |
8-7282-270638 |
zhetysu@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ: 09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
4. |
Атырау облысының Дiн iстерi департаментi |
Атырау қ., Әйтеке би көш., 77 |
8-7122-357464 |
atyrau@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
5. |
Батыс Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
Орал қ., Молдағалиев көш., 19 |
8-7112-506395 |
batys@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
6. |
Жамбыл облысының Дiн iстерi департаментi |
Тараз қ., Достық даңғылы, 1 |
8-7262-438006 |
zhambyl@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
7. |
Қарағанды облысының Дiн iстерi департаментi |
Қарағанды қ., Бейбiтшiлiк көш., 39 |
8-7212-20752, 8-7212-413410 |
karaganda@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
8. |
Қостанай облысының Дiн iстерi департаментi |
Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 66 |
8-7142-500633 |
kostanay@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiнДемалыс: сенбi – жексенбi |
9. |
Қызылорда облысының Дiн iстерi департаментi |
Қызылорда қ., Жақаев көш., 76 |
8-7242-263874 |
kyzylorda@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
10. |
Маңғыстау облысының Дiн iстерi департаментi |
Ақтау қ., 14 шағын ауданы, 1 үй |
8-7292-430332 |
mangystau@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
11. |
Оңтүстiк Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
Шымкент қ., Бейбiтшiлiк көш., 3 |
8-7252-231640 |
ontustik@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
12. |
Павлодар облысының Дiн iстерi департаментi |
Павлодар қ., Жеңiс алаңы, 15 |
8-7182-327325 |
pavlodar@ din.gov.kz |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
13. |
Солтүстiк Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
Петропавл қ., Конституция көш., 58 |
8-7152-463025 |
sko@din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
14. |
Шығыс Қазақстан облысының Дiн iстерi департаментi |
Өскемен қ., М. Горький көш., 40 |
8-7232-55024 |
shygys@din.gov.kz |
Жұмыс күндерi: дүйсенбi – жұма Жұмыс уақыты: сағ:09.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
15. |
Астана қаласының Дiн iстерi департаментi |
Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11 |
8-7172-327421 |
astana@din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ:09.00-ден18.00-ге дейiн,үзiлiс: 13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
16 |
Алматы қаласының Дiн iстерi департаментi |
Алматы қ., Республика алаңы, 4 |
8-727-668603, 8-727-2672366 |
almaty@din.gov.kz |
Жұмыс күндерi:дүйсенбi – жұмаЖұмыс уақыты: сағ: 09.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс:13.00-ден 14.00-ге дейiн Демалыс: сенбi – жексенбi |
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғаларды тiркеудi және
қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДIН IСТЕРI АГЕНТТIГI
Миссионердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы
КУӘЛIК
№ ________________________
тiркеу нөмiрi
Астана қ. 20___ж.«___» _____________
осы куәлiк «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
_____________________________________________________ берiлген
миссионердiң Т.А.Ә.
және миссионер ретiнде 20___ж. «___» __________ тiркелгенiн растайды.
(алғашқы тiркелген күнi 20___ж. «___» __________)
Паспорт: ____________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (дiни сенiмi, дiни бiрлестiкке тиесiлiлiгi)
Өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ шегi:______________________________
_____________________________________________________________________
Осы куәлiк 20___ ж.«___» ________ дейiн жарамды.
Орган басшысы Қолы
Мөр
Бланк сериясы Бланк №
_____________________
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғаларды тiркеудi және
қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
3-қосымша
___________________________________________________________
(өтiнiштi тiркеушi органның атауы және мекенжайы)
Миссионердi тiркеуге (қайта тiркеуге)
өтiнiш
Өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты: ___________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
(күнi, нөмiрi, құжатты берген орган)__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Азаматтығы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(дiни сенiмi, дiни бiрлестiкке тиесiлiлiгi)
Миссионерлiк қызмет мерзiмi: ________________________________________
Визаның қолданылу мерзiмi ___________________________________________
Қызметтi жүзеге асыру аумағы: _______________________________________
Мен, ___________________________________________________ миссионерлер қызметiн реттеуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________(қолы).
Қосымша:
Өтiнiш берушiнiң қолы ____________
Өтiнiш берiлген күн ____________
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге
асыратын тұлғаларды тiркеудi және
қайта тiркеудi жүргiзу»
мемлекеттiк қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3. Қолжетiмдiлiк |
|||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3.3. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерiсi |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|