Cіз білесіз бе?

Лондондағы ең көп таралған есім…

 

«2008 жылы Мұхаммед есімі Лондонда туған нәрестелерге ең көп қойылған ат болған. Жалпы тек Англияда ғана емес, бүгінде Еуропаның басқа да елдерінде Мұхаммед есімі өте көп таралған. Мәселен, деректерге сүйен-сек, Бельгияда дүниеге келетін сәбилердің жартысы мұсылмандар, соның көбі Мұхаммед есімін алатын көрінеді.

Қазақ халқы да Мұхаммед есіміне кенде емес. Атақтылар арасынан Махамбет, Дінмұхаммед Қонаев, Мұхаммед-Қанапия (Шоқан), Мұхаметжан Тынышпаев, Мұхаммедқали (Мұқағали) Мақатаев, Нұрмұхаммед (Балуан Шолақ), т.б. айта берсе болады. Асыл дініміздің қайта өркендеуімен қазір де қазақ сәбилеріне Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Мұхаммедәли және Мұхаммед есімдері жиі қойыла бастады…».

http://www.islam-orkeniet.kz/?p=4004

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close